Республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы «Тəуелсіздік – тұғырым»



Pdf көрінісі
бет8/77
Дата23.05.2024
өлшемі2.87 Mb.
#501729
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   77
Эссе жинағы Тәуелсіздік- тұғырым

Тəуелсіздік – тұғырым 
 
Қатысушының аты-жөні: Баймагамбетова Кундыз 
Жетекшісінің аты-жөні: Коздаева Айгерим Кайратовна 
Тəуелсіз Қазақстаң. Ең алдымен, осы бір сөздің астарына үңілсек, өте үлкен, терең 
мағына жатыр. Тəубенің зоры – Тəуелсіздік. Əрине, қазіргі күнімізге тəубе дейміз. 
Асқақтап, марқайып жүргеніміз - осы тəуелсіздіктің арқасы деп білемін. Қазақ халқының 
тəуелсіз ел болуына дейінгі ғұмыры қандай қиын болды десеңші. Расында бұрын ата-
бабаларымыз тəуелсіз халық болуды аңсап, сол тəуелсіздік жолында ештеңеге қарамастан 
күресіп, өз жандарын құрбан етті. Себебі бұл тəуелсіздікті алу ешқашан оңайлықпен 
келмеген, бұл батыр бабаларымыздың төккен қаны аңызға айналған бұл тəуелсіздігіміздің 
тарихында небір батырлық дастандары мен оқиғалары мəңгі өшпес жазулармен жазылған. 
Олар біз үшін ешқашан өшпейтін мұра болмақ. Себебі бұл əрбір қазақ білуге тиісті үлкен 
тарих. 
Менің түсінігіммен тəуелсіздік бұл, тəтті арман, сол арманға жету жолындағы 
батырлық пен сəтті нəтиже. Мен осы тəуелсіздік ұғымын осындай теңеу сөздермен сипаттар 
едім. Өйткені тəуелсіздіктің сол замандарда ата-бабаларымызға арман болғаны жалған 
емес. Алайда аталарымыз бұндай оймен өмір сүріп жүре бермей əрекет етіп, өздерінің 
қасық қаны қалғанша шайқасқа түсті. Осы тұста «Таласқа түссе жан мен ту, жан емес маған 
керегі, көк тудың желбірегені», - деген өлең жолдары батыр бабаларымыздың жасаған 
ерліктеріне дəйек болары сөзсіз, шынымен шайқастағы ерліктерінің нəтижесімен тең.
Мен осындай елде туып-өскенімді мақтан тұтамын. Басқалардың қолы жете 
бермейтін тəуелсіздіктің бізге келгені – үлкен мақтаныш, дəреже, бақыт. Бүгіндері 
Қазақстан Республикасы тəуелсіз, еңсесі биік, басқа дамыған мемлекеттермен терезесі тең, 
керегесі кең егеменді мемлекет болып қалыптасты. Ата-бабамыздан қанмен берілген 
өжеттік, қайсарлық сияқты қасиеттер болашақ ұрпақты да тек алға, жаңа белестерге 
жетелейтіні анық. Шығыстан алтын күн нұрын төгіп, еркіндіктің самалы ескен осы кезеңнің 
баянды болатынына кəміл сенемін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет