«Білім айнасы» 2022 ж.
48
құру, таңдаған мамандыққа байланысты терең білім алу, өзінің рухани-адамгершілік
құндылықтар шеңберінде дүниетанымын кеңейту т.б.
оларды жай ойландырып қана
қоймай, белсенді әрекетке итермелейді [1].
Қазіргі білім берудің маңызды міндеттері келешек ұрпақтың білімді меңгере отырып,
рухани-адамгершілік құндылықтарын танып-біліп, ішкі жан-дүниесіне әсер ету арқылы
жастардың өзін-өзі дамытуына жол көрсету.
Өмірдің мағынасы – ол адамның санасындағы ең маңызды құндылық. Өзгелермен
қарым-қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде қалыптасу, басқалармен дұрыс қарым-
қатынас жасай білу – баға жетпес байлық. Осы байлыққа ие болған адам қоғамда өз орнын
тауып, үйлесімді өмір сүре алады. Ең маңыздысы - адам өмірі, жан дүниесі, денсаулығы,
ортасы, мақсаты мен мүмкіндіктері сияқты өмір құндылықтарын зерделейді.
Қоғамның рухани және әлеуметтік дамуына үлес қосатын, жоғары адамдық
құндылықтарға бағдарланған, шынайы мамандықты таңдай білетін және интеллектуалды
тұлғаны тәрбиелеу – студент жастардың мамандыққа дайындық маңызы болмақ.
Рухани-адамгершілік құндылықтарды бірыңғай үрдісте дамыту - болашақ маман, бүгінгі
студент сауатты, толыққанды білімге құштар, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына
бар мүмкіндікті жасау мақсатын көздейді.
Еліміздегі қазіргі жастардың ұстанымына байланысты келешектегі идеясы өзекті
қағидалары – рухани-адамгершілік құндылықтар қажеттілігі мен қатар өмірге және еңбекке
деген қабілеттімен жан-жақтылыққа және жеке тұлғаның
көшбасшылық қасиеттерін
қалыптастыруға қажеттілігінен туындайтын жалпы азаматтық құндылықтарды болмақ.
Жастардың қоғамға деген қызығушылығының үйлесімділігі тәрбие үрдісінің бірізділігі мен
біртұтас сабақтастығын болжайтын кәсібиліктің және әлеуметтіліктің бірлігі. Алайда
студенттердің мүмкіндіктері мен жеке басының ерекшеліктерін ескеру отырып, тәрбиені
әлеуметтік қоғам өмірімен байланыстырудың ұтымды түрлері мен әдістерін тандау қажет.
Әлеуметтілік кемелденуде студенттердің кәсіби өсу жолымен қатар үнемі өзін-өзі
жетілдіруге ұмтылуды қарастыратын даму аспектілерін табуға негізделген. Қазіргі кәсіби
маман өзін-өзі тәрбиелеп, оқыған кәсіби тәжірибесін бағалап жүзеге асыра білу керек.
Кәсібилікті жеке тұлғаның қажеттіліктерімен байланыстыра отырып, ол арнайы жасалатын
жағдайларда жүзеге асады. Таңдап алынған мамандыққа қызығушылық, онымен айналысу,
оған берілу, бір бағытта жұмыс істейтін адамдармен қоғамдық пайдалы жұмыс, барлық істе
көшбасшы болу осының барлығы студенттің әлеуметтену кезеңі. Студенттің кәсіби деңгейін
арнайы ұйымдастырылған шығармашылық жұмыстың үстінде талқылаған дұрыс.
Кәсіби
құндылықтарға негізделетін тәрбие үрдісі кәсіби бағытпен ынтымақтастық, ұжымдық,
қызығушылық, әлеуметтік маңызды жұмыстармен, қарым-қатынастармен біріктірілген
ерекше, әр түрлі жастағы қоғам қалыптасады. Мұндай қоғамды қалыптастыру білім беруді
ерекше мәнді етіп қана қоймай, сонымен қатар қоғамның көркеюіне ықпал етеді.
Қазақстан халқына елбасының 2011 жылғы жолдауындағы Тәуелсіздік жылдарында
Қазақстан жолының – Бостандық, Бірлік, Тұрақтылық, Өркендеу секілді арқаулық
құндылықтары қалыптастырылды. Сапалы білім беру Қазақстан индустрияландырылуының
және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс», деп басты міндет білім беру
саласының міндеттерін негіздеді. «Ырыс ынтымаққа жолығады, Дәулет бірлікпен толығады»,
- деген мақалды ұран ете отырып, өркендеген елдің жарқын өмірдің кепілі ынтымақтық пен
бірліктегі үлесінің дамуын көздейді [2].
Қазіргі уақыттағы студент жастардың рухани-адамгершілік құндылығының тапшылығы,
жалпы адамдық құндылықтарды білім жүйесі арқылы оқытуға бағытталған бағдарлама
«Білім айнасы» 2022 ж.
49
құруға негізгі себепкер болып отыр.Қоғамдағы рухани-адамгершілік
білім беру арқылы әр
адам өзіне туа біткен мүмкіншіліктерін толық жүзеге асыра алады.
Рухани-адамгершілік құндылықтар - өзін тану мен тұлғалық, интеллектуалдық
ерекшеліктері және қасиеттері, басқа адамдармен қарым-қатынас, өз бойынан белгілі бір
қасиеттері қабылдау үрдісі. Барлық қажеттіліктер бір-бірімен тығыз байланысты және бір-
бірін толықтырып отырады. Мұндай қажеттіліктің қанағаттандырылуы өзіндік дамуымен
байланысты. Өзіңді білу үшін және өзін-өзі тану қажеттілікті күшейту үшін, көбірек қарым-
қатынас жасау керек, ал қарым-қатынасқа түсу үшін өзіңді жақсы білу қажет, ал бұл
жетістіктегі қажеттіліктердің қанағаттануымен жүзеге асады. Өзін-өзі тану өзіндік сана
құрылым компонент ретінде әрекет етеді. Өзін-өзі тану аймағына сана, адамның сыртқы және
ішкі дүниесіндегі әрекет, тұлғаның позитивті
сәйкестілігінің қалыптасуы, оның өзін-өзі
тануына қолайлы жағдайлар тудырып, өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал
етеді.
Өзін-өзі жүзеге асыру категориялары адамды тереңнен танып білудің бағытын,
мәңгіліктің жолын көрсетеді. Болашақтағы мүмкіндігі қазіргі кездегі қабілет пен өткен
күндегі тәжірибемен қалыптаспақ. Жаңаның қалыптасуы кәсіби қызметтің дамуын, жаңа
өскіндердің ашылуын, олардың өзінің өмірлік қызметтерінің болашақтағы бағыттарын
бірыңғай үрдіске дайындығын талап етеді. Өзін-өзі жүзеге асыру мен инновациялық қызмет
арасындағы байланыс өзін-өзі жүзеге асырудың мәнін береді. Инновациялық қызмет
шынайылықтың мүмкіндігі ретінде өткен мен болашақтың мәнін аша отырып өзін-өзі жүзеге
асырады. Осыдан келіп, «бүгіннің» «ертеңмен» арасындағы байланыс, «кешегіні» меңгеру
арқылы жүзеге асқан уақытта өзін-өзі жүзеге асыру генетикалық тұрғыдан мақсат пен
тұлғалық тәжірибенің бірлігі бола алады деп тұжырымдай аламыз[3].
Студент жастардың кемелденуінде өз мүмкіндіктерін өмір талабына сәйкес бағдарлай
білуі және өз мақсатын нақтылап, ойын бір тұрақты түйінге байланыстыра алу қабілеттілігі
белсенділікпен белгілі бір мәнді көрсеткішке жеткізетіні сөзсіз. Оның ішінде өзін-өзі бағалау
тұлғаның
өзіне деген сенімін арттырып, рухани күш алады, өзінің айналасын қоршаған
адамдармен қарым-қатынасын, өзіне сыни көзбен қарауын, талап қоя білуін, сәтсіздік пен
жетістікке қалай қарайтындығына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, тұлғаның өзінің іс-әрекетінің
тиімділігіне және оның жеке тұлға ретінде дамуына әсер етеді. Студент жастардың өмірлік
қуатының мәнін, мақсатын жүзеге асыратын, тәндік, жандық, рухани күш-қуатын сандық
және сапалық өзгеріске түсіретін ішкі нысандық үрдіс ретінде тұлға белсенділігін арттыруда
өзін-өзі жетілдіру қызметі де өз үлесін байқатады. Бұл үрдіс оқу-тәрбие жұмысын зерттеуде
ерекше мәнге ие екендігін дәлелдей отырып психологиялық-педагогикалық мәселелердің бірі
бола алады[4].
Студент жастардың өмірлік ұстанымдарды дамытуды алатын болсақ, оның өмірлік
ұстанымының шындығын және дұрыстығын айқындау қоғам прогресінің дамуына сай
келуімен өлшенеді. Студент жастардың тұлғалық дамуын анықтаудың ең басты белгісі оның
өмір сүріп отырған қоғамдық тарихи-мәдени үрдістегі орнын белгілеу болып табылады.
Оның
тұлға ретінде қалыптасуы, ең алдымен, өмірмен өз орнын саналы түрде таба біліп,
адаспауына байланысты. Студент жастардың өмірлік көзқарасын қалыптастырушы: жеке
тұлға, отбасы, қоғам, саясат, идеология және т.б. оның өмір мен қызметі, болашақ
мамандығына деген өмірлік ұстанымына әсер етеді. Студент жастардың өмірлік ұстанымдық
әрекеті белсенді және баяу тұлға да болады. Белсенді тұлға айналасындағы шындықты
өзгертуге үнемі ұмтылады. Ал баяу тұлға қалыптасқан тәртіппен салтты және норманы
сақтаумен шектеледі.
«Білім айнасы» 2022 ж.
50
Халқымыздың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері, шешендік сөздерінің рухани
құндылықтары мол. Өзіңе-өзің панасың, өзіңді өзің ғана қолдана аласың. Өзіңнің бақытты
болуың, болмауың өзіңе-өзің сенгендіктен болады.
Әр адамның мінезі, ішкі жан дүниесі
өзгеше оны түзетуге тура барлық адамды бірдей етіп, бір нәрсені бірдей ойлайтындай етіп
ешкім жасай алмайды. Жалғанда бір қуанып өтейінші дейтін адамдарда жеткілікті. Бәрін
алып қарасақта мұны және де адамдардың дұрыс бағыттарын, өмірдің тайғақ та, тасырқау
жолдарын түзетер бірақ нәрсе бар. Ол – жүзіңе нұр, жаныңа жылулық силайтын –
имандылық. Имандылықтың адал жолында рухани-адамгершілік құндылықтарымызды
жоғалтпау парызымыз!
Достарыңызбен бөлісу: