Республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы «Тəуелсіздік – тұғырым»



Pdf көрінісі
бет29/77
Дата23.05.2024
өлшемі2.87 Mb.
#501729
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   77
Эссе жинағы Тәуелсіздік- тұғырым

Тəуелсіздік – тұғырым 
Қатысушының аты-жөні: Сериккалиева Жанерке Жанайдарқызы 
Жетекшісінің аты-жөні: Ныгыманбекова Меруерт Маратовна 
Азияның кіндігінде орын тепкен, көк байрағы желбіреген Тəуелсіз ел, көңілі 
даласындай кең, мерейі үстем, қанында намыстың найзағайы ойнаған, асау сəйгүліктей 
мінезді, тегі Алаш, түбі түркі «Қазақ» деген ұлы халықтың бір перзентімін. Ата-бабаларым 
аңсап кеткен, аға-əпкелерімнің қанымен келген Тəуелсіздіктің тұғырында жарқын 
болашақтың, кемелді келешектің шамшырағын жаққым келеді. Тұғырлы елдің тұлғалы 
азаматшасы боламын. 
Тəуелсіздік – ел тəуелсіздігі əрбір ұлт үшін құндылығы өте мол сөз. Сан ғасырлар 
бабаларымыз аңсап өткен тұғырда Қазақ елінің отырғанына мінекей отыз екі жыл уақыт 
өтіпті. Қазақ елінің басынан өткен аянышты тағдырын, тар жол тайғақ кешкен тарихын
болашаққа еңсесін езетіндей емес, өткеннен тағылым алып, намысын қайрайтындай етіп
жеткізсек .сонда ғана кемелді келешекке қол жеткіземіз. Дегенменде, Тəуелсіздік 
оңайлықпен келген жоқ. Азаттық жолында қаншама жастың ақиқаты мен көз жасы, төгілген 
қаны, қаншама ананың шырылдаған дауысының жаңғырығы жатыр. Тұманды жылдары 
бастары шырғалаңға түссе де қазақ зиялылары қазағым, Алашым деп кеткен. Қуғынға 
ұшырап жатқан тар заманда дербестікті аңсап, қазақ деген өз алдына жеке мемлекет болса 
деп армандаған сол қазақ ақтаңгерлерінің арманы орындалды. Қыран текті қазағымның өз 
алдына əнұраны бар, елтаңбасы бар, желбіреген көк байрағы бар, Қазақстан деген əйгілі 
атпен əлемге таныла бастады. Отаршылдықтың қамытын талай жыл арқалаған 
халқымыздың жұлдызы жарқырайтын күн туды. Тұғырымыз орнады. Тұғырлы ел болдық..
Түп тарихы Жəнібек пен Керей ханнан бастау алатын қазақ тарихында көптеген ақиқаттар 
ақтарылып жатыр. Кемеңгер хан Абылайдың тұсында үш жүздің басы қосылып, береке мен 
бірлігі артқан алаштың айбыны асқақтап бір байрақтың астына жиылуы сол кездегі тəуелсіз 
ел болуға деген алғашқы нық қадамның бірі деп білемін. Тарихты ешкім ойдан 
шығармайды. Ол ақиқат. Азаттық таңын көксеген хан Кененің ұлы істері тайға таңба 
басқандай анық.
Тəуелсіздіктің түп тамыры, алтын қазығы «Желтоқсан» оқиғасына тікелей 
байланысты екендігіне ешкім шүбə келтірмес. Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан 
кінəлі «нашақорлар» деп саналған жастарымыздың бір бөлігі желтоқсанның ызғарында көз 
жұмса, аман қалғандары өздері қол жеткізген тəуелсіздіктің ақ таңын көруде. Уақыт емші 
деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен қазақ жастары есімізге түскенде жан 
жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің.
Жүректердің түбінде тұнып жатқан. 
Желтоқсанда жалынды жастарымның, 
Алаңда көк мұз болып қаны қатқан. 
Бас көтеріп елімнің бірлігі үшін 
Тəуелсіз бақ-береке тірлігі үшін. 
Өрелі өрені боп, жанын қиды. 
Болашақ ұрпақтардың өрлігі үшін. 


«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 29 - 
Намысы от жігер мен айбаты бар. 
Сəбира, Ербол; Лəззат,Қайраты бар. 
Тарихта өлмейтұғын есімдері. 
Əркімнің жүрегінде сайрап тұрар. 
«Қазақпын» деп өмірден жайнап кеткен. 
Ұмытылмас келсе де сан-сан көктем. 
Құрбан болған Желтоқсан мұзбалағы, 
Жас өмірін еліне арнап кеткен. 
Тəуелсіздік шамшырағы жарқырап, 
Тұр ғой елім ырысымен бақ құрап. 
Біз қазақпыз, біз тəуелсіз өренбіз. 
Айтар болсақ, бар əлемге нақтырақ. 
Желтоқсанда намыс пенен айбат бар, 
Шындық жолын аңсап кетті Қайраттар. 
Ал тəуелсіз қазағымның таңы атты 
Ұмытпайды сол үшін де Лəззатты. 
Бере берсін берекемен шаттығын, 
Көрсеткендей көңілдердің пəктігін 
Тəуелсіз ел Қазақстан қашанда 
Аспанында жарқырасын сəтті күн - 
деп өлең шумағына өз ойымды сыйдырғым келеді.
Ұранға «алаш» деген атты аламын» - деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай 
қызмет еткен алаш арыстары-ның барлығы да қуғын-сүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл 
террордың құрбандары болды. Сол алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған, 
қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні-қарындастары 1986 
жылдың желтоқсанында тəуелсіздік үшін күресе білді. Біз болашақ ұрпақ осы аға-
əпкелеріміздің елге, жерге деген сүйіспеншілігін көріп, содан үлгі-өнеге аламыз. 
Тəуелсіздігімізге отыз екі жыл. Əлемдік тарих тұрғысынан қарағанда онша көп те уақыт 
емес. Дегенмен осы жылдарда біз əлемге жəне болашақ ұрпаққа тəуелсіз Қазақстанның 
өркениетті даму сатысын ұсына алдық. Төл теңгеміз бар, ана тіліміз бар, əлемдік аранеда 
өзіндік орнымыз бар ел атандық. Сол себепті бұл кезең біз үшін Ұлы дəуір кезеңі. Қазақтай 
дархан елдің берекесі мен бірлігін, ынтымағын ықылым уақыттан бастап орнықтырған үш 
биіміз Төле би, Қазыбек би, Əйтеке би даналарымыздың да мəртебесі қашанда биік. Талай 
шапқыншылық, ұлы жұт аштықты, Сталиндік репрессияны бастан өткерген қазағым 
бертінде атомдық сынақтың да құрбаны болғаны анық. Жарымжан ұрпақ дүниеге келді. 
Жер бетінен қазақ деген атауды құртуға барынша күш салған отаршылдық саясаттың 
кесірінен талай қандастарымыздан айырылдық. Өзгенің езгісінде болсақ та Алаш деген 
рухты айбарды жоғалтпадық. Кешегі Əлихан бастаған Алаш көсемдерінің жан қиярлық 
еңбектерін əлемге мақтанышпен айта алатындай дəрежеге жеттік. Мың өліп, мың тірілген 
қазақтың ұрпақтары Тəуелсіздіктің қадірін жан тəнімен ұғынса екен деймін. 
Жерімізге көз тіккен жауыз жоңғарлармен 150 жылға жуық шайқасып, ата-бабамыз 
қасықтай қаны қалғанша жерімізді қорғап қалды емес пе? Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы 
Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай сияқты батырларымыздың «Қайтсек те жауға 
бермейміз» деген ұранмен қол бастап, жауынгерлеріміздің рухын көтергені, Отанына деген 
махаббатын оятқаны бəрімізге аян. Батысы мен шығысы, оңтүстігі мен солтүстігі түрлі 
мемлекеттермен астасып жатқан ұлан-ғайыр даланы жат жұртқа бермеу үшін қайтпас 
қайсар батырларымыз жан аямай күресті. Соңы желтоқсаншы аға-əпкелеріміздің ерлігімен 
аяқталды.
Тəуелсіздіктің арайлы ақ таңы осылай атты. Отыз екі жыл тарихтың ақ парағы 
Қазақстан туралы тың деректерді ұсына алады. Қазақстан қарыштап даму үстінде. 
Мұнайымыз, алтынымыз көп болса да өзімізден өндірілген өнімдерді қолданудан кенже 
қалып келеміз. Қазақстан деген елді танытқымыз келсе экономикамыздың қарыштап 


«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 30 - 
дамуына үлес қосқымыз келсе, отандық өнімдерге сұранысты молайту керек. Сапалы іске 
бел шеше кірісетін уақыт келді. Тəуелсіз Қазақстан тұғырында жарқырап қазақ елінің 
батырлары, тұлғалары тұруы қажет. Қазақ елінің бірлігі мен қауіпсіздігі, көп ұлтты 
Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған 
парасатты да көреген саясатының нəтижесі ретінде орнады. Экономикасы дамып, халықтың 
жағдайы əлдеқайда жоғары деңгейге жетті. Өзге елдермен арадағы қарым-қатынастар 
реттеліп, халықаралық саудаға шығуға мүмкіндік алды. Жастардың шет елдерде оқуға, сол 
жерде алған білімін Отанында қолдануға мүмкіндіктері пайда болды. Қазіргі таңда 
спорттан 
ұйымдастырылатын 
олимпиада, 
спорттық 
ойындарда 
қазақстандық 
бауырларымыз жоғары орындардан көрініп, ел беделін көтеруде, еліміздің əнұраны бүкіл 
əлем алдында жиі ойнатылып Қазақстан деген мемлекет күннен-күнге əлем үшін жаңа 
белестерден көрінуде. Бұл əрине жүрекке мақтаныш сезімін оятады. «Мен қазақпын» деген 
əрбір тұлғаның көкірегіне елге деген, отанға деген ыстық махаббат орнайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет