Республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы «Тəуелсіздік – тұғырым»



Pdf көрінісі
бет19/77
Дата23.05.2024
өлшемі2.87 Mb.
#501729
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   77
Эссе жинағы Тәуелсіздік- тұғырым

Тəуелсіздік – тұғырым 
Қатысушының аты-жөні: Анварова Ақерке 
Жетекшісінің аты-жөні: Ермұратова Забира Əбдімүталапқызы 
Тəуелсіздік - бабаларымыз аңсаған, еліміздің баға жетпес байлығы. Тəуелсіз ел 
болған қандай жақсы! Өз елімнің қасиетті тілі, діні, мемлекеттік рəмізі бар. Бұл еркіндікті 
қанша ғасыр армандаған ата -бабаларымыздың аңсаған арманы бүгінгі күні орындалуда. 
Еліміз тəуелсіздікті алғанына 32 жыл болды. Осы жылдар арасында Қазақстан шекарасын 
бекітіп, өз алдына дербес, зайырлы ел болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы 
тұрған қазақ халқы жалынды рухымен мықты мемлекет болып қалыптасты. Бірақ бұл 
еркіндікті қазақ халқы оңайлықпен алмады. Қаншама батыр ұл-қыздар, қазақ зиялы 
қауымдары қарсы шығып, көптеген көтерілістер, жазықсыз жаза тағып, ату жазасына дейін 
орын алды. 
Тəуелсіздік үшін күрестің ең ауқымдысы, өзіндік ерекше жол қалдырған - 
«Желтоқсан оқиғасы». Бұл оқиға 1986 жылы 16 желтоқсанда Алматы қаласында болды. 
Қазақтың батыр қыздары мен жігіттері ұрандатып, алаңға шықты. Көтерілістің арқасында 
тəуелсіздік алуға рух сыйлады. 1991жылы 16 желтоқсанда еліміздің Тəуелсіздігі 
жарияланды. Армандаған ұл-қыздарымыздың үміті ақталды. Еліміздің аяғынан нық тұруы, 
ұлы жеңіске қол жеткізуі - татулық пен сүйіспеншіліктің белгісі. 
Тəуелсіз еліміздің алғашқы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің өркендеп 
көркеюіне қосқан үлесі зор. Тəуелсіздік алған жылдан бері түрлі қалалар салынып, Нұр-
сұлтан қаласын салып оны əлемге таныта білді. Қазақстанның əсем мекендері, сұлу 
табиғаты, тау-суына баға жетпес байлығы туристік мекенге айналды. Тəуелсіздігіміздің 
арқасында шет елдерге танылып, жақсы қарым-қатынас орнатып ары қарай да жаңа 
қырымыздан танылып, өзімізден кішілерге елімізді қалай қорғау, оны аялау туралы 
түсінікті қалыптастырсақ деймін. Тəуелсіздік сөзінің құдіретін халқымыз қашан да сөздің 
қадірін кие тұтып, оның қуатына бас иген. Атадан балаға қалған асыл мұраны қастерлеу - 
біздің борышымыз. Туған елімізге еңбек ететін азамат пен азаматша болып қалыптасайық!


«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 20 - 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет