Республиканский научно-методический журнал «Педагогический мир Казахстана»


Музыка арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық



Pdf көрінісі
бет11/71
Дата18.04.2023
өлшемі3.17 Mb.
#472334
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   71
92-ПМК-3-92 (1)

Музыка арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық
дүниетанымын қалыптастырудағы педагогикалық шарттар 
Тастанбекова Жазира Токтагановна 
«№44 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 
музыка пəні мұғалімі 
Жас өспірімдері музыка əлемін түсініп қабылдауға, 
талғампаздығын тəрбиелеуде, эмоциялық сезімтал-
дығын қалыптастыруда, білімді, мəдениетті болып 
өсуіне əсер етуде музыка өнерінің алатын орны 
ерекше. 
Музыка — жасөспірімге дүниені жан-жақты та-
нып-білуге көмектеседі, баланың ойына азық беріп, 
кеңінен жəне əдеттен тыс ойлауға үйретеді, халық-
тың рухани мəдениетіне жақындастыра отырып, 
патриотизм сезімін тəрбиелеп, адамгершілік жəне 
азаматтық белсенділігін оятады. Сөйтіп, осының 
нəтижесінде қоғам үшін қажетті жеке адамның үй-
лесімді дамуына жəрдемдеседі. 
Өнерді, оның ішінде, атап айтқанда музыканы мек-
тепке “ендіру” процесі бірнеше бағыттар бойынша 
жүреді. Қоғамның барған сайын өсе түскен мəдени 
сұранысы мен талаптары, мектептің жаңа реформа-
сының қабылдануы мектепте ұлттық өнерді, соның 
ішінде ұлттық музыка мұрасын меңгерту туралы мə-
селені қоюдың жəне сол арқылы тəрбиеге нəтижелі 
ықпал етуге мүмкіндігін тудырады. 
Музыка тілі — өнердің басқа салаларымен салыс-
тырғанда күрделі тіл. Музыка айтылатын ой мен 
оқиға сазды дыбыстар арқылы береді, осыған бай-
ланысты музыканы қабылдауды оқушылардың бо-
йында қалыптастыру елеулі қиындықтар тудырып, 
жан-жақты ойластыруды қажет етеді. Музыка өне-
рінің ерекшелігі – адамның жан дүниесіндегі сөз 
бен тіл жеткізіп алмайтын құбылыстарды, сезімді 
дыбыс арқылы беруге мүмкіндік тудыруында. 


Статьи 

Қазақстанда ұлттық музыка өнерінің дəстүрін зерт-
теп жалғастырушы композиторлар А.Жұбанов, 
М.Төлебаев, А.Затаевич, Е.Рахмадиев, С.Мұхамед-
жанов, т.б. 
Композиторлардың шығармаларындағы ұлттық 
музыка өнері адамның қиялына қанат бітіріп, ойлау 
қабілетін дамытады, туған елін, жерін сүюге, мəде-
ниетін, əдебиетін, өнерін эстетикалық тұрғыда қа-
былдап сезіне білуге үйретеді, имандылық, ізетті-
лік, парасаттылық тəрізді қасиеттерге тəрбиелеп, 
рухани азығын молайтады. 
Бүгінгі қоғам құрылысының аса маңызды мəселе-
лерін шешуде мектептің оқу — тəрбие үдерісін 
адамзаттың бүкіл тарих бойы жинақтаған білімі, тə-
жірибесі мен өнерін меңгерту арқылы жетілдіру
халық педагогикасының тəрбиелік мазмұнымен та-
ныстыру қажеттігі туындап отыр. 
Музыка құндылығын сақтау жəне оны ұрпаққа жет-
кізу, балаларды ұлттық игіліктер мен адамзат мə-
дени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып 
оқыту, тəрбиелеу, оның жан-жақты дамуына мүм-
кіншілік жасау -жалпы білім беретін мектептің не-
гізгі мақсаты болып отыр. 
Қазақстан Республикасындағы барлық білім бере-
тін ұлттық мектептерге арналған ортақ тұжырым-
дама жасалды. Ол тұжырымдамада мектепті жаңар-
тудың көкейкесті бағдарламаларын (оны ұлттық 
жəне дүниежүзілік өркениеттің диалектикалық бір-
лігін сақтай отырып дамытуға, ізгілендіруге), сон-
дай-ақ мектептің ұлттық Бастауыш мектептерде 
музыка сабағын оқуту жүйесіне көптеген өзгеріс-
тер, жаңалықтар енгізіліп, авторлық бағдарлама-
лар, əдістемелік жинақтар шығармашылық ізденіс-
пен дамып келеді. Музыка саласындағы дəстүрлі 
халық музыка байлығын, Қазақстан сазгерлері шы-
ғармаларын насихаттау жаңа қырынан алға қойы-
лып, жаңартылған музыка бағдарламалары жаса-
луда. Дегенмен бұл əдістемелер мен бағдарламалар 
əлі күнге дейін ғылыми тұрғыда зерттеліп, оны бас-
тауыш мектепте толығымен қолға алынбағанды-
ғына көз жеткіздік. 
Музыка теориясын жасаған Шығыстың ұлы ой-
шылы оның басты нысаны — өнердің өкілі болып 
саналатын музыканың мəн-маңызын зерттеу деп 
есептеген. Ал музыканың тарихи заңдылықтарын 
зерттеген Əбу Насыр əл Фараби: «Оның дүниеге 
келуіне табиғи жəне сезімталдық қасиеттер əсер 
етті», — деп жазады. Ол бұл қасиеттерге адамның 
музыканы жазу мен жасауға қабілеттігін, ауыр ең-
бек бүтіндей тартып əкеліп, шаршаудан серпіліп, 
демалуға ұмтылуды жатқызады. 
Осылайша Əбу Насыр əл-Фараби халық шығарма-
шылығының бастауы болып саналатын – музыка-
мен поэзияның қызметін былайша айқындайды: бі-
ріншіден, тынығу – адамдар əн тыңдау арқылы де-
малумен қатар рахатқа бөленеді; екіншіден, əсерлі 
сезімді шығармашылық — өз тəнінің жағдайына 
əсер еткісі келеді: оның бойындағы белгілі бір жағ-
дайдан, үрей – қорқыныштан жұбату, одан серпілту 
немесе бірдеңені ұмыту; үшіншіден, белсенді шы-
ғармашылық — əн шырқау арқылы өзінің айтқан 
ауызекі сөздеріне белгілі бір мəн-мағына беріп, 
тыңдаушыны əсерге бөлеп, оның көз алдына терең 
түсіністік жағдайын елестету [1, 167 — б]. 
Демек, Шығыстың ұлы ойшылы музыкалық мəде-
ниеттің проблемаларын зерттей отырып, тұлғаның 
рухани жаңаруын, яғни оның педагогикалық мүм-
кіндіктерін бөлшектеп оқып – білу музыканың не-
гізі боларлықтай міндеті деп есептейді. Музыканың 
дүниеге келуін қарастырған ол вокальдық жəне ас-
паптық музыканы бөле-жара қарап, əн-жыр өнеріне 
басты маңыз береді. 
Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық талға-
мын қанағаттандыра отырып, олардың музыка өнері 
жөніндегі түсінігін кеңейтуде, ой-өрісін дамытуда за-
ман талабына сай құрылған музыка сабағының ма-
ңызы зор. «Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, 
таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге бай-
лап беру керек»-деп Мағжан Жұмабаев айтқандай
оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек. Осы 
бағыттарда мектептерде музыкадан теориялық жəне 
тəжірибелік білім беру жүйесінен біраз тəжірибелер 
жинақталған, солай бола тұрса да, музыка сабағын 
жүйелі оқыту, əсіресе қазақ мектептерінде ұлттық 
сазды əуендерге бай музыкалық мұраларымызды мо-
лынан пайдаланудың жолдарын ғылыми тұрғыда зер-
делеу, оны оқушылардың санасына сіңіру қазіргі таң-
дағы мұғалімдердің төл міндеті. 
Басты міндет-оқыту мен тəрбиелеу. Өз пікірінде 
көрнекті педагог В. Сухомлинский «Өнер — өне-
гелі, ақылды адамдарды тəрбиелейтін құрал» -деп 
тəрбие үрдісінде өнерге аса көңіл аудару қажеттілі-
гін қысқа да түсінікті түрде атап көрсетті. Сырлы 
да сазды əуендерді бүгінгі күн əуендерімен, класси-
калық музыкамен ұштастыра, шығармашылықпен 
тақырыпты аша түсіп, оқушыларды музыка əлеміне 
қызықтыра білу музыка мұғалімінің өз ісінде ше-
берлігін талап етеді [2, 12-б]. Оқуға ынтасы барды 
да, ынтасыздарды да, тəртіптілер мен тəртіпсіз-
дерді де музыка əлеміне қызықтырып, оқушылар-
дың рухани бейнесі, танымын қалыптастыра оты-
рып, қоғамның саналы азаматы етіп шығаруда му-
зыка пəнінің маңызы зор. Өйткені Музыка ырғағы 
кез келген оқушының сана түйсігі арқылы ойлау, 
қиялдау, елестету сынды психологиялық үдеріс-
терді дамытуына өз септігін тигізері хақ. 
Ал, Плотон мен оның ізбасарлары музыканың дү-
ниеге келуінің қайнар көзі ретінде оны тек құдай-
дан ғана берілген қасиет деп айтса, ал Əбу Насыр 
əл-Фараби мен оның ізбасарлары жеке тұлғалық 
жəне қоғамдық қажеттілік «Музыка жайлы үлкен 
кітабында»: «Адам өмірдің сан алуан жағдайла-
рына орай музыканы: біреулерге шаттық пен қуа-
ныш 
үшін, 
екіншілерге 
қайғы-мұң 
үшін, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет