Республикасы Оқу-ағарту министрлігі



бет53/86
Дата16.04.2024
өлшемі0.79 Mb.
#498787
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   86
32 Сыныптар бойынша жазба жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар

Мақала (ағылш. article; entry, clause) - қоғамдық-әлеуметтік мәселелер туралы жазылған публицистикалық жанрдағы шығарма.
Мақала – журналистика жанры. Мұнда автор әлеуметтік жағдайларды, процестерді, құбылыстарды, ең алдымен, олардың негізінде жатқан заңдылықтар тұрғысынан талдау міндетін қояды.
Мақала мақсаты – оқырманға белгілі бір фактілерді, ережелерді, ойларды немесе олар туралы басқа біреудің пікірін жеткізу.
Әдетте, мақалада автор белгілі бір мәселені алға қояды, оны талдайды және шешімін ұсынады (қорытынды жасайды). Кез-келген мақаланың мақсаты – онда қамтылған ақпаратты тарату.
Шағын мақала жазуға бағыт-бағдар:

  1. таңдалған тақырыпты зерттеңіз;

  2. мақаланың жоспарын құрыңыз (кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім);

  3. баяндау формасында мақала жазыңыз.

Мақала жазуға қойылатын талаптар:
Аудитория (аудиторияға сай тақырып пен мәселе, лексикалық қолданыс анықталады)
-тақырыптың қызықтылығы (өзектілігі, маңыздылығы, жаңашылдығы)
-берілу форматы/формасы (аудитория талаптары мен қызығушылығынан шығады. Мысалы, баяндау, ғылыми деректер келтіру, статистикалық ақпараттар, т.б.)

  • мақаланың аяқталуы да өте маңызды, қандай көңіл күйде аяқталатынын алдын ала белгілеу.

  • тақырып аясында зерттеу жүргізу.

Тірек-сызбалар ‒ білім алушыларға пәннің әрбір тақырыбынан білімді игерудің міндетті талабының көлемін нақты алуына мүмкіндік береді. Тірек- сызбаларды пайдаланғанда сызбаның оқушы ұғымына сай болуына көңіл бөліну керек.
Тірек-сызба – сабақтың бейне жоспары. Тірек-сызбаны пайдаланудың нәтижесі – тақырыптың тұтастығын, қисындылығын, ықшамдылығын, көрнекілігін қамтамасыз етеді, оқушылардың білімін тиянақтайды, алған білімін оңай еске түсіруге көмектеседі. Оқушыларға сапалы білім беру, оқу бағдарламасындағы білімді қамту мен кеңейту жүйесін жүзеге асырудың тиімді жолы – тірек-сызбаларды пайдалану болып табылады.
Тірек-сызбалар кестелер, сызба нұсқалар, диаграммалар, модульдер, блоктар, суреттер арқылы іске асырылады. Тірек-сызбалар оқушы қиялын дамыту мен өзін-өзі талдау, қызығушылығын ояту, шығармашылығын дамытудың негізі.

Тірек-сызба үлгісі:





Ментальді карталар (майндмэппинг, mindmapping) – бұл ойлау қабілетін қалыптастырудың ерекше әдісі емес, ол нағыз қарапайым әдіс, ақпараттың үлкен көлемін есте сақтауға мүмкіндік беретін ойлау қабілетін дамытудың және баламалы жазбаның ыңғайлы әрі тиімді техникасы.
Метальді карталарды ойды жүйелеу, жоба жасауға жаңа идея тудыру, шешім қабылдау, ой шабуылын ұйымдастыру үшін пайдаланады.
Ментальды карта жасау үлгісі:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет