Тəуелсіздік – тұғырым
Оқушы: Бегалы Аллаберген
Жетекші: Абшекенова Асем Рысбаевна
Тəуелсіздік, иə бұл тақырыпқа сегіз жастағы бала не айта алар деп ойлауыңыз
мүмкін, бірақ бұл тақырыпта өзіндік ойым, пікірім, көзқарасым қалыптасты. Мектеп
табалдырығын аттаған күннен елімді, жерімді сүюге,
бар байлығын қорғауға, тілімді
қадірлеуге бар болмысыммен оқып үйренудемін.
Менің қазақ деген ұлтым, тəуелсіз елім, байлық тұнған жерім бар. Мен бақытты
баламын Тəуелсіздіктің өсіп келе жатқан ұланмын.
Тəуелсіздік туралы айтқанда, менің ойыма еркін құс түседі, себебі, туда бейнеленген
қыран құс көз алдымда самғап тұрады. Тəуелсіздік алғаннан
кейін еліміздің көптеген
елдерге танылды.
Əр елдің басшысы болады. Сол секілді біздің еліміздің басшысы елімізді дамыту
жолында еңбектенді. Елімді дамыған елдердің қатарынан көргім келеді. Қазіргі уақытта
менің басты мақсатым алаңсыз оқып білім алу. Білімді болсам ғана елімнің дамуына үлес
қоса аламын. Бір сөзбен айтқанда, тəуелсіз болу –
еркін болу, еркін елде алаңсыз өсіп
«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 76 -
жетілу. Ол үшін өз елімнің тілін, шекарасын, халқын сүю, ұлттық құндылықтарын қадірлеу,
рəміздерін қастерлеу əр адамның борышы.
Тəуелсіздіктің қадірін түсінуіміз керек. Тəуелсіз елде өмір сүргенім, еркіндігім,
ойымды ашық айта алатындығым мені қуантады. Бұл жазған менің кішкене ғана жұмысым
тəуелсіздікке қосқан үлесім деп білемін. Алда талай алар асу бар,
менің кішкентай бала
жүрегім еліме пайдам тисе дейді. Сол үшін ізденемін, көп оқимын. Мені өскенше күтші,
Тəуелсіздік.
Тəуелсіздік – тұғырым
Оқушы: Амангелді Аида
Жетекші: Сыздықова Шарипа Əбілəшімқызы
Ел болашағы жалынды жастар. Демек, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен
келген тəуелсіздіктің ғұмырын баянды ету де болашақ жастардың қолында. Бүгінде біз
бейбітшілік аспан астында алаңсыз өмір сүрудеміз. Алайда, бұл күнге жету үшін қаншама
ата-бабаларымыз бен ақын-жазушыларымыз өмірін қиды. Сондықтан Тəуелсіздіктің
салмағы ауыр.
Қазақстанның болашағы бұлыңғыр болмасын деген əрбір қазақ – ұлтты шексіз сүюі
керек. Оның қатарында мен де бармын. Иə, болашақ үшін мен не істей аламын? Адам
бойында еңбексүйгіштік, талап пен тыныштық жəне тың идея болса мемлекетіміз біртіндеп
өркендеп, құстай самғай бермек.
Елбасы халыққа жолдауында айтылғандай ХХІ ғасыры делінген. Олай болса,
елімізді өркендету үшін білімді жастар керек, жан –
жақты оқып, дамыған елдермен
тереземізді теңестіруіміз қажет. Сондықтан ең алдымен елімнің болашағы жарқын болу
үшін оқуым керек. Одан кейінгі менің армандарымның бірі мықты маман иесі болу.
Дүниеде екі нəрседен қателеспеу керек дейді. Сырттай қарағанда мамандықтан қателесу
ештеңе емес сияқты. Ал
байыппен қарайтын болсақ, қоғамға үлкен зиян дер едім.
Осылайша, қаншама адамдар қателессе Қазақстанның болашағына үлкен зиян əкеледі.
Сондықтан мамандықты сүю арқылы жұмыс жасаған əрбір азамат елі үшін зор пайда
əкелмек Сонымен қатар «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демекші ұлттық салт-
дəстүрлерімізді
жаңғырту, ұмыт болған ырым-тиымдарымызды қолданысқа енгізуге ат
салысу. Ұлт жоқ жерде болашақ жоқ дегендей салт-дəстүр қазақ ұлтының жойылмауына,
көрші елдерге өзімізді таныстыруға кең жол ашалы. Ата-бабам жүрген жол бізді де
адастырмайды.
Болашаққа біреулер зерделі көзбен үңілсе, біреулер беймəлім көзбен сенімсіздік
танытады. Алайда, біз дамушы ел қатарынан болғандықтан
ата-бабаларымыздың бізге
аманат ретінде қалдырған тұғыры тəуелсіздігіміздің абыройын сақтай отырып, одан əрі
асқақтату керекпіз деп ойлаймын.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні тəуелсіздігімізді тұғыры биік, кемел келешек
қалыптастыру үшін еліміз бен жеріміздің ұлттық мүдделерін ұлықтау – біздің парызымыз!