Республиканская научно-познавательная газета "Білім айнасы"



Pdf көрінісі
бет6/31
Дата17.02.2023
өлшемі0.93 Mb.
#469703
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
12-1091 журн Сборн

Мукаева Индира Турановна 
Алматы қаласы № 125 ЖББМ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 
 
Мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту негіздері 

«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз.Ұрпақ жалғастығымен адамзат 


баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді.Болашаққа бастайтын жарық жұлдыз – 
оқу. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман», - деп М.Дулатов айтқандай, егеменді 
еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні 
сияқты, жас ұрпағымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Кез–келген мемлекеттің рухани 
да, әлеуметтік экономикалық дәрежесі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейіне 
байланысты бағаланады.
Қазіргі кезде білім беру саласында адамның ақыл–ой, шығармашылық мүмкіндіктеріне 
қойылатын талаптар артуда. Республикамызда соңғы жылдары оқыту процесін ізгілендіру, 
оның практикалық бағыттылығын күшейту мақсатында біраз шаралар жасалды. Оларды 
«инновациялық процесс» немесе педагогикалық жаңалықтарды енгізу деп жүрміз. 
Балалардың психологиялық ерекшеліктерін, табиғи қабілеттерін ескере отырып, 
олардың сабаққа ынтасын арттыру, ой–өрісін, логикалық ойлау дәрежесін кеңейту, сонымен 
бірге экономикалық, эстетикалық, гуманитарлық, халықтық педагогикалық тәрбие беруде 
оқушылардың дүниетанымдық қасиеті, ізденгіштік пен мәселелерді шеше білуі мен ойлау 
қабілетін белсендендіру үшін түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдана білу қажет. Қазақ тілін 
оқушыларға меңгертуде оқыту әдістерін тиімді, жүйелі қолдану өз нәтижесін беретіні сөзсіз. 
Әдіс (метод) грек тілінен енген сөз. Оның бастапқы ұғымы «зерттеу» деген мағынаны 
берген. Бертін келе алғашқы мағынасы кеңейіп, «белгілі бір пәнді оқытудың әдісі» дегенді 
білдіреді. 
Сонымен, мұғалім үшін ең бастысы – сабаққа лайықты әдіс, тәсілдерді дұрыс таңдай 
алуы және оқытудың жаңа технологияларын алдымен жете меңгерудің, содан кейін оны оқу 
мазмұны, оқушыларды жас және психологиялық ерекшеліктеріне қарап таңдап пайдаланудың 
маңызы зор.
Педагогикалық технология, біріншіден, ұстаз шеберлігіне ықпал жасаса, екіншіден 
шәкірттердің ойлау қабілетінің ұштала түсуіне әсері мол. 
Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп
нәтижелер шығаруда.
Сонымен, жаңа педагогикалық технологияны әрбір сабақта, күнделікті тәрбиелік 
жұмысымызда қолдана білсек, онда еліміздің жастарын тәрбиелеуде жетістіктерге 
жететініміз даусыз. 
Қазіргі уақытта мемлекеттік тілді үйренушілер саны көбейіп келеді. Бұл дегеніміз қазақ 
тілін жоғары деңгейде оқытуға уақыт жеткендігін көрсетеді. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл 
ретінде қолданыс аясының кеңейе түсуіне орай, барлық мемлекеттік мекеме, ұйымдарда 
қазақ тілін үйрету курстары ашылуда, яғни осы күнде қазақ тілін үйренушілер қатары тек 
мектеп оқушыларымен және жоғарғы оқу орындарындағы студенттермен ғана 
шектелмейді.Өз ана тілін жетік білгісі келетін қаракөз бауырларымызбен қатар мемлекеттік 
тілді меңгергісі келетін өзге ұлт өкілдері де аз емес. Бұл – бәріміз үшін де қуанарлық жайт 
екені белгілі. Сонымен қатар, бұл талпыныс – қазақ тілін үйренушілердің тілге деген 
сүйіспеншілігін, қазақ тілін үйретудің тиімді жолдарын ұсынудың қажеттілігін дәлелдейді. 


 «Білім айнасы» 2022 ж. 

Қазір әлемдік әдістеме ілімінде де бұрыннан қалыптасқан «деңгейлік оқыту» ұғымы бар. 
«Деңгей» сөзі термин ретінде алғаш математика ғылымында пайда болған. Математикада бұл 
термин «өлшеу құралын», «шаманы» белгілейді.
Деңгейлік идея шет елдерде педагогика ғылымына 1920 жылдың басында енген. 
Ал кеңестік педагогикада деңгейлік оқыту мәселесін О. Б. Лошкова (деңгейлеп саралап 
оқыту), В. В. Фирсов (міндетті нәтижеге негіздеп деңгейлеп оқыту), В. П. Беспалько 
(тапсырмалардың қиыншылығын есепке алу әрекетінің төрт деңгейі) т.б. ғалымдар 
қарастырған.
Педагог – ғалым В. П. Беспалько зерттеу еңбектерінде деңгейлеп, саралап оқытуға 
кеңірек тоқталып, оның ең тиімді әдістерін, тың жолдарын, озық үлгілерін жаңашылдықпен 
дәлелдеп берді. 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда Мемлекеттік Білім стандарттарының мақсаттары 
мен міндеттерін басшылыққа ала отырып, профессор Ж.А. Қараевтың «Деңгейлеп оқыту 
технологиясына» негіздеп, деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушы білімін жетілдіруге 
болады. Оқыту барысында алдыға қойылатын мақсат – туған тілінің қыр-сырын, табиғатын 
таныта отырып, ертең өмірден орын таба алатын өзіне сенімді, нағыз ұлтжанды, парасатты 
ұрпақ тәрбиелеу.
Осыған орай, алдыма қойған мақсатымды жүзеге асыру жолында сан түрлі тиімді әдіс-
тәсілдерді қолдану арқылы сабақтың сапасын арттыруға көңіл бөлемін. Ал, сабақтың өз 
мазмұны мен құрылымы жағынан аралас, семинар, сайыс, жаттығу, ойын т. б. сабақтың 
түрлерін өтіп жүрмін. 
Бүгінгі күн өзін-өзі таныта алатын жеке тұлғаны дамытуда оқытудың озық жүйелерін 
меңгерту – уақыт талабы. Оқушылардың білім деңгейі, білімді меңгеру дағдысы барлығында 
бірдей болуы мүмкін емес жағдай. Сынып оқушыларының төмен, орташа, жоғары қабілетте 
болуы айқын үрдіс. Сондықтан баланың іздену, шығармашылық қабілетін дамытуда
Ж. А. Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы нағыз қажеттілік. Бұл деңгейлеп оқыту 
технологиясының мақсаты – әр оқушыны қабілеті мен мүмкіндігіне қарай оқыту, 
оқушылардың әртүрлі топтарының ерекшеліктеріне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау болып 
табылады. Яғни, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру. [1, 268]
Ғылыми ізденіс барысында лингвистика саласындағы оқытудың деңгейлік жүйесі 
оқушыларға тіл меңгерудің негізгі тиімді жолы болып табылады. Деңгейлік оқытудың 
ерекшілігі – оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс істей алатындығында. 
Сонымен бірге қазіргі жаңа технология мен оқыту барысында компьютерлермен оларды 
басқарушы алгоритмдер біздің қоғамымыздың маңызды бөлігіне айналады. Олай дейтініміз, 
бүгінгі таңдағы жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушының жаңаша 
оқытылуын, жаңа оқу әдістерін, жаңа мазмұнды қажет етеді. Сондықтан да болашақ ұрпақты 
бүгінгі үздіксіз оқытудың жаңа түрлеріне, жаңа құрылымына тез бейімдеуіміз тиіс.
Оқытудың жаңа технологиясының бірі – қазақ тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы 
оқыту. Оқушыларды деңгейге бөліп оқытудың тиімділігі сол, оқушылардың тәжірибелік-
теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін, әлеуметтік - психологиялық
танымын, сұранымын арттыру талап етіледі.
Мұғалім баланы оқыту барысында оқушыға өлең жаттатып, ережелерді оқытып, 
жаттығулар орындатып, әртүрлі жұмыстар жүргізеді. Оны талап етеді. Оқушы мұғалімнің 
айтқанын кітаптан оқып, өлеңді жаттап, ережені айтып беруі мүмкін. Бірақ, оқушы сол 
оқыған материалдардың ішкі дүниесін түсінді ме, ол туралы әрі қарай өздігінен ізденді ме, өз 
тарапынан жаңа пікір қоса ала ма, өмірде іске асырады ма, міне, негізгі мәселе осында жатыр. 


 «Білім айнасы» 2022 ж. 
10 
Деңгейлік тапсырмалардың ауқымы өте кең. Оқулықтағы жаттығулар – өтілген 
ережелер бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарына арналған тілдік, грамматикалық 
жұмыстар жүйесі. Деңгейлік жұмыс істеуде бала жалықпайды. Күрделі тақырыпты 
қарапайым тілмен жеткізе отырып, әрбір бала өз бетінше түсінігін айта отырып, өзінің тіл 
байлығын, білімін көтереді. Оқушылардың ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейтіп, білім 
деңгейінің өсуіне оқушылардың қабілетіне қарай саралап оқытудың ықпалы зор.
Деңгейлік тапсырмалар құрамына мәтіндер, крассворд, қызықты грамматика, тестік 
сұрақтар, іскерлік ойындар жүйесі кіреді. Бұлар оқытудың деңгейіне сәйкес оқушы саралап 
оқытуға ыңғайлы, әрі оқыту бағдарламасы бойынша оқушының жас ерекшелігі мен білім 
деңгейіне сай құралып, оларды оқулыққа қосымша ретінде пайдалануға болады.
Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлік 
оқыту барысында біліктілікке қол жетеді. 
Л.Л.Выготский: «Әр баланың өзінің деңгейі болатындай әр балаға берілетін 
тапсырманың көлемі оның деңгейіне лайықтап беріледі. Әр баланы өзінің даму зонасында 
жетілдіру керек» – деген екен. [2, 20] 
Деңгейлік тапсырмаларды орындауда мұғалім әрбір оқушыға жеке-жеке тапсырма беріп, 
оның жеке тұлғалық қабілетін арттыру үрдісін барлық уақытта өзінің назарынан тыс 
қалдырмайды.
Тіл үйренуші қабілеттерін дамыту, талантты тұлғалардың талабын ұшқырлау 
мақсатында ашылып, жұмыс істеп жатқан жаңа үлгідегі курс, тіл үйрету орталықтары заман 
талабына қарай өмірге келді.Бұл орталықтарда тіл үйренушілер қабілеттеріне, 
қызығушылықтарына қарай лайықталынып жасалған арнайы бағдарламалармен оқытылады. 
Қазіргі заман талабы әр тіл үйренуші әр сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймайды, 
соны өзі игеріп, ізденіп, талдап, пікір таластыру деңгейіне жетіп, даму үстінде болуын 
қалайды. 
Бүгінгі тілді оқыту принципі тіл үйренушілерді оқу барысындағы субъект ретінде 
қабылдайды. Профессор Ж.А.Қараев технологиясындағы оқу үрдісінде:
- тіл үйренушілерге сенімділік білдіру; 
- пәнге қызығушылығын арттыру; 
- тіл үйренуші өз біліміне сеніп оны әрі дамыту; 
- мақсат етіліп көзделген, өзіндік шығармашылық деңгейге көтерілу; 
Профессор Ж.А.Қараев технологиясының тиімділігі: 
Жаңа тақырыпты тіл үйренуші шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгеруі тиіс. 
Сондықтан мұндай сабақтарда тіл үйренушілердің ынтасын, белсенділігін арттыру үшін 
оларға проблемалық сұрақтар қойылып отырады. Тақырып бойынша жасақталған деңгейлік 
тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол тіл 
үйренушілердің ойлауын, елестету мен есте сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім 
сапасының дамуын қамтамасыз етеді. [6, 29] 
Деңгейлік саралау тіл үйренуші мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін 
дамытумен қатар, тіл үйренушілерге өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді.
Барлық тіл үйренуші өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан 
бастайды да оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге 
көшіп отырады. Бұл тіл үйренушілер арасында жарысу жағдайын туғызады және әр тіл 
үйренушінің өз қабілетін, қызметіне сәйкесті жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай 
жасайды.
Оқыту мақсатындағы ерекшеліктер: 

мемлекеттік тілді стандартқа сай меңгереді. 


 «Білім айнасы» 2022 ж. 
11 

Жаңа педагогикалық технологияны оқыту барысында өз деңгейін көтерерлік деген 
тіл үйренушіге толық мүмкіндік бар.
Деңгейлеп саралап оқыту тіл үйренушілердің білімін жаңа әдіспен, яғни рейтинг жүйе 
бойынша бағалауға мүмкіндік береді. Тіл үйренушілерді рейтинг жүйе бойынша бағалауға 
тиімділігі әрбір тіл үйренушінің өтілген тақырыпты қалай түсінді, сонымен қатар бүкіл топ 
өтілген тақырыпты қалай түсінгенін әрбір сабақ сайын біліп отыруға мүмкіндік жасайды. 
Барлық тіл үйренуші өз қызметін бірінші деңгейдің тапсырмаларынан бастайды.[6, 30] 
Деңгейлік жұмыстардың төрт деңгейге бөлінуі, үй жұмысын жақсы ұйымдастыруға 
және реттеуге жол береді.Себебі тақырыпты меңгерудегі төртінші деңгейлік тапсырмалар 
үлгерімі өте жақсы тіл үйренушілерге икемделіп, соған сәйкес құрылғандықтан бұл 
жұмыстарды толық сабақ үстінде орындап бітіруге барлық тіл үйренушілердің мүмкіндігіне 
жете бермейді.Сондықтан олар өз бетімен немесе сабақтан бос уақытта мұғалімнің көмегімен 
аяқтауға береді.

Бірінші деңгейдің тапсырмаларын орындап үлгергені қалауы бойынша қалған 
деңгейдің тапсырмалары; 

Екінші деңгейдің тапсырмаларын орындағандар қалауы бойынша одан да жоғары 
деңгейлік тапсырмаларды жалғастырып орындай беру; 

Сөйтіп, деңгейден деңгейге көтеріле беру тапсырылады. 
Ең жоғарғы деңгейдің шығармашылықты қажет ететін тапсырмаларын, әрине еңбекқор 
және осы пән бойынша дарынды тіл үйренуші орындай алады. 
Сондай-ақ, егер тіл үйренушінің білімі жоғары деңгейге жетсе, оны әрі қарай оқытудың 
керегі қанша деген сұрақ тууы мүмкін. Олай дейтініміз, басқа ұлт өкілдерінің тілдік деңгейін 
жоғарғы деңгейге дейін жеткізе алсақ, жеткілікті де болар.Бірақ бүгінде өз ана тілін тереңірек 
білгісі келетін қаракөздеріміз де баршылық.
Сонымен қатар тіл үйренушілерді деңгейлетіп оқытуда білім деңгейлерін анықтау үшін 
арнайы тест тапсырмаларының ескерілуі тиіс. Бұл тіл үйренуші деңгейін дұрыс анықтап, оны 
тереңдетуге мүмкіндік береді.Осы деңгейлетіп, оқытудағы мақсатымыз да – білім деңгейін 
анықтай отырып, оны одан әрі тереңдетіп үлкен жетістіктерге жету. Сондай-ақ, тіл 
үйренушіге табиғи жолмен кәсіптік бағдар беріп, қабілеті жететін саласынан дарынын ашуға 
көмектеседі. 
Қорыта айтқанда, Қазақстанның дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтерілетін 
білімді де мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару — қоғам, 
ұстаздар мен ата-аналар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет