Республикасы Оқу-ағарту министрлігі



бет16/86
Дата16.04.2024
өлшемі0.79 Mb.
#498787
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   86
32 Сыныптар бойынша жазба жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар

Оқыту диктанттарының түрлері

Оқыту диктанттары ескерту, түсіндірме және түсініктеме болып бөлінеді де диктант мәтінін түсіндіру жұмыстың қай кезеңде де, яғни диктант мәтінін оқуға дейін де, кейін де немесе диктант мәтінін оқу барысында да жүргізіледі.
Диктанттардың түрлері:

  1. Әріп диктанты

  2. Буын диктанты

  3. Сөз диктанты

  4. Сөйлем диктанты

  5. Үйрету диктанты

  6. Есту диктанты

  7. Көру диктанты

  8. Өздік диктант

  9. Терме диктант

  10. Ескерту диктанты

  11. Шығармашылық диктант



Әріп диктантын жаздыру мақсаты мен оған қойылатын талаптар


Әріп диктантын жаздыру мақсаты – ана тілін жеткілікті білмейтіндер мен басқа ұлт балаларына қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылуы мен жазылуындағы фонемалық, орфографиялық ерекшеліктерге байланысты олардың бір-бірінен айырмашылықтарын және оларды жаза білуді қаншалықты дәрежеде меңгергендіктерін білу. Өйткені әріп диктанты барлық жазу жұмыстарының іргетасы.
Әріп диктанттарына мынадай талаптар қойылады:
-әріп диктантын үйрету диктанттарының басқа түрлері сияқты сыныптағы ең жақсы оқитын оқушыға алдымен түсіндіріп алып, соңынан оларға тақтаға жаздыру әдісімен бастау керек;
-жазылатын әріп қай дыбыстың таңбасы екендігін, дауысты болса, себебін, жуан, жіңішке түрге бөлінуін, дауыссыз дыбыстардың дауыстылар сияқты буын құрамайтынын және жеке айтылмай, тек дауыстыға қосылып қана айтылатындығын таныту қажет;
-әріпті жазуға, көзбен көруге болатынын, олар оқылатынын және бас әріп, кіші әріп (жазылу емлесі) болатынын білдіру керек;
-өткен әріптерге жаңа әріптің ұқсастығы мен өзіне тән айтылу, естілу сияқты фонемалық өзгешелігін әрбір оқушы саналы түрде түсініп, жаттанды болған дәрежеде айта білгенге дейін сабақ сайын қайталату қажет;
-дәптерлеріндегі сурет, сызық, әріптердің бөліктері, әріп, буын, сөз, сөйлем, т. б. бәрінің де әдемі, таза, ұқыпты, көркем жазылуын дағдыға айналдыру керек.
Міне, осы талаптардың бәрі әуелі мұғалімнің тікелей басшылығымен жүргізіліп, біртіндеп (алғашқы апталардың өзінде-ақ) белсенді, алғыр, зерек оқушылардың міндетіне көшіп, мұғалім сынып бақылаушысына айналады. Әр оқушының берген жауаптарын қадағалап, толықтыру зейінді оқушылардың ішінен бұрын өтілген материалдарды жете білмейтін, өзгелерге жан-жақты, еркін, саналы түрде түсіндіріп бере алмайтындарды айқындайды. Бұл жеке оқушының біліміндегі олқылықты анықтауда сынып талабына сүйенуі уақытты үнемдеумен бірге оқушылардың өздігінен жұмыс істеу белсенділігі мен сабақтардың сапалығын арттырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет