«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 22 -
дейін елі деп соқты, қазақ деп соқты. Тіпті Ресей қызметкерлері тергеген кезде “өз елімді
сатпаймын, елім үшін жаным құрбан” деп елі үшін соңына дейін күресті. Мен бұны нағыз
ерлік деп есептеймін. Өткені ел, жер біздің ең басты құндылығымыз.
Оны сақтап қалу,
қорғау біздің қолымызда! Мен осы тұлғалардың сөздерінен жəне істерінен ешқашан
мойымауды, сенімді болуды, батыл болуды жəне де нағыз патриот болуды үйрендім.
Тəуелсіздік- біздің бар байлығымыз жəне асыл қазынамыз. Тəуелсіздігімізді көздің
қарашығындай сақтап, мемлекетімізді нығайта беру үшін бізге ең əуелі бірлік қажет.
Тəуелсіз мемлекет болғаннан кейін оның өз заңдары мен талаптары болуы тиіс. Осы
негізінде
ата заңымыз қабылданды, қоғамдық келеңсіздіктерді реттейтін, адам құқығын
қорғайтын заң жобалары қабылдана бастады. Елімізде көптеген өзгерту болды. Астанамыз
Астана қаласы болып бекітілді. Еліміз дамып келе жатыр десек те болады. Менің ойымша
бұл біздің елбасымыздың арқасы деп ойлаймын. Қазірде елімізге тыныштық заман орнап,
қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман келді деп мақтанышпен айта аламыз. Өйткені
біз Ресей бодандығынан құтылдық, өз бетімізше дербес мемлекет болдық. Өз астанамызды,
шекарамызды, ата заңымызды, валютамыз - теңгені бекіттік. 32
жыл ішінде көптеген
жетістіктерге жеттік. Жəне де ең маңыздысы салт-дəстүріміз бен дінімізді сақтап қалдық.
Осы тəуелсіздік жолында қанша қиындық көрсетке біз мойымадық. Ата-апаларымыз
еліміздің тəуелсіздігі үшін еш қорықпай шеруге ашық шықты. Міне осындай еңбек
нəтижесінде біз қазір тəуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. Қандай қилы заман болса да, қазақ
қазақ болып қала бермек. Елімізге деген асқан сүйіспеншілік біздің қанымызда бар дүние.
Тəуелсіздік не үшін киелі ұғым? Жалпы тарихтың тереңіне үңіліп қарасақ, бабаларымыз
жасаған шайқастарды, аштық кезеңін, жау тылындағы елді олардың көз жасын көргенде
тəуелсіздіктің керемет екенін сезінеміз. Иə, расында да тəуелсіздік киелі ұғым. ”Кие” деген
сөздің өзі үлкен мəнге ие. Оның астарында тағдырдың ауыр тауқыметі жатыр. Сондықтан
да еркіндікті аңсап өткен хандарымыз үшін, біз үшін тəуелсіздік баға жетпес құндылық.
Жəне киелі ұғым. Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын-қыстау жолдан өтіп тəуелсіз
елдер қауымдастығына қосылды. Отанымыз Қазақстан туралы айтарымыз да
мақтанарымыз да көп-ақ! Дербес болуға бағыт алған
егемен еліміз - Қазақстанды
көркейтетін, шаңырағын биіктететін, абыройын асқақтату білім мен білік жолын таңдаған
кейінгі ұрпақ яғни біздің қолымызда.
Мен болашақта еліміздің тəуелсіздігін сақтауға жəне оны дамытуға үлес қосуға
тырысамын. Менің болашаққа қойған мақсаттарымның бірі-елімізді көркейту, абыройын
асқақтату. Ол армандарға жету үшін білімді де білікті маман болуым тиіс. Мен өз
мақсаттарымды айқын орындаймын. Жəне соның жолында аянбай еңбек етемін!
Біз осы тəуелсіздік аманатын келесі ұрпақтарға жеткізуге міндеттіміз. Өйткені біз
Тəуелсіз ұрпақпыз, тəуелсіздіктің ұрпағымыз. Біз еліміздің болашағымыз! Тəуелсіздік -
ащы термен келген тəтті жеңіс. Осы тəуелсіздігіміз мəңгі болып, қуаныш көп болғай!
Еліміздің
туы көкте қалықтап, ынтымағы жарасқан ел болайық! Еліміз аман, жұртымыз
тыныш болсын.
Тəуелсіздік-тұғырым,
Жүрегі менің елімнің.
Тəуелсіздік-тірегім,
Өзіңмен мəңгі жүрегім.
Бабаларым аңсаған,
Орындалды тілегі,
Асқақтай бер, жайнай бер,
Еркіндігі елімнің.
Достарыңызбен бөлісу: