Республиканская научно-познавательная газета "Білім айнасы"



Pdf көрінісі
бет7/31
Дата17.02.2023
өлшемі0.93 Mb.
#469703
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31
12-1091 журн Сборн

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. А.Құралбаева.// Ізденіс №4. 2009 ж. 268 б. 
2. Қ.Б.Досымханова.// Педагогикалық альманах №2(6). 2012 ж. 20 б. 
3. Ұ. Қаныбекова. // Мектеп (Шымкент)№3. 2008 ж.10 б. 
4. Ж. Кабдикова.// Республика ұстаздары. 28 желтоқсан.2004 ж.6 б 
5. // Қазақстан мектебі №3. 2020 ж. 40 б. 
6. Н.Х.Шадиева. Мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту жүйесі. Астана, 2011 ж. 


 «Білім айнасы» 2022 ж. 
12 
Қайырлы Аяжан Қадыржанқызы,
Нигметова Бибитгул Айткалиевна 
БҚО Жаңақала ауылы,
Жаңақала колледжі 
Студенттердің ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастыруда студенттік өзін-өзі 
басқару ұйымының ролі 
Аннотация. Мақалада колледж студенттерін қоғамдық өмірге белсенділігін шыңдау, ел 
болашағы жастарды еңбекқорлықты, көшбасшылықты қалыптастыру үшін студенттік өзін-өзі 
басқару ұйымының ролі қарастырылған. 
Түйін сөздер: тәрбие, студенттік өзін-өзі басқару, көшбасшылық, студент жастар. 
Тәрбие – адамның мақсатты қалыптастыру процесі, жағымды мінез-құлқын дамытушы. 
Тәрбие жұмысы колледждегі үрдістің құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы 
мақсатын орындауға бағытталған – балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені 
меңгерту және қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйесін қалыптастыру [1]. 
Қазақстанның балалары мен жастары – Қазақстан қоғамының стратегиялық құндылығы және 
болашақ адами капиталы. Жаһандық тәуекелдер мен сын-қатерлер кезеңінде өмір сүретін 
жаңа буын белсенділігі мен қызығушылықтарының әртүрлілігімен сипатталады. Сондықтан 
мемлекет пен азаматтық қоғамның шынымен біртұтас балалар-жасөспірімдер және жастар 
қозғалысын құрудағы күш-жігерін біріктіру – заманауи мемлекеттік стратегиясы. Тәжірибе 
көрсетіп отырғандай, өскелең ұрпақ тәрбиелеуде жаңа идеологиялық талаптар қажет етеді.
Қазіргі замандағы білім берудің негізгі мақсаты: еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті, 
құзыретті, өз жұмысын жақсы білетін, жан-жақты бағыт-бағдармен қарайтын, әлемдік 
стандарт деңгейінде нәтижелі жұмысқа, кәсіби өсуге, әлеуметтік-саяси оңтайлы тез әрекет 
жасауға, болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті білікті маман, индустриалды-
инновациялық жағдайды шешуге лайық, өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете 
білуге бейім, өз ойын еркін айта алатын, жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік 
меңгерген, отандық және әлемдік мәдениетті бойына қалыптастырған, шығармашыл, 
оңтайлы кәсіби маман дайындау. 
Ұйымдастыру дегеніміз орналастыру, құрастыру, тәртіп бойынша реттеу деген ұғымды 
білдіреді. Жеке тұлға бастамашылдық танытқан қандай да болсын әрекетте, 
ұйымдастырушылық аспект орын алады. 
Ұйымдастырушы бастамашылық жасаған ісіне байланысты толықтай жауапкершілік 
алатындығы белгілі. Жауапкершілік - мәселелерді анықтау, шешу жолдарын қарастыру, 
нәтижесін болжау, өздігінен шешім қабылдай алу сияқты әрекетерді жүзеге асыра алуды 
талап етеді. Шешім қабылдау бірнеше альтернативтік мүмкіншіліктерден біреуін таңдау, 
жоспар құру, бақылау жасау, ынталандырудан құралады. 
Ұйымдастырушылық жұмыстың мәні көздеген мақсатқа жету жолында әрекеттік жүйе 
құру, орындаушы адамдарды таңдай білу [2]. 
Бүгінгі таңда білім беру ұйымы қызметінің қазіргі жағдайында білім беру ұйымын 
демократиялық басқаруға жағдай жасауға байланысты мәселелер туындайды, онда тек басшы 
мен педагогикалық кеңес қана емес, сонымен қатар білім алушылар, студенттер мен ата-
аналар білім беру ұйымы ұсынатын қызметтердің сапасына әсер ете алады [3].
Қазіргі уақытта мемлекет пен азаматтық қоғам балалар мен жастардың құқықтық 
мүмкіндіктерін іске асыру мәселелерін белсенді түрде көтеруде. Осыған байланысты 
қазақстандық колледждің алдында құқықтық мемлекет жағдайында шығармашыл, 


 «Білім айнасы» 2022 ж. 
13 
бастамашыл, өзі және қоғам үшін пайдалы әрекет ете алатын еркін, жауапты тұлғаны, 
мәдениетті адамды тәрбиелеу міндеті тұрады. Бүгінгі таңда елімізде жастардың өз 
құқықтарын іс жүзінде қолдануға және қорғауға оқытатын оңтайлы тетік жоқ, бұл оқушылар 
мен студентердің әлеуметтік маңызы бар қызметке уәждемелік дайындығын төмендетуге 
әкеп соғады. Білім беру ұйымының қабырғасынан шыққан білім алушылар нақты өмірде 
көбіне мүлдем дәрменсіз боп қалады. Соған орай, студенттердің қоғамдық өмірге 
белсенділіктерін арттыру үшін студенттік өзін-өзі басқару ұйымының маңызы зор. Оның 
негізгі мақсаты – білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік 
құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту әлеуметтік шығармашылыққа 
қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын 
жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу [4].
Колледж қабырғасында «Болашақ» студенттік өзін-өзі басқару ұйымы студенттердің 
өнер, спорт саласына дарындылықты ашуға көмектеседі. Ұйымның бағыттары белгілі бір 
фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасына ашық та жүйелі етіп 
дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелейді, көшбасшылық қабілетін дамытады, 
студенттерді мейірімділікке, адамгершілікке, инабаттылыққа, сыйластыққа тәрбиелейді және 
бір-бірінің 
қарым-қатынасын 
нығайтуда 
тұлғаның 
дүниетанымды 
көзқарастарын
қалыптастыруға көмектеседі. Студент жастардың еліміздегі экономикалық-әлеуметтік 
жағдайының үрдістеріне араласу, колледждің қоғамдық өміріне белсенді қатыстыру 
студенттердің көшбасшылық қабілеттерін арттырады. Оқу орнында студенттік басшы 
студенттердің шешілмей жатырған сұрақтары мен мәселелеріне жауабын тауып береді.
Ұйым дарынды жастарды іздеп, студент шығармашылық жұмыстарын көрсету, 
қалыптастыру, әрбір студентке өзінің отбасына, Отанына көмегін тигізуге септігін тигізеді.
Студент өзінің қандай мамандық таңдағанын бірден түсінеді. Сабақтарда игерген 
теориялық білімін практикамен ұдайы байланыстырып отыруға мүмкіншілік алады. 
Студенттерді ұйымдастырушылық қызметке дағдыландыру бірден бір жолы,оларға 
ұйымдастырушылық қызметтің алгоритмін үйрету. 
Бастапқы кезеңде студенттерді ұжымдық шығармашылық істердің қатысушылары, 
ұйымдастырушылық жұмыстың көрермені рөлін орындаушы ретінде қызықтырамыз. Бұл 
жерде олар ұжымдық шығармашылық істерді жоспарлау, дайындау, өткізу, талдау, жуық 
арадағы нәтижесін байқауды жүзеге асырады. 
Екінші кезеңде студенттерді ұжымдық шығармашылық істердің белгілі бір бөліміне 
жауапты қыламыз. Үшінші кезеңде студенттер ұжымдық шығармашылық істерді толықтай 
ұйымдастырып өткізіп,оның нәтижесін бағалай білуге үйренуі қажет.Өзіндік рефлексия 
жұмыстары да өте маңызды, студенттер өз мүмкіншіліктерін ескере отырып, болашақтағы 
ұйымдастырылатын келесі істің ұйымдастырылуы мен нәтижесін болжауды үйренеді.
Болашақ мамандарға жеке басына құрметпен қарап олады жеке тұлға ретінде 
қабылдауға үйрету керек. Студенттермен кеңесе отырып, олардың пікірімен санасу 
ұйымдастырушылық қызметте шешуші фактор болып есептеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет