Республики казахстан


Ғимараттар мен имараттарды сыртқы сәулеттік жарықтандыру



бет7/13
Дата26.06.2016
өлшемі448.5 Kb.
#159740
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13


7.4 Ғимараттар мен имараттарды сыртқы сәулеттік жарықтандыру

7.4.1 Сыртқы сәулеттік жарықтандыру кешкі мезгілде аса маңызды нысандардың айқын және жақсы көрінуін қамтамасыз ету керек және қаланың жарық ортасының қолайлығын арттыру керек. Сәулеттік жарықтандыру қондырғылары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің көздерін қарықтырмау керек.

7.4.2 Ғимараттар, имараттар, монументтер мен ландшафттық сәулет элементтері қасбеттерінің жарықтығы олардың маңыздылығына, орналасу орны мен оларды қалада көру қабылдау бойынша басым шарттарға байланысты нормалар бойынша қабылдау керек.

7.4.3 Сәулеттік жарықтандыру қондырғыларын жобалаған кезде жарықтандырылатын нысандардың қасбеттерінің беткі шағылысу есептік еселендіргіштері нақты өлшеулер деректері бойынша қабылданады.

7.4.4 Қасбетті бірқалыпты құйылған жарықтандыру кезінде максимальды жарықтықтың минимальды жарықтыққа қатынасы 3:1 аспау керек, ал бедерлі және көптүсті қасбеттерде 5:1 дейін болу керек. Сонымен бірге максимальды жарықтық негізгі композициялық-пластикалық элементтерде қалыптасу керек.

7.4.5 Қасбетті бірқалыпсыз құйылған жарықтандыру кезінде максимальды жарықтықтың минимальды жарықтыққа қатынасы 10:1 кем болмау керек, және 30:1 аспау керек. Сонымен бірге максимальды жарықтық жарықпен акценттелген элементте пайда болады.

7.4.6 Жарықтық сәулеттік ансамбльдерді жобалаған кезде басымдығы бар нысанның басты қасбетінің жарықтығы қабылданады. Бірегей ансамбльдің бағыныңқы нысандарының жарықтандырылатын қасбеттерінің орташа жарықтықтары кем дегненде екі сатыға азайтылу керек.

7.4.7 Әр жақтан көрінетін көлемді монументтер, ескерткіштер, кіші сәулеттік формаларды композициялық тұрғыдан нысанды қабылдаудың негізгі бағытымен байланысатын есептік жазықтықты белгілейтін айқын бағдарланған жарықтық ағымы бар екі-үш жақтан жарықтандыру керек.

7.4.8 Сәулеттік жарықтандырудың қондырғыларында разрядты жары көздері мен жарықдиодтары бар жарықшамдарды қолдану керек.локальды жарық беру кезінде хроматикалық сәулелену көздерін пайдаланған жөн.

7.4.9 Сәулеттік жарықтандыру аспаптарының жарық беру көздері қозғалыстың басты бағыттарындағы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің көздеріне шағылыспайтындай орналасу керек немесе жарық қорғау құрылғыларынмен экрандалу керек.



7.5 Апатты жарықтандыру





  1. Апатты жарықтандыру эвакуациялық және резервті болып бөлінеді. Эвакуациялық жарықтандыру: эвакуация жолдарын жарықтандыру, қауіптілігі жоғары аймақтарды жарықтандыру және үлкен алаңдарды эвакуациялық жарықтандыру (дүрбелеңге қарсы жарықтандыру).

Апатты жарықтандыру негізгі (жұмыстық) жарықтандырудың қуат көзі бұзылған жағдайда қарастырылады, және жұмыстық жарықтандырудың қуат көзіне тәуелсіз қуат көзіне жалғанады.

  1. Орынжайларда немесе ғимараттардан тыс жерлердегі жұмыс атқару орындарындағы эвакуация жолдарын жарықтандыруды эвакуация бағыттауыштары бойымен қарастыру керек:

  • эвакуация бағыты бойындағы дәліздер мен өтпелерде;

  • еден немесе жабын денгейі өгерген жерлерде;

- маршрут бағытының әрбір өзгерген учаскесінде;

- өтпелер мен дәлісдер қиылысында;

- басқыш марштарында, сонымен қатар әрбір текпішекке жарық түзу түсу керек;

- әрбір эвакуациялық шыға берістің алдында;

- әрбір медициналық көмек көрсету нүктесінің алдында;

- төтенше жағдай туралы хабарлауға арналған шұғыл байланыс құралдырын және басқа құралдарды орналастыру орындарында;

- өрт сөндірудің алғашқы құралдарын орналастыру орындарында;

- эвакуация жоспарын орналастыру орындарында.



  1. Ені 2 м дейінгі эвакуация жолдары үшін өтпенің еденінің орталық сызығы бойындағы көлденең жарықтық 1 лк-дан төмен болмау керек, сонымен қатар өтпе енінің 50% кем емес орталық сызыққа симметриялық тұрғыда орналасқан жолақ енінің жарықтығы 0,5лк төмен болмау керек.

Ескертпе – Ені үлкендеу өтпелерді екіметрлік жолақтар қосындысы есебінде қарастыруға болады немесе оларға үлкен алаңдарға арналған (дүрбелеңге қарсы жарықтандыру) нормаларды қолдану керек.


Минимальды жарықтандырудың максимальды жарықтандыруға қатынасы есебінде анықталатын жарықтандыру біркелкілігі 1:40 төмен болмау керек.

Эвакуация жолдарын жарықтандыру ұзақтығы 1сағаттан кем болмау керек.

Эвакуация жолдарын жарықтандыру жұмыстық жарықтандыру істен шыққаннан кейін 5 секундтан кейін мөлшерленетін жарықтықтың 50% қамтамасыз ету керек, ал 10 секундтан кейін мөлшерленетін жарықтықтың 100 %.


  1. Қауіптілігі жоғары аймақтарды эвакуациялық жарықтандыру әлеуеті қауіпті үдерістің немесе жағдайдың қауіпсіз аяқталуына дейін қарастырылу керек.

Қауіптілігі жоғары аймақтарды эвакуациялық жарықтандырудың минимальды жарықтығы жалпы жұмыстық жарықтандырудың нормаланған жарықтығының 10% құрау керек, бірақ 15 лк-дан төмен емес. Жарықтық біркелкілігі 1:10 төмен болмау керек.

Жарықтандырудың минимальды ұзақтығы адамдарға қауіп төніп тұрған уақытпен анықталу керек.

Қауіптілігі жоғары аймақтарды эвакуациялық жарықтандыру жұмыстық жарықтандыруды қуаттау көзі істен шыққан соң 0,5с кейін нормаланатын жарықтандырудың 100 % қамтамасыз ету керек.


  1. Үлкен аудандарды эвакуациялық жарықтандыру (дүрбелеңге қарсы жарықтандыру) ауданы 60 м2 астам үлкен орынжайларда қарастырылады да дүрбелеңді тоқтатып, эвакуация жолдарына қауіпсіз өту жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған.

Үлкен алаңдардың эвакуациялық жарықтандырылуының минимальды жарықтығы еденнің бүкіл бос алаңында 0,5 лк-дан кем болмау керек, орынжай жиегіндегі 0,5м жолақты есепке алмағанда. Жарықтандыру біркелкілігі 1:40 кем болмау керек.

Үлкен алаңдардың эвакуациялық жарықтандыруының жұмысының минимальды ұзақтығы 1 сағаттан кем болмау керек. Жарықтандыру жұмыстық жарықтандыру істен шыққаннан кейін 5 секундтан кейін мөлшерленетін жарықтықтың 50% қамтамасыз ету керек, ал 10 секундтан кейін мөлшерленетін жарықтықтың 100 %.



  1. Егер технологиялық үдерістің немесе жағдайдың шарттары бойынша жұмыстық жарық істен шыққанда жұмыстың бірқалыпты жалғасуын қажет еткен кезде резервтік жарықтандыруды қарастыру керек. Сонымен бірге, осыған байланысты жабдықтарға және механизмдерге қызмет көрсету қалпы бұзылып, мына жағдайларға әкеп соқтыруы мүмкін:

- адамдардың өлімі, жарақаттануы немесе улануы;

- жарылыс, өрт, технологиялық үдерістің ұзақ уақытқа тоқтауы;

- қоршаған ортаға уытты және радиобелсенді заттардың тасталуы;

- электр станциялары, радио, теледидар хабарларын тарату және байланыс тораптары, диспетчерлік пункттер, сумен жабдықтаудың сорғы құрылғылары, канализация және жылу жүйесі нысандарының, жұмыс тоқтауына тыйым салынған өндірістік орынжайларының ауаны желдету және баптау құрылғыларының бұзылуы және т.с.с.

Резервтік жарықтандыру, әдетте, эвакуациялық жарықтандыру мақсаттарына қолданылмау керек. Егер резервтік жарықтандыру эвакуациялық жарықтандыру мақсаттарына қолданылатындай жобаланатын болса, онда о жоғарыда келтірілген эвакуациялық жарықтандыруға белгіленген тиісті талаптарға жауап беру керек.


  1. Резервтік жарықтандыру жарықтығы жалпы жұмыстық жарықтандыру үшін мөлшерленетін жарықтың 30 %-нан кем болмау керек. Резервтік жарықтандыруға аса жоғары жарықтықтарды орнату қажеттілігі аталған нысанның қызмет ету жағдайларына байланысты технологтармен белгіленеді.

Резервтік жарықтандыру жұмыстық жарықтандыру істен шыққаннан кейін 15 секундтан аспайтын уақыт ішінде мөлшерленетін жарықтықтың 50% қамтамасыз ету керек, ал 60 секундтан аспайтын уақыт ішінде мөлшерленетін жарықтықтың 100 %.

  1. Жарықтық бағыттауыштары (қауіпсіздік белгілері) орнатылатын жағдайлар:

- әр эвакуациялық шығу есігінің төбесінде;

- эвакуация бағыттарын көрсете отырып, эвакуация жолдарында;

- медициналық көмек постын белгілеу үшін;

- алғашқы өрт сөндіру құралдарының орналасу орындарын белгілеу үшін;

- төтенше жағдай туралы хабарлауға арналған шұғыл байланыс құралдарын

орналастыру орындарын белгілеу үшін.

Жарық белгісінің негізгі жарық қуаты бұзылғандағы тиісті белгінің қауіпсіздік түсті өңірінің кез келген жерінде жарықтығы 10 кд/м2 төмен болмау керек немесе 2 кд/м2, егер түтін (өрт кезіндегі) қауіптілік факторы болып қарастырылмаса.


  1. Апатты жарықтандыру үшін қолданылатындар:

а) жарықдиодты жарық көздері;

б) люминесценттік лампалар – минимальды ауа температурасы 5 ºС төмен емес орынжайларда және барлық режимдерде лампалардың кернеуі номиналды қуаттың 90 % кем болмайтындай жағдайда болу керек;

в) қысқа мерзімді ажыратылғаннан кейінгі ыстық күйіндегі де, салқын күйіндегі де қас қағым сәтте немесе жылдам қайта қосылатындай жағдайдағы жоғары қысымды разрядты лампалар;

г) қызу лампалары – басқа жарық көздерін қолдану мүмкіндігі болмағанда.



  1. Апатты жарықтандырудың жарық беру аспаптары тұрақты әрекетті етіп, бір мезгілде жұмыстық жарықтандыру аспаптарымен бірге қосылып тұратын, және тұрақсыз етіп, тиісті аймақта жұмыстық жарықтандырудың қуат беру көзі істен шыққан жағдайда, автоматты түрде қосылатындай етіп қарастыруға рұқсат етіледі. Жұмыстық және апатты жарықтандыру үшін біртипті корпусы бар жарықшамдарды қолданған жағдайда, апатты жарықтандыру жарықшамдары қызыл түсті арнайы «А» әрпімен белгілену керек.

  2. Жарықтық бағыттауыштары мен апатты жарықтандыру белгілеріне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының «Өндірістік нысандарда сигналдық түстерге, белгілерге және қауіпсіздік таңбаларынақойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес болу керек





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет