Республикасы Оқу-ағарту министрлігі



бет20/86
Дата16.04.2024
өлшемі0.79 Mb.
#498787
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   86
32 Сыныптар бойынша жазба жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар

«Қазақ тілі» оқу пәні (оқыту қазақ тілінде)

Пән бойынша 2-4-сыныптардағы жазба жұмыстарының көлемі көрсетілген.


«Қазақ тілі» пәні бойынша жазба жұмыстарының түрлері және көлемі



Жазба жұмыстарының
түрлері

2-сынып

3-сынып

4-сынып

Мазмұндама

40-60 сөз

60-80 сөз

80-100 сөз

Шығарма

25-35 сөз

35-55 сөз

55-70 сөз

Мұғалім жазбаша жұмыстарды өткізуде дескрипторлары бар критерийлер құрастырады. Жазбаша жұмыстардың дескрипторлары анық және нақты болуы тиіс. Олар тапсырманы орындаудың қай кезеңінде білім алушы қиындыққа және оларды түзетуге тап болды дегенді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл білім алушылар мен ата-аналарға конструктивті кері байланыс беруге мүмкіндік береді. Төменде критерийлермен жұмыс жасаудың үлгілері ұсыным сипатында берілген.


Жазба жұмыстарының түрлері, критерийлері мен дескрипторлары






Жұмыс түрлері

Критерийлер/дескрипторлар

1.

Мазмұндама

-мазмұндау кезінде ойды өзгертпей сақтай біледі;
-орфографиялық нормаларды







сақтайды.

2.


Шығарма

-жоспар құра алады;
-ой бірізділігін сақтай біледі;
- орфографиялық нормаларды сақтай біледі.



«Әдебиеттік оқу» оқу пәні (оқыту қазақ тілінде)


«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша мұғалім әр түрлі қосымша жұмыстарды жүргізуге болады. Ал тапсырма критерийлері мен дескрипторлары алдын ала дайындалады. Мұғалім шығармашылық жұмыстардың түрлері мен оларды ұйымдастыру мерзімін өзі анықтайды.

Пән бойынша жұмыс түрлері, критерийлері мен дескрипторлары








Оқудың түрлері

Критерийлер/дескрипторлар




Алгоритм бойынша әңгіме құрау

-алгоритм бойынша әңгіме құрай алады;
-әңгімедегі оқиғалардың дәйектілігін анықтайды;
-әңгімені аяқтай алады; құралған әңгімені жазады




Кейіпкердің атынан хат

-сөйлемдерді нақты әрі анық құрайды;
-дәйектілікті сақтайды;
-кейіпкердің іс-әрекетін бағалай алады, қорытынды жасай алады




Кейіпкерге хат
Мұғалім шығарманы өз қалауы бойынша таңдайды. Ал білім алушылар хат жазатын кейіпкерін өз бетінше таңдайды.

-өз хатына ат қоя алады;
-тірек сөздерді пайдалана отырып, ұсынылған тақырып бойынша хат жазады;
-өз ойын қисынды және жүйелі түрде жеткізеді;
-сөйлем құрау арқылы ойын дәл жеткізеді;
-кейіпкердің іс-әрекетін сипаттайды;
-кейіпкердің іс-әрекетін бағалай алады, қорытынды жасай алады




Санамақ құрастыру
Санамақ – баланың есептеу, ойлау қабілетін дамытуға арналған тілдік құралы.

-санамақтарды мақал-мәтелдерден, жұмбақтардан, т.б. ажырата алады;
-санамақ құрастырудың принципін түсінеді; өзінің құрастырған санамағына таныстырылым жасайды




Диалог

-диалог түрінде сөйлесе алады;
-диалогтің басында, ортасында және соңында айтылатын сөйлемдерді дұрыс қолданады;
-ойын түсінікті және дұрыс жеткізе алады;
-сөздік қорын көрсете алады




Кітап жасау
Шығармашылық жобаның бұл түрін (жеке немесе топтық) әртүрлі техникада орындауға болады. Бұл өзі суреттерін салып, қолымен жазылған кітап болуы мүмкін. Кітапты аппликациямен әрлеуге болады. Кітап әртүрлі мазмұнда бола алады:
-«Бұл қандай аң?»; «Ақ» сөзімен тұрақты сөз тіркестері, иллюстрацияланған (суретті) сөздік.

-шығармашылық жобаның тақырыбын анықтайды;
кітаптың мазмұнын ойластырады (ресурстарды таңдайды);
-суреттермен әрлейді;
-суреттер мазмұнына сәйкес келеді




Берілген рифма бойынша өлең (буриме) шығару және басқа да өлең түріндегі шығармаларды ойлап табу; сондай-ақ бірінші жолдың екінші жолын ойлап табу және т.б.

екі немесе бірнеше сөздің
қосымшаларынан, соңғы буындарынан ұйқасым таба алады;
берілген рифмаға сәйкес сөздерді таңдай алады;
берілген тақырыпқа сәйкес өлеңді жалғастыра алады




Ертегілер елінде
Әртүрлі ертегілерден сюжеттерді және кейіпкерлерді таңдайды, оларды біріктіріп, ертегі ойластырады. Білім алушылар кейіпкерлерін алмастыра отырып, өздерінің сүйікті ертегілерін таңдай алады.

-әртүрлі ертегілердің кейіпкерлерін бір сюжетке біріктіре алады;
ойластырған ертегісі түсінікті; оқиғалардың дәйектілігін сақтайды




Аяқталмаған әңгіме

ұсынылған бастамасы бойынша әңгімені жалғастырады;
әңгімедегі оқиғалардың дәйектілігін анықтайды;
әңгімені аяқтай алады




Оқылған шығармаға диафильм салу

мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді; мәтінді аяқталған мазмұндық бөліктерге бөле алады;
әр бөліктің негізгі ойын анықтай алады; әр бөлікке ат қояды;
дәйекті жоспар құрады; диафильм салады




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет