Республикасы Оқу-ағарту министрлігі



бет6/86
Дата16.04.2024
өлшемі0.79 Mb.
#498787
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
32 Сыныптар бойынша жазба жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар

Шығарма дегеніміз – оқушылардың тілдік және әдебиеттік білімдері мен өзінің таным, түйсік, көзқарасының тәжірибелеріне сүйене отырып өз ойын жүйелі, әдеби тіл қалыбында бере білуге машықтандыратын жазбаша тәжірибелік жұмыстың бірі. Қазақ әдебиеті пәндерінен шығарма жаздырудың мақсаты мен міндеті осы мазмұннан туындамақ.

  1. Шығармадан баланың тілдік мәдениеті, сөздік қоры, теориялық білімі, әдеби ұғым - түсінігі, жазуға икемі мен ойлау деңгейі байқалады.

  2. Шығарма – оқушының жеке тұлға ретінде өзін көрсете алуының белгісі, дағдылы жұмыстың көрінісі. Оқушының ауызша сөз саптауын қалыптастыруды біз қиын дейміз, ал ойын жазбаша түсіруге қалыптастыру одан да қиын. Олай болса, бұл – жүйелі түрде жүріп отыратын ұзақ үдерістің түпкі нәтижесі.

Нәтиже қай жұмыста да нәтижелілігімен бағалы. Алдындағы оқушысы ақ қағазға өз ойын, көзқарасын, пікірталасында туған шешімін түсіріп, тіпті өзіндік стиль айшығын танытып жатса, мұғалім жұмысының шынымен нәтижесі болғаны ғой. Жас ұрпаққа білім беруде олардың пәнге деген көзқарасын қалыптастыру үлкен рөл атқарады. Шығарма жазу үшін және оған жоспар құру әдістері оқушылардың ой - қабілеттерін арттыра түсетіні белгілі. Әдебиет сабағынан шығарма жазу – әдебиетті оқыту процесінің сапаға айналған нәтижесі болып табылады. Мұғалімнің педагогтік шеберлігі еңбегін айқындайтын, оқушының әдебиеттік ұғымын, білімін байқайтын, сынайтын көрсеткіш.
«Емтихандық жазба жұмыс – мектеп оқулығын немесе белгілі бір библиографиялық - сын мақаланы қайталап, болмаса мұғалімнің ой пікірін өңін айналдырып жазып беру емес. Оқушының көркем әдебиетті оқығанда алған әсерін, жазушының өмірімен, шығармашылық жолымен танысқанда білген, жалпы әдебиет пәнін оқуда көңіліне түйген, таныған, өзіндік ойлары мен сезімін дұрыс жазып беруін талап ететін уақыт жетті. Емтихандық шығарма сапалы болумен қатар, онда әңгіме етіліп отырған мәселені терең түсіндіру арқылы эмоционалдық жақтан айқын да анық баяндалуы және нақты пікірі әдеби көркем тілмен берілуі қажет» делінген.
Шығарманың өзін бірнеше топқа бөлуге болады:

  1. Оқушының өз тәжірибесіне, алған әсеріне байланысты.

  2. Еркін тақырыпқа жазылған шығарма.

  3. Әдеби тақырыпқа жазылған шығарма.

Сонда оқушының өмірден көрген, бақылаған өз тәжірибесі, өз өміріне байланысты, осы негізде жазған шығармалары бірыңғай жүйеленеді.
Шығармашылық талапты орындау, оқушының алған тақырыпты толық меңгеріп, оған қажетті материалдарды саралап, тақырыпқа тікелей байланысы жоқ жанама мәселелерден аулақ болу жазу жұмысының тиімділігін арттырудың айғағы екенін мектеп тәжірибелерінен көруге болады. Жоғары сыныптағы шығарма жұмыстарының шығармашылық толғаныспен жазылуы үшін ең алдымен жазу жұмысының теориялық негіздерін білу шарт.
Шығармаға дайындау:

  • Сөз үйрету

  • Сөздің мағынасын білдіру

  • Сөздерді таңдай білу

  • Әр шығарманың әр бөліміне лайықты сөздер қолданысын меңгеру.

2. Ой тастау

  • Сөзден идея тудыру

  • Идеяны түсіндіру

  • Идея мен тақырып байланысын білу.

Шығармаға қойылар талап әр түрлі, тіпті көп болуы мүмкін, бірақ мақсат

  • біреу: негізгі тақырып не, соны басты тақырып ету керек. Жоспарлау соның айналасында ғана болу керек.

4. Жоспар – шығарма айнасы. Тақырыпқа сай жоспар құру, жоспарға сәйкес шығарма жаза білу, жоспарда көрсетілген тақырыпшаларды аша білу – оқушыларға үлкен сын. Кейде оқушылардың жоспары тақырыпты мүлде ашпайды, оған еш қатысы жоқ болып шығады. Кей жағдайда шығармаларының мазмұны жоспарға мүлде қатыссыз болып шығады.
Тақырып, жоспар, шығарма – бұл үшеуі бірімен бірі біріктіріліп тұратын өзектес мәселелер. Оқушыларға мазмұндамадан гөрі шығарма жазып үйрету шәкірттеріміздің өзінше еңбек етіп, еркінше талаптануына, өз пікірін, ойын сарапқа салуына әсерін тигізері сөзсіз. «Талаптыға нұр жауар» деген халқымыз, өзінше талаптанғысы келген әрбір шәкірттерімізге жол - жоба, бағыт беру, ұшқыр қиялдарымен биікке самғай беруіне тілектес болу әрбір ұстаздың борышы. Ұстаз бен оқушы арасындағы осындай шығармашылық байланыстың тұрақтылығы ғана табысты жетістікке жол салады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет