Республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы «Тəуелсіздік – тұғырым»



Pdf көрінісі
бет51/77
Дата23.05.2024
өлшемі2.87 Mb.
#501729
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   77
Эссе жинағы Тәуелсіздік- тұғырым

Тəуелсіздік – тұғырым 
Оқушы: Абдықадырова Жансая 
Жетекші: Нұршаева Индира Какимбаевна 
Тұлға, елімнің азаматы ретінде Тəуелсіздік – мен үшін басты құндылық. Ол еркіндік, 
əрекет бостандығы, сөз бостандығы, қозғалыс еркіндігі. Қазақстанның кең байтақ жері: 
Бұлттарды тесіп өткен асқақ таулар, гүлденген даланың кілемдері, сұлулығымен көз 
тартатын табиғатымыз, жаны ашық, кеңпейіл, ақжарқын, қонақжай халық. Міне біздің 
басты құндылығымыз. 


«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 50 - 
Қазіргі таңда Тəуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, 
ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тəуелсіздігі – ең алдымен 
халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті 
нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап 
беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отан 
сүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, əрі қарай жастардың патриоттық сезіміне 
енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын.
Тəуелсіздік алып, мемлекет құру – ұзақ тарихи процесс. Бүгінгі күнді түсіну жəне 
болашақтың көру үшін біз өткенге, ата-бабалары болған халықтың тарихына үңілуіміз 
керек. Күллі əлемді жаншылған күшпен дүр сілкіндірген өркениет ғасырының қуатты 
билеушілері. Бұлар Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жəнібек, қаһарлы 
Əбілхайырдан қорықпай, олар барлық қиындықтар мен сынақтарды жеңіп, болашақ 
мемлекеттің негізін қалады. Қазақстан тарихы – Жоңғарлардың, Бұқардың, Хорезмнің 
мыңдаған əскерлеріне тойтарыс бере білген халықтың тарихы. Патшалық пен өктемдіктің 
қатыгез саясатына, Кеңес үкіметінің қырғынға ұшырауына қарамастан, қашанда азаттық 
сүйгіш, тəуелсіздігін сақтап қалған халық. Бұл – Сырым Датұлы, Исатай Тайманов
Кенесары Қасымов ел үшін екі жүз жылға созылған күрестің нəтижесінде «қазақ» деген бой 
көтерген мемлекетте мақтана өмір сүруді армандады. 
Қазақстан тарихы туралы сөз қозғағанда өлмес ұлттық рух пен бірлікті əлемге еске 
салған 1986 жылы 16 желтоқсан күні елім, жерім деп жаудан ұлтарақтай жері үшін, небір 
қазақтың батырлары өз өмірлерін қиып, қанды шайқастарда қаза тапты. Сол күні Алматы 
қаласының елім деп еңіреген студенттер Кольбинге қарсылық танытты. Олар президенттің 
орыс болғаның қаламады. Бұрынғы астанамыз, қазіргі бас қаламыз Алматы қаласында 
мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеруге шықты. Олар: Тəуелсіздік керек! 
Қазақ елінің өз көсемі сайлансын! деген тілек білдірді. Сол кездегі үкімет басшыларының 
бұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның 
ызғарлы күнінде зəбір көрсетілді. Өз елінің тəуелсіздігінің талап етіп шеруге шыққан 
жастарға бұзақылар, ұлтшылдар, нашақорлар деген кінəлар тағылды. Енді міне, осы 
желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата — 
бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тəуелсіздікке қол жеткіздік. 
Осындай қан-термен келген тəуелсіздікті бағалау біздің борышымыз.
Еліміздің тəуелсіздікке қол жеткізуі кездейсоқ емес, бүкіл қазақ халқының ұзақ та 
табанды күресінің нəтижесі деп білемін. Ата-бабаларымыз талай азап пен қиындықты 
бастан өткерді, бірақ олардың қайратты, асқақ рухы құлаған жоқ. Олар тəуелсіздікке жету 
жолында бір қадам да артқа шегінген емес. Ал сіз оларға не түрткі болғанын білесіз бе?
Бұл – жарқын болашаққа деген үміт, еркіндікке деген шексіз сүйіспеншілік, ең бастысы, 
болашақ ұрпаққа деген қамқорлық. Олар өз өмірінің құнына төбемізден нұрлы аспан
бейбітшілік пен тыныштық сыйлады, тілді, мəдени дəстүрді сақтап қалды. Бабалар үмітін 
ақтап, тəуелсіздіктің көк байрағын желбіретейік! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет