Республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы «Тəуелсіздік – тұғырым»



Pdf көрінісі
бет5/77
Дата23.05.2024
өлшемі2.87 Mb.
#501729
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77
Эссе жинағы Тәуелсіздік- тұғырым

Тəуелсіздік-тұғырым 
Қатысушының аты-жөні: Орынтай Арайлым 
Жетекшісінің аты-жөні: Қарабалаева Ақгүл 
 
Менің елім - Қазақстан. Сонау Алтайдан Атырауға дейін созылып жатқан кең 
байтақ, ғажайып өлкеде туып өскенімді мен мақтан етемін. «Мен Қазақстанда тұрамын!» 
деген сөзді асқақ сезіммен, ерекше тебіреніспен айта аламын. 
Қойнауы қазынаға толы, ұлан-байтақ жерімізді ата-бабамыз қасық қаны қалғанша 
қорғап, еліміздің тəуелсіздігі мен азаттығы жолында қаншама аға-апаларымыз өздерін 
құрбан етті. 
Тəуелсіздік бізге оңай келмеді. Тарих беттеріне үңілсек, кешегі елім-жерім деп 
күрескен, ұрпақтың амандығы үшін жаумен тайталасқан асыл ағаларымыз бен 
аналарымыздың төккен қаны мен тері үшін бүгінгі өскелең жас ұрпақ мəңгілік қарыздар. 
Жанын шүберекке түйіп, кеудесін оққа төсеп, мұз жастанған асыл ерлеріміздің ерлігі мен 
үлгі-өнеге істері ешқашан ұмытылмайды. 
Азаматтықты аңсаған Алашымның азаматтары, желтоқсанда тəуелсіз ел болуға соңғы 
демі қалғанша тіресіп күресе білген қазақтың өр мінезді батыр жастарының рухы əрдайым 
өшпейді. 
Тарихтың əр парағы ел есінде мəңгілік сақталмақ. Ата-бабамыз аңсаған қасиетті-
Тəуелсіздікке қазақ елі қол жеткізді. 
Азаттықтың ақ таңы атты! Іргеміз бекіп, шекарамызды мығым етіп қазіргі таңда қазақ 
елі бейбіт аспан, ашық күннің астында тату-тəтті өмір сүруде. Айбатты əнұранымыз, еңселі 
Елтаңбамыз, қыран құсымыз бейнеленген көгілдір Туымыз бейбіт еліміздің көгінде 
шарықтап келеді. 
Баянды бірлігі мен ұйыған татулығы орнаған қазақ жерінде қазіргі таңда 130-дан астам 
ұлттар мен ұлыс өкілдері достық пен келісімде бейбіт өмір сүріп жатыр. Олар қазақ халқына 
əрдайым ризашылықтарын білдіріп, қонақжай елде бақытты ғұмыр кешіп жатқанын мақтан 
етеді. 
Мен өз Отанымды дархан пейілі мен қажымас қайратты, асқақ рухты ел болғаны үшін 
сүйемін! Мен тілі көркем, дəстүрі берік, тарихы терең елімді сүйемін! Əсем елорда, 
жастықтың қаласы атанған Астана қаласын мақтан етемін! 
Бабаларымыздың асыл арманы болған, біздің ең қасиетті, құндылығымыз-
Тəуелсіздігіміз əрқашан баянды болсын! Еліміздің мəртебесі биік, Тəуелсіздігіміз мəңгілік 
тұғырлы болсын!
Ынтымағы мен бірлігі бекем қазақ елінің бейбіт аспанында көк туымыз мəңгілік 
желбірей берсін! Асыл мұратымыз - Тəуелсіздігімізді аялайық! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет