Тəуелсіздік – тұғырым
Исмагулова Анар
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, № 23 ЖББМ 4 «ғ» сынып оқушысы
Жетекшісінің аты-жөні: Карашикова Перуза Амирхановна
Тəуелсіздік сөзінің өзі егемен, ешкімге бағынышты емес деген сөз. Əрбір азамат өз
елінің тəуелсіз болғанын қалайды. Сонда оның туған жері немесе өзі өмір сүріп жатқан елі
əлемнің басқа елдері үшін емес, өз азаматтарымен елінің игілігі үшін бəрін жасайды. Біздің
еліміздің тəуелсіздігін ата-бабамыз аңсаған. Біз тəуелсіз мемлекетте тұрамыз. 1991 жылы
16 желтоқсанда тəуелсіздігін алды. Еліміздің тəуелсіздігіне қол жеткізген тұңғыш
Президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев. Біздің мемлекетіміздің басты қазынасы
оның халқы. 1991 жылы тəуелсіздік алғанымен, тəуелсіздігін бекіту үшін тағы бірнеше жыл
қажет болды, бұл арқылы ел астанасын салу керек, зауыттар салу керек, жұмыс орындарын
ашу керек еді, бірақ елде қаражат жетіспеді, ол қажет болды. Уақыт өте келе тəуелсіз
Қазақстан Республикасы аяққа тұра бастады. Ел ордамыз Астана қаласы қазіргі уақытта
жəй қала емес, ел тəуелсіздігі мен дамуының символы. Сонымен қатар елімізде спортқа
үлкен көңіл бөліне бастады. Еліміздің барлық жетістіктеріне қарап, дұрыс жолды таңдады
деп сеніммен айта аламын. Мен осындай бейбіт жəне қуатты ел Қазақстанда туып, өмір
сүріп жатқаныма қуаныштымын.
Тəуелсіздік – тұғырым
Таңатдұрды Сағадат
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, № 23 ЖББМ 4 «ғ» сынып оқушысы
Жетекшісінің аты-жөні: Карашикова Перуза Амирхановна
Біз инновацияға толы заманауи əлемде сүріп жатырмыз. Əлемнің басқа жерлерінде
адамдар аштық пен соғыстан зардап шегіп жатыр. Біздің елімізді де көптеген жылдар бойы
соғыстар шайқады, бірақ бақытымызға орай , қазір біз егемендік алып, тəуелсіз мемлекетте
тұрып жатырмыз. Бұл біздің Отанымызға үлкен үлес қосқан ата-бабаларымыздың азаттық
үшін күрескеннің арқасы.
Мен үшін Қазақстанның тəуелсіздігі – өмірімнің негізі. Елімнің əрбір азаматы
еркіндік пен өзін-өзі көрсетуге құқығы бар, еркін елде өмір сүріп жатқанды мақтан
тұтамын. Біз өз тілімізде сөйлей аламыз, өз дінімізді ұстана аламыз жəне президентімізді
сайлай аламыз.
Еліміз дамып, нығайып келеді. Қазақстанда заманауи жаңа мектептер, жолдар,
ауруханалар салынып жатыр. Біз де басқа елдермен қарым-қатынасымызды дамытып,
олардан сабақ алудамыз.
Мен үшін тəуелсіз Қазақстан – тек тұрғылықты жер ғана емес, ол еркіндіктің
əділдіктің, əрбір адамға деген құрметтің белгісі.
Мен Қазақстанның болашағы жарқын жəне гүлденетіне сенемін. Біз, балалар, оны өз
қолымызбен тұрғызамыз жəне еліміздің көркейіп, нығаюы үшін қолдан келгеннің бəрін
жасаймыз.
«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 10 -
Достарыңызбен бөлісу: |