Республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы «Тəуелсіздік – тұғырым»



Pdf көрінісі
бет9/77
Дата23.05.2024
өлшемі2.87 Mb.
#501729
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   77
Эссе жинағы Тәуелсіздік- тұғырым

Тəуелсіздік – тұғырым 
 
Қатысушының аты-жөні: Вагнер Эрика 
Жетекшісінің аты-жөні: Коздаева Айгерим Кайратовна 
Егеменді ел көрікті, бетегелі бел көрікті. Иə,қазақтың əрбір мақалында терең ой 
жатыр. Неге десеңіз, егеменді, тəуелсіз ел болғанымызға 32 жыл толып отыр. Əрине, бұл –
біз үшін үлкен қуаныш. Себебі тəуелсіздік жолында біздің қазақ халқы не көрмеді десеңші?! 
1991 жылы – еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл əлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол 
сəттен бері міне 32 жыл да өте шыкты. Қазіргі Қазақстан əлем сахнасында мақтанарлықтай 
беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, 
саяси жəне əлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет 
бола тұра, көптеген елдерден əлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық 
қауіпсіздікті қамтамасыз ету жəне экономикамыздың жедел қарқынмен даму –
қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта 
ғана емес, бүкілəлемдік проблемаларды талқылауда жəне шешуде ықпалды рөл атқаратын 
ел. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тəуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз 
бостандықты аңсап, Тəуелсіздікке зарығып жетті. Тəуелсіздік деген ұлы жеңіске қол 
жеткізуде əлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент 
жастардың көшеге шығып үндеуі жəне егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін 
көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын. 


«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 11 - 
Қазіргі таңда Тəуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, 
ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тəуелсіздігі – ең алдымен 
халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті 
нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап 
беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені
отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, əрі қарай жастардың патриоттық 
сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын. Тəуелсіздігімізді жариялағаннан 
бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен 
қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы. 
Қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат 
байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін 
ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерде 
ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет