Республиканская научно-познавательная газета "Білім айнасы"



Pdf көрінісі
бет4/31
Дата17.02.2023
өлшемі0.93 Mb.
#469703
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
12-1091 журн Сборн

 
 
Жаңа технологиялар әдісін оқу дағдысын жетілдіру барысында қолдану 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Бастауыш білім берудің жалпы 
білім беретін оқу бағдарламалары баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке 
қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын: негізгі мектептің білім беру 
бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, 
шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын 
дамытуға бағытталған»,- деп оқушылардың қабілетін бастауыш сыныпта қалыптастыру және 
одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Сол себепті бүгінгі күннің талабына сай бастауыш 
сынып оқушыларын оқу дағдысын жетілдіру, оқу қабілетін қалыптастыру мақсатында 
оқушыларға шығармашылық мотивация тудыру, оқуға шығармашылық қызықтыру 
мұғалімдер үшін маңызды.
Мұғалім оқушылардың еркін ойлауына, өз ойын жеткізе білуіне көмектеседі. Бастауыш 
мектеп мұғалімдері оқушылардың оқу, жазу және сөйлеу дағдыларын ғана емес, сонымен 
бірге оқу қабілетін қалыптастыру, оқу дағдысын жетілдіруді қамтамасыз ету үшін, дәрістерін 
жаңа технологиялар әдістерімен сүйемелдеп отырады. Жаңа технологиялар әдістері тиімді 
оқытуда маңызды орын алады, оқушыларды оқуға ынталандырады, түсініксіз ұғымдарды 
жеңілдетеді, абстрактілі ойлауға мүмкіндік береді, шығармашылық ойлау мен сөйлеу 
дағдыларын 
қалыптастырады. 
Педагог-ғалымдардың 
Ж.Д.Қараев, 
Н.Н.Нурахметов, 
Ш.Т.Таубаева, М.Н.Жанпеисова, т.б. пікірінше, оқушылардың оқуға белсенділігін арттыруға 
мүмкіндік жасайтын әдістемелік амалдардың бірі - интерактивті әдістер. №82 «Дарын» 
мамандандырылған лицейінде оқыту үдерісі кезінде негізгі мақсат етіп оқушылардың өз 
бетінше ойлауға және жауап табуға үйрету – интерактивті әдіс қолдау табуда. 
Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын жетілдіру үшін «Оқуға құштар мектеп»
жобаcы аясында оқушы деңгейіне жарамды, мақсатқа сәйкес, түсінуге қарапайымдылығы 
мен қол жетімділігі сияқты критерийлерге баса назар аударылып, таңдап алынған кітапты 
талқылау, ой бөлісу барысында жаңа технологиялар әдістері қарастырылды. Бастауыш 
мектепте жаңа технологиялар әдісін оқу дағдысын жетілдіру барысында қолдану жүйе болып 
табылады. 
Оның 
құрамы 
«Қазіргі 
заманғы 
педагогикалық 
технологиялар» 
Ф. Б. Бөрібекованың оқулығында көрсетілгендей келесі элементтермен анықталды: 
1. Мақсаты бастауыш сынып оқушыларына шығармашылық мотивация тудыру, оқуға 
шығармашылық қызықтыру арқылы оқушылардың оқу дағдысын жетілдіру, оқу қабілетін 
қалыптастыру болып табылды. 
2. Болжау. Оқушылардың деңгейіне жарамды, түсінуге қарапайымдылығы мен қол 
жетімділігі ескеріле отырып, кітапты оқуға анықталған уақыт берілді. Оқушылардың оқу 
қабілеті қорытынды сынып сағатында анықталды.
3. Оқушыларға сабақтан тыс өз бетімен орындайтын жұмыстар беріліп, деңгейлік 
мөлшерде саралап алынған тапсырмалар жиынтығы анықталды. 
4. Логикалық құрылым. Шағын мақсаттық мазмұны мен саны оқушылардың даму 
аймағын және уақыт бойынша әр аймақтың ұзақтығын орындаумен аяқталды.


 «Білім айнасы» 2022 ж. 

5. Түзету. Қарастырып отырған сұрақтарда оқушыларға мүмкін болатын қиындықтар,
оқушылардың көп жіберетін қателіктері, оқушының деңгейіне көтеру үшін педагогикаға тән 
шараларының жүйесі ескерілді. 
Ертегі оқыған баланың қиялы жүйрік, кейіпкерлерін танып, сезініп, мазмұнын терең 
түсінуіне мүмкіндіктері болары анық. Берілген қазақ халық ертегілері кітабының ішінен 
таңдап алынған ертегілер бойынша жаңа технологиялар әдісін бойынша көрсетілген 
элементтермен айқындалып, қорытынды сынып сағаты өткізілді. 
Сынып сағатының тақырыбы, мақсаты, міндеттері, логикалық құрылым, оқушылардың 
сабақтан тыс өз бетімен орындайтын жұмыстар, түзету жұмыстары анықталып, оқушыларды 
белсендендіру мақсатында жаңа технологиялар әдістері қолданылды. «Әдеби үйірме» әдісі 
негізінде берілген мәтінді оқу, талдау жұмыстарын өткізгеннен кейін, сынып оқушылары 
топтарға бөлінді. 
 Сілтеме табушылар тобы - Ертегінің қызықты жерлерін анықтады. 
 Сұрақ қоюшылар тобы – Ертегінің мағынасы бойынша топты ойландыратын сұрақтар 
қойды. Ертегінің мәні, басты кейіпкерлері кімдер, ертегідегі оқиғалар қандай, негізгі 
сауалдарға жауап іздеді. 
 Баяндаушы тобы - Ертегінің мазмұнын айтып, топта өткен ой талқысы туралы 
баяндама жасады. 
 Ізденуші тобы - Қосымша ақпарат, мәлімет жинақтады.
 Реттеуші тобы - Ой талқысына қатысып, кезекпен сөйледі, тәртіпті, барлық 
оқушылардың қатысуын қадағалады. 
Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде ертегінің негізгі идеясын ажыратып, өз ойларын 
көркем тілмен жеткізе білуге дағдыланды, шығармашылық қабілеттерін дамытты. Ақпарат 
алу, алынған ақпаратты өңдеу және талдау дағдылары қалыптасып, реттеуші рөлі арқылы 
оқушылар іс-әрекеттеріне талдау жасау дағдылары дамыды.
«Маған айтып берсең-ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, өзіме жасатсаң – 
үйренемін» деген көне қытай ғұламасы Конфуцийдің сөзін еске ала отырып, келесі 
ертегілерді талқылау барысында «Сахналау» әдісі қолданылды.
«Сахналау» әдісі – мәтінді әр түрлі бағытта сахналау, өз қалпында, күлкілі қалыпта, 
қорқынышты қалыпта көрініс қою. Оқушылар бір-бірінің техникасы мен стилін өзара бағалай 
алатындай етіп, бірнеше ертегіге қойған көріністерді бейнежазбаға түсіріп, жақсы мен 
жаманды салыстырып, талдау жасалынды. 


 «Білім айнасы» 2022 ж. 

«Сахналау» әдісі негізінде оқушылар ертегіден көрініс қоюға атсалысуға ықылас 
білдіруді, көркем сөйлеу мәнерін, ымдау, қимыл-қозғалыс, интонация қолдануды дамытты. 
Бұл әдіс оқушылар бойында көркем сөйлеу, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталған, 
сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқуға қызығушылықты көздеді. 
Нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының жаңа технологиялар әдістері оқуға 
ынталандырады, өзіндік дамытушылық, сыни ойлау дағдысын дамытуға әсер ететінін, 
әдістер көмегімен оқытудың оқушы жетістіктеріне әсер етуде тиімді екенін, оң нәтижелерге 
қол жеткізгенін байқадық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет