Республиканская научно-познавательная газета "Білім айнасы"



Pdf көрінісі
бет23/31
Дата17.02.2023
өлшемі0.93 Mb.
#469703
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31
12-1091 журн Сборн

Исаева Ляззат Ныгметовна 
Ақтау қаласы
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті 
«Халықаралық қатынастар және туризм» кафедрасының
аға оқытушысы 
Есенов университеті – заманауи білім ордасы 
Университет – білім мен ғылымды тоғыстырып, талапшыл жасты ғылымның биігіне 
шыңдайтын қасиетті шаңырақ. Қазіргі таңда білім беру саласына қойылып отырған талаптар 
өте жоғары. ҚР Президенті Қ.Тоқаев атап өткендей, «Біз әлемде білім арқылы ғана лайықты 
орнымызды ала аламыз. Қазіргі заманауи білім интеллектуалдық ұлтты қалыптастыруға жол 
ашады» [1]. 
Бүгінде «Yessenov University» брендімен «ашықтық, ықыластылық, креативтілік» сынды 
құндылықтарды ұлықтап, қазақстандық жоғары білім саласында өзіндік орнын анықтаған 
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті Маңғыстау 
облысындағы жоғары білім мен ғылымның, мәдениеттің орталығына айналды [2]. 
Университет былтырғы оқу жылында өзінің қырық бес жылдық мерейтойын атап өтті. 1976 
жылдан бастау алған университеттің дамуында түрлі кезеңдерде түрлі өзгерістер орын алды.
Оқу орны дамуының соңғы жаңғыру кезеңі 2017 жылдан басталды. Нарық 
сұраныстарына сай мамандар дайындау басты назарда болып отырған қазіргі кезеңде заман 
талабына сай білім беру міндеті, жоғары оқу орындары арасында бәсекеге қабілеттіліктің 
артуы университеттің жаңа стратегиялық мақсатын айқындады.
Қазіргі таңда Ш.Есенов атындағы университет – жоғары материалдық-техникалық 
базамен жарақтандырылған, студенттердің интеллектуалдық және шығармашылық дамуына 
жан-жақты мүмкіндік беретін, аймақтың дәстүрлі және инновациялық кластерлері (мұнай-
химия, логистика, туристік, энергетикалық, теңіз және т.б.) үшін маман дайындауды жүзеге 
асыруға икемді тұтас ғылыми-техникалық инфрақұрылым болып табылады.
Университет басшылығы оқу орнын еліміздегі алдыңғы қатарлы оқу ордасына 
айналдыруға күш салуда.
Ашықтық деп университет көлемінде жоспарланған жұмыстар мен жобалардың жүзеге 
асуына әкімшіліктің әрдайым қолдау көрсетуі анықталды. Басқаруда, қарым-қатынаста, 
шешімдер қабылдауда қандай да болмасын ақпараттың, кез келген үрдістің ашықтығын 
қамтамасыз етіп, оны ойдағыдай жүзеге асыру. Бұл, бір жағынан, саяси өмірде ғана емес, кез 
келген ұйымның да өмірінде маңызды болып табылатын демократиялық процестердің 
көрсеткіші.
Ықыластық деп өтіп жатқан кейбір мәселелерге ден қойып қарау түсінілді. Мәселелер 
туындаған жағдайда, оны шешуге бар күшті салу. Әрбір істелген немесе жүзеге асқалы 
тұрған жұмыстардың шынайы ықыласпен жасалуын қамтамасыз ету, яғни жұмыстың 
сапасына үлкен мән беру.
Креативтілік, бұл оқытушылар мен білім алушылардың бойындағы жаңа туындаған 
идеяларына жүйелі түрде көмек қолын созу. Креативті болып, заман талабына сай үйлесе 
даму үшін адамдардың ойлау қабілеті жоғары болуы тиіс. Болып жатқан жағдайға сыни 
тұрғыдан баға беруге, шығармашылыққа жол ашу. Креативтілік – білімділіктің ең жоғары 
сатысы. Университет білім ордасы болғандықтан, онда шығармашылықтың, жоғары 
мәдениеттің маңыздылығы түсінікті нәрсе. 


 «Білім айнасы» 2022 ж. 
41 
Университеттің негізгі міндеті – білім алуға ықыласты, ойы ұшқыр, шығармашылық 
қабілеті жоғары, өмірге икемді, белсенді, мәдениетті, жан-жақты дамыған тұлғаны даярлау. 
Осы міндетті жүзеге асыруда еліміздің азаматын қалыптастыру, оның тез өзгеріп отыратын 
әлемде табысты білім алуға деген сұранысын қанағаттандыру, бәсекеге қабілетті ұрпақ 
тәрбиелеу және оқыту басты мақсат болып отыр.  
Университеттегі Жаңа білім беру бағдарламаларының мазмұны еңбек қызметі немесе 
оқыту саласындағы озық білімдер бейнеленетін біліктіліктің еуропалық шеңберіне 
негізделген. Білім алушыға бағытталған оқытуды бейнелейтін, күтілетін нәтижелерге 
бағытталған білім беруі бағдарламаларын әзірлеу нәтижесінде білім алушыға жеке білім 
траекториясын өздері анықтауға мүмкіндік беріледі, олардың қосымша құзіреттіліктер алуға 
мүмкіндіктері бар. 
Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты – білім, білік дағдыларын қалыптастыру ғана емес, 
сонымен қатар жеке тұлғаның әлеуметтік құнды әрекетке қатысуы үшін оның өзіне және 
қоғамға қажетті қабілеттерін дамыту. Білім, білік, дағдылар арқылы жеке тұлғаның үйлесімді 
түрде эмоциялық, ақыл-ой, адамгершілік, рухани құндылық, еріктік, дене жағынан 
толыққанды дамуы маңызды. Университет ұжымы өз қызметінде осы мақсатты ұстанады.
QS Quacquarelli Symonds агенттігі 2022 жылғы Еуропа мен Орталық Азияның дамушы 
елдерінің жыл сайынғы үздік университеттерінің тізімін жариялады. Үздік жоғары оқу 
орындарының рейтингіне 450 университет кірді, ол тізімде Қазақстанның 34 жоғары оқу 
орнының да атауы, олардың арасында біздің Есенов университеті де бар. Бұл университеттегі 
жаңғыру бағытындағы жүргізілген жұмыстардың нәтижесін көрсетеді. 
Қоғам, өмір тез өзгеруде. Сондықтан кешегі жетістік формулары бүгінгі күнге 
жарамайды. Оқу орындарының алдында тұрған міндет – өзгерістердің ықпалына төзе алып, 
осы тез өзгеріп жатқан заманда бәсекелестікке қабілеттерін сақтай алу. Осындай міндеттерді 
жүзеге асыруда «Yessenov University» қазақ қоғамының тарапынан қойылып отырған талапқа 
сай креативті, еңбекқор, жауапкершілігі мол жеке тұлғаларды тәрбиелеп, ашық сананы 
дамытуға үлес қосып, болашақтың кескінін айқындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет