Қазақ тілі, Қазақ тілі мен әдебиеті (5-11- сыныптар)
Күрделі жоспар құруға қойылатын талаптар:
а) кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдердің болуы;
ә) тақырыпқа сай ақпараттарды күрделі жоспар бөліктеріне сай жоспарлауы;
б) мәтінге қажетті ойлар негізінде бөлімдерге жекелеген тақырыпшалардың қойылуы;
в) ұсынылған тақырып туралы ақпараттардың, ойлардың, пікірлердің, талдаулардың, тұжырымның түйінінің тақырыпшадан көрініс беруі;
г) тақырыпқа сай терминдердің болуы.
Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыруға қойылатын талаптар:
а) тиісті жанр бойынша мәтін құрастырылуы;
ә) мәтіннің белгілі бір стильде сауатты жазылуы; б) мәтін құрылымының сақталуы;
в) тақырыптық тірек сөздердің дұрыс қолданылуы;
г) тақырып бойынша ақпараттық фактілердің көрсетілуі; д) тақырыпқа тән тілдік құралдарды қолдануы;
е) сөз жүйесінің сақталуы.
Жағдаятты талқылау, өз ойын дәлелдеп жазуға (аргументативті эссе) қойылатын талаптар:
а) эссе құрылымының сақталуы;
ә) тақырып бойынша субъективті көзқарасын білдіруі; б) жағдаят бойынша өз ойына дәлел, дәйектер келтіруі; в) ұсынылған тақырып бойынша ойын негіздеуі;
г) логикалық, стилистикалық бірізділікті сақтауы;
д) жағдаятты талқылауда тақырыптың теориялық негізіне сүйенуі;
е) жағдаятқа байланысты аргументтер, талдаулар, позицияларды көрсетуі; ж) өз тұжырымына негізделген аргумент ұсынуы;
з) өз тұжырымымен оқырманды көндіре білуі.
Перифраз тәсілдері арқылы жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазуға қойылатын талаптар:
а) ұсынылған ақпарат негізінде жинақы мәтін жазуы;
ә) көтерілген мәселені анықтап, мақсатты аудиторияның қызығушылығын оятуы;
б) ғылыми-ақпараттық стильде жазуы;
в) автордың позициясын дәл анықтап, сипаттауы; г) аннотацияға тән тілдік клишелерді қолдануы;
д) мәтіннің жаңашылдығы мен ерекшелігін көрсетуі; е) ойын логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізуі;
ж) жанрдың құрылымдық, стильдік ерекшеліктерін сақтауы.
Тұтас емес (кесте, диаграмма, сызба, сурет) мәтіндердегі мәліметтерді салыстыру, өңдеуге қойылатын талаптар:
а) тұтас емес мәтіндердегі ақпаратты салыстыруы, өңдеуі; ә) мәтіннің ақпараттық бірліктерін байланыстыра білуі; б) мәтінмен жұмыс істеу үшін мәселені анықтай алуы.
Достарыңызбен бөлісу: |