Республиканская научно-познавательная газета "Білім айнасы"


Использованная литература



Pdf көрінісі
бет25/31
Дата17.02.2023
өлшемі0.93 Mb.
#469703
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31
12-1091 журн Сборн

Использованная литература: 
1. 
Итоги 
развития 
Мангистауской 
области 
в 
2020 
году. 
-
https://primeminister.kz/ru/news/reviews/uvelichenie-investiciy-razvitie-turizma-i-reshenie-
zhilishchnyh-voprosov-itogi-razvitiya-mangistauskoy-oblasti-v-2020-godu-300186
 
2. Стратегический план развития Университета Есенова на 2020-2025 годы - 
https:///C:/Users/188t/Downloads/2strateg-plan-universiteta-esenova%20(1).pdf
 


 «Білім айнасы» 2022 ж. 
44 
Набиева Лаззат Иксатовна 
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті,
«Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының
аға оқытушысы
Ел боламын десең, бесігіңді түзе 
 
Тәрбиенің тамыры салтымыздан. Бала өсірcек – отбасылық мұрат, ұлттық дәстүр. 
Ұрпақтың жетілуі – халықтың тірегі, қазақтың тілеуі. Ұрпақ жалғастығының желісін созу әр 
адамның өмірлік борышы. Бірлі – жарым баланы қанағат тұтпай, ұрпақ өрбуінен өрісінен 
қашқақтап, жеке басының сән – салтанатын артық көретіндердің жүрегінде ұлттық мұрат 
ұшқыны өшкіндеген. Қазақ салтында әке – ұрпақтың қамқоры, шеше діңгегі. «Ай жарқырап 
күн болмас» дегендей, қанша сылаңдағанмен, адам өмірі шолақ, жалт еткен жалтылдай өте 
шығады. Осы күнде панасыз, қорғансыз қалған жалғызілікті, жалғыз басты кісілер өмірінің 
ақырында сүйеніш таппай, панасыздар үйіне топталуы – отбасылық салттың ережесін 
бұзғаннан пайда болған қасірет. Бұған қоса тастанды балалардың тағдыры – арсыздықтың, 
ұждансыздықтың, 
опасыздықтың 
айғағы.Бетімен 
кеткен 
көргенсіздердің 
масқара 
әрекеттерінің салдары, бауырмалдылық салтың қорлануы. 
Қалай да адамға тән ошағыңның оты сөнбей, түтініңнің өрлей беруі бақыт. Бұл қазақтың 
аса зор арманы. Отау тігіп, түтін түтеткен қазақ баласы осы салттың туын берік ұстап, 
жоғары көтеруі тиіс. 
Қазақтың қалыптасқан мінез – құлқы да ұлттық бейнесін айқындайды. Ал сәнқойлардың 
қылығына осы тұрғыдан көз салсақ, көп жайдың мәні ашылады. Соларды түзету арқылы 
ұлттық салтымыздың келешегін де жетілдіре аламыз. 
Қазақ – көшпелі халық. «Жалғыз аттың шаңы шықпас, жалғыз жігіттің үні шықпас» деуі 
де сол көптікке әуес сипатының нышаны. Жалғыздық – адам ойын тұншықтыратын дерт. 
Түбін ондаған кісі өз тағдырын тізгінін берік ұстауға қамданады. «Әсіресе қызыл – тез оңар» 
демекші, тағы да бір есте болатыны – сәнқойлықтың ұлттық, отбасылық тәрбие жүйесін, 
салт желісін бұзатын қырсық екені. Мұны да халық даналығы болжаған. 
Атадан алтау тусаң- 
Арқаң толы малың бар. 
Атадан төртеу тусаң- 
Төбе толы малың бар. 
Атадан екеу тусаң- 
Өкпелетпес халің бар. 
Атадан жалғыз тусаң- 
Шығар – шықпас жаның бар. 
Деген ұлы сөзден өнеге алайық. 
Салтсыз халық – тексіз халық. Әр отбасы – ұлттың тамыры. Ұлттық сананы, дәстүр – 
салтты ұрпақтар бойынша дарыту үшін ой жіберіп, жауапкершілікпен қарауы парыз. Бір 
кезде қазақтар арасында: «Орысша білмесең білім де, мансап та ала алмайсың» деген сөздің 
қағидаға айналғаны рас. Бұл пікір әлі де бар. Жеті жұрттың тілін, жеті түрлі білім біл, бірақ 
тіліңді ұмытпа. 
Қазақ елі тәуелсіздік алып, дербестік жолына түскен бүгінгі таңда қазақ халқының 
болашағы үшін жаны күйетін әрбір ер азамат өзінің шаңырағын биіктетіп, отбасында 
отаншылдық, ұлт жандылық тәрбиесін жетілдіру жолында құлшынып, айрықша көңіл 
бөлгендері жөн. Ол – борыштары. Сондай табанды әрекеттер арқылы ғана халқымыздың салт 
– санасындағы өшкіндеген жұлдыздары қайта жанады. Ұлттық тәрбиенің мұраты да сол. 


 «Білім айнасы» 2022 ж. 
45 
Ел боламыз десек ең алдымен ана сүтімен дарыған ана тілін, дінін, ділін, қастерлеуі 
және ұрпағына дарытуы тиіс. 
Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені, адам ең алғаш шыр етіп дүниеге 
келген сәттен бастап, осында ержетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да, отбасы – 
адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген 
ықпалы мен әсер – күшін өмірдегі басқа ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. 
Өйткені ата – ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толықтыра алар емес. «Ел 
боламын десең, бесігіңді түзе» деген нақыл сөз отбасы тәрбиесі маңызын айқындатып тұр 
емес пе? Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір – бірімен 
рухани жақындығы, мақсат, ынтымақтастығы бар. Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов 
өзінің жарына арнаған бір өлеңінде: 
Отбасы – шағын мемлекет, 
Мен – президент, сен – премьер, - дегені бар. Шынында отбасы ол да бір шағын 
мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс 
– шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, тағы басқлары болатыны сияқты әр отбасы 
болмыс тіршілігінде соған ұқсас жақтары бар. Отбасының ар – намысын сақтауға, сырын 
шашпауға, мүшелерін бір – біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. «Отан отбасынан 
басталады» деген сөздің мәнісі де осында. Отбасының арқа сүйер тірегі әке болса ал 
отбасының берекесін келтіретін ана. Қай ата – ана болмасын өз ұрпағының өскенін, тамыры 
тереңге бойлап жапырақ жайғанын қаламайды дейсің. Алайда күнделікті күйбең тірлікпен 
бала тәрбиесінде ағаттық жіберіп алатын жанұялар баршылық. Сондай – ақ қазақы тәрбиені 
біле тұра «қатары сондай, заманы сондай ғой» деген немқұрайлық опық жегізіп жатады. 
Отбасының тізгінін берік ұстап әке өз ұлына тәлім көрсетсе, ертеңгі күні ана боларын қызын 
қылықты, ибалы, ізетті, кешірімді қылып ана тәрбиелесе, нұр үстіне, нұр емес пе? 
Бүгінгі көргенді ұрпақ, ертеңгі өнегелі отбасы болмасына кім кепіл? Батыстық 
тәрбиесіне орынсыз еліктеу, яғни кіндік ашу, тыр жалаңаш киноларды жарнамалап көрсету 
арқылы ұрпақ санасын улап, болашағына балта шауып жатқанымыз қоғамды ойландырмай 
ма екен? 
Тәрбие бастау отбасы, онан соң білімнің ақ ордасы мектеп десек, сол мектеп 
оқушыларының сабаққа киетін біркелкі оқу формасын шығаратын Қазақстанда бірде – бір 
фабрика жоқтығы қандай өкінішті. Ең азы 1 – ші сынып оқушыларына берілетін форма да 
көрші Қырғыз ағайындардан сатып әкелінеді. Тәуелсіздік алып, еңсемізді тіктеп ел болғанда, 
қазба байлықтарымызды шет ел асырағанда 1 фабрика салуға дәрменсіз болсақ, бар 
байлықты ұрпақ кадесіне тарата алмасақ елдігіміз қайсы? Ел боламын десек, ұрпақ қамын 
бүгіннен ойлаған абзал. Өз ұрпағын өмірге дайындау ата – ананың басты парызы. Ендеше 
бала тәрбиесімен отырған ата – ана осындай мәселелерді неге көтермеске? Қоғамды 
отбасылардың әлеуметтік жағдайы бір емес. Бай мен бардың баласы қымбат киім киеді. 
Қоғамдағы бай мен кедей деген ұғымды, теңсіздікті балаға өзімізді үйретіп, жікке бөлініп 
жатқанымыз жоқ па? Бала бойына тәкаппарлық, менмендікті, менсінбеушілікті өзіміз үйретіп 
жатқан жоқпыз ба деген үрей туындайды. Ойланайық ағайын! 


 «Білім айнасы» 2022 ж. 
46 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет