Республики казахстан


Библиография………………………………………………………………………



бет2/13
Дата26.06.2016
өлшемі448.5 Kb.
#159740
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Библиография………………………………………………………………………


21



Кіріспе
Бұл құрылыс нормалары табиғи және жасанды жарықтандыруға қойылатын талаптарды реттейтін «Қазақстан Республикасындағы сәулеттік, қалақұрылыстық және құрылыстық қызмет туралы», «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарына және басқа нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес әзірленген.

Осы құрылыс нормалары Қазақстан Республикасының құрылыс саласына нормалаудың параметрикалық әдісін енгізу үшін әзірленіп, «Ғимараттар мен имараттардың, құрылыстық материалдар мен бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің дәлелді қоры болып табылады да ғимараттар мен имараттар орынжайларының, өнеркәсіптік және ауылшаруашылық кәсіпорындар алаңдарының, автомобиль және темір жолдарының, қалалардың, кенттердің және ауылдық елді мекендердің сыртқы жарықтандыруының табиғи, жасанды жарықтандыруын қауіпсіз орналастыру талаптарын қамтиды.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСТЫҚ НОРМАЛАРЫ

СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ТАБИҒИ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ЖАРЫҚТАНДЫРУ
ЕСТЕСТВЕННОЕ И ИСКУССТВЕННОЕ ОСВЕЩЕНИЕ

Енгізілген мерзім 2015–07–01

1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ





    1. Осы құрылыстық нормалар әр түрлі мақсаттағы жаңадан салынып жатқан және қайта құралымданатын ғимараттар мен имараттар орынжайларының, ғимарат сыртындағы жұмыс атқару орындарының, өнеркәсіптік және ауылшаруашылық кәсіпорындар алаңдарының, теміржол жолдарының жарықтандыруын, қалалардың, кенттердің және ауылдық елді мекендердің сыртқы жарықтандыруын жобалауға таралады. Станоктармен, машиналармен және өндірістік жиһазбен жиынтықта жеткізілетін жергілікті жарықтандыру құрылғыларын жобалауды осы нормаларға сәйкес жүзеге асыру керек.

1.2 Осы ережелер жинағы жерасты өндірістерін, теңіз және өзен кемежайларын, аэродромдарды, теміржол станцияларын және олардың жолдарын, спорт имараттарын, емдеу-профилактикалық мекемелерін, ауылшаруашылық өнімдерін сақтауға, өсімдіктерді, жануарларды, құстарды орналастыруға арналған орынжайларды жарықтандыруды жобалауда, сондай-ақ техникалық күзет құралдарын қолдану кезінде арнайы технологиялық және күзеттік жарықтандыруды жобалауда қолданылмайды


2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР



Осы құрылыстық нормаларды қолдану үшін келесі сілтемелі нормативтік құжаттар қажет:

«Ғимараттар мен имараттардың, құрылыстық материалдар мен бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 17 қарашасындағы №1202 қаулысы.

ҚР ҚНжЕ 2.04-01-2010 «Құрылыстық климатология».

ҚР ҚН 3.03-10-2014 «Трамвай, троллейбус тораптары мен байланыс желілері».

ҚР ҚН 3.01-01-2013 «Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және құрылысын салу».

Ескертпе – Осы мемлекеттік нормативті пайдалану кезінде сілтемелі нормативтік құжаттардың жыл сайын жарық көретін нормативтік-құқықтық актілер жайындағы ақпараттық анықтамалықтар бойынша, Қазақстан Республикасы аймағында қолданылатын сәулет, қалақұрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар тізбелері бойынша ағымдағы жылғы жағдайға байланысты және ай сайын басылып шығатын, осы жылғы тиісті ақпараттық анықтамалық бойынша тексерген абзал. Егер сілтемелі құжат алмастырылса (өзгертілсе), онда осы мемлекеттік нормативті пайдаланған кезде алмастырылған (өзгертілген) стандартты басшылыққа алған жөн. Егер сілтемелі құжат алмастырусыз тізімнен алып тасталынса, онда сілтеме жасалған ереже осы сілтемеге қатысы жоқ бөлігінде қолданылады.(Түзету)



3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР



Бұл құрылыстық нормаларда тиісті анықтамалары бар терминдер қолданылады:

3.1 Апатты жарықтандыруЖұмыстық жарықтандыру істен шыққан жағдайда қарастырылатын жарық түрі.

3.2 Акцент жасалатын жарықтандыру: Жарығы бәсең фонда жекелеген бөлшектерді жарықпен бөліп көрсету.

3.3 Бүйірлі табиғи жарықтандыру: Сыртқы қабырғалардағы жарық ойықтары арқылы орынжайды табиғи жарықтандыру.

3.4 Жоғарғы табиғи жарықтандыру: Ғимарат биіктігінің ауытқу тұстарындағы фонарьлар, қабырғалардағы жарық ойықтары арқылы орынжайды табиғи жарықтандыру.

3.5 Табиғи жарықтандырудың геометриялық еселендіргіші (коэффициенті): Толық емес жарық ойығынан өтетін және толық ашық көкжиектен сыртқы көлденең жарықтандырудың біруақытты мәніне тікелей ашық аспаннан шығатын жарықпен үй-жайдың ішіне берілген жазықтықтың қаралатын нүктесінде жасалатын табиғи жарықтандыру қатынасы, бұл ретте сол не өзге жарықтандыруды жасауда тікелей күн сәулесі қатыспайды, пайыздарда беріледі

3.6 Екі жақ бүйірден табиғи жарықтандыру: Екі қабырға жазықтығында орналасқан жарық ойықтары есебінен орынжайды табиғи жарықтандыру.

3.7 Кезекші жарықтандыру: Жұмыстан тыс уақытта жарықтандыру

3.8 Жол (қала жолы): Қала аумақтарымен өтетін және қалалық жол-көше желісінің құрамдас элементі болып табылатын, сондай-ақ қаланы онымен функционалдық тұрғыдан нысандармен байланыстыратын және көшелерге қарағанда көбінесе құрылыстан бос аумақтар бойынша салынатын автомобиль жолы.

3.9 Қосымша жасанды жарықтандыру: Табиғи жарықтандыруы жеткіліксіз аймақтарда жұмыс күні бойы пайдаланылатын жарықтандыру.

3.10 Табиғи жарықтандыру: Сыртқы қоршау құралымдарының ойықтары арқылы түсетін аспан жарығымен (тікелей немесе шағылысқан) орынжайды жарықтандыру.

3.11 Құйылып түсетін жарықтандыру: Жарық беретін аспаптармен ғимараттың немесе имараттың барлық қасбетін немесе оның басым бөлігін жалпы (біркелкі немесе біркелкі емес) жарықтандыру.

3.12 Қауіпсіздік белгісі: Түс, нысан және графикалық таңбалар немесе мәтін комбинациясының көмегімен қауіпсіздік ақпаратын беретін белгі.

3.13 Қозғалыс қарқындылығы: Қауырт уақытта жол төсемінің көлденең қимасы арқылы өтетін уақыт бірлігіне (сағатына бірліктер) көлік құралдарының саны.

3.14 Аралас жасанды жарықтандыру: Жалпы жасанды жарықтандыруға жергілікті қосылатын жасанды жарықтандыру.

3.15 Аралас табиғи жарықтандыру: Жоғарғы және бүйірлі табиғи жарықтандыру үйлесімі.

3.16 Табиғи жарықтандыру еселендіргіші (коэффициенті) (ТЖЕ): Тұтас ашық көкжиектен сыртқы көлденең жарықтандырудың біруақытты мәніне аспан жарығымен (тікелей немесе шағылысқаннан кейін) орынжайдың ішіне берілген жазықтықтың кейбір нүктесінде жасалатын табиғи жарықтандыру қатынасы; пайыздарда беріледі.

3.17 Қор еселендіргіші Kз (табиғи жарықтандыру үшін): Жарық ойықтарында жарық өткізетін мөлдір толтырмалардың ластануы және ескіруі салдарынан пайдалану үдерісінде ТЖЕ төмендеуін, сондай-ақ орынжай жазықтығының шағылысу қасиеттерін төмендетуді ескеретін есептік еселендіргіш.

3.18 Қор еселендіргіші Kз (жасанды жарықтандыру үшін): Жарық беретін аспаптардың оптикалық элементтерінің шағылысу және өткізу қасиеттерінің ластануы мен қалпына келтірілмейтін өзгеруі, жарық ағымының қайтуы мен жарық көздерінің істен шығуы, сондай-ақ орынжайдың беттерінің, ғимараттың немесе имараттың сыртқы қабырғаларының, жол немесе көшенің өтетін бөлігінің ластануы салдарынан жарық беретін қондырғыларды пайдалану үдерісінде жарықтандыру немесе жарықтықтың төмендеуін ескеретін есептік еселендіргіш.

ЕСКЕРТПЕ: Қор еселендіргіші K3 еуропалық тәжірибеде қолданылатын пайдалану еселендіргішіне кері пропорционалды

3.19 Жарықтық климат еселендіргіші (коэффициенті) т: Жарық климатының ерекшеліктерін ескеретін еселендіргіш (коэффициент).

3.20 Шағын жарықтандыру: Құйылып төгілетін жарықтандыру болмаған кезде, ғимараттардың немесе имараттардың бөлігін, сондай-ақ жекелеген сәулеттік элементтерінің жарықтандырылуы.

3.21 Жергілікті жарықтандыру: Тікелей жұмыс орындарында жарық ағымын шоғырландыратын шырағдандармен жасалатын жалпыға қосымша жарықтандыру .

3.22 Табиғи жарықтандырудың біркелкі еместігі: ТЖЕ орташа мәнінің орынжайдың сипаттық бөлігі шегіндегі кіші мәніне қатынасы.

3.23 ХЖК бұлтты аспаны (Халықаралық жарықтандыру комиссиясының – ХЖК анықтамасы бойынша): Толығымен бұлттармен жабық және шарттарды қанағаттандыратын аспан, бұл ретте оның көкжиек биіктігіндегі жарықтығы  аспан биігіндегі тал түс жарыққа тең (1 + 2 sin )/3 .

3.24 Жалпы жарықтандыру: Шырағдандар орынжайдың жоғарғы аймағында біркелкі (жалпы біркелкі жарық) немесе жабдықтың орналасуына қатысты (жалпы шағын жарық) орналасқан жарық.

3.25 Үлкен алаңдарды жарықтандыру (дүрбелеңге қарсы жарықтандыру): Дүрбелеңнің алдын алуға және эвакуациялау жолдарына қауіпсіз жақындауға арналған эвакуациялық жарықтандырудың түрі.

3.26 Қауіптілігі жоғары аймақтарды жарықтандыру: Өте қауіпті үдерісті қауіпсіз аяқтауға арналған эвакуациялық жарықтандырудың түрі.

3.27 Е жарықтандырылуы: Беткі жағының элементіне түсетін жарық ағымының осы элемент алаңына қатынасы; лк.

3.28 Шағылысқан жылтырақтық: Нысан мен фон арасындағы кереғарлықты төмендететін жұмыс беті мен күңгірт әрекеттер жарықтығын шамадан тыс арттыру салдарынан көру қабілетінің төмендеуін айқындайтын жұмыс істеуші көзінің бағытындағы жұмыс беткі жағынан жарық ағымының шағылысу сипаттамасы.

3.29 Қиылыс: Екі немесе одан да көп көше немесе жолдар бір деңгейде қосылатын немесе қиылысатын телім.

3.30 Жартылай цилиндрлік жарықтандыру: Қарсы келе жатқан жаяу жүргіншілердің түр-сипатын ажыратуды бағалау межесі. Жартылай цилиндрдің 1,5 м биіктігінде, оның радиусы мен биіктігі нөлге жақын көшенің көлденең сызығына тік орналасқан жоғары бетіне жарық ағымының орташа тығыздығы ретінде айқындалады.

3.31 Өтпе: Көлік, сондай-ақ жаяу жүргіншілер қозғалысына арналған аумақ .

3.32 Эвакуациялау жолы: Төтенше жағдайлар кезінде адамдарды эвакуациялауға арналған бағдар .

3.33 Жұмыстық бет: Жұмыс жүргізілетін және жарықтандыру қалпына келтірілетін немесе өлшенетін бет.

3.34 Жұмыстық жарықтандыру: Ғимараттардан тыс жұмыстарды орынжайларда және өндіріс орындарында қалыпты жарық түсіру шарттарын (жарықтандыру, жарықтандыру сапасы) қамтамасыз ететін жарықтандыру.

3.35 Жарықтандырудың таралу біркелкілігі: Минималды жарықтандырудың максималдыға Емин/Емакс. қатынасы.

3.36 Жолайырық: Көлік құралдарын бір жолдан екінші жолға өткізу үшін түсулері бар әр түрлі деңгейлердегі жолдардың қиылысы.

3.37 Резервтік жарықтандыру: Жұмыс жарықтандыруы ажыратылған жағдайда жұмысты жалғастыру үшін апаттық жарықтандыру түрі.

3.38 Жарықтық климат: Он жылдан артық кезең үшін сол не басқа жерді табиғи жарықтандыру шарттарының жиынтығы (аспан жарығымен және күннің тікелей шашырайтын жарығымен жасалатын көлденең және тік жазықтық көкжиегінің жақтары бойынша әр түрлі бағытталған жарықтандыру және жарықтар саны, беткі төсемінің күн сәулесінің және альбедосының ұзақтығы).



3.39 Жарық диоды: Жартылай өткізгіш диодтар арқылы электр тоғын өткізу кезінде толқын ұзындықтарының көрінім диапазонындағы когерентті емес сәулеленуді өткізуге негізделген жарық көзі.

3.40 Селитебті аймақ: Тұрғын үй қорын, қоғамдық ғимараттар мен имараттарды, соның ішінде ғылыми-зерттеу институттары мен олардың кешендерін, сондай-ақ қалаішілік қатынас жолдары, көшелер, алаңдар, парктер, бақтар, желекжолдар және ортақ пайдаланылатын басқа да жерлер үшін санитарлық-қорғаныс аймақтарының құрылуын талап етпейтін жекелеген коммуналдық және өнеркәсіптік нысандарды орналастыруға арналған аумақ.

3.41 Тоннельдерді симметриялы жарықтандыру жүйесі: Тоннельдің төбесі мен қабырғаларына жарық бөлгіш шырақтарды өзінің басты бойлық және көлденең жазықтықтарына қатысты симметриялы орнату кезіндегі жарықтандыру жүйесі, бұл ретте, шырақтардың жарық ағымының негізгі бөлігі көлік қозғалысының бойына (бойлық жүйе) немесе көлденең (кесе-көлденең жүйесі) бағытталған.

3.42 Тоннельдердің қарсы жарықтандыру жүйесі: Төбеге шырақтарды орналастыру кезінде, әдетте, өту бөлігінің осіне қатарлас жазықтықта жарықты асимметриялы бөлінетін жарықтандыру жүйесі, олардың жарық ағымының басым бөлігі көлік қозғалысына қарсы бағытталған.

3.43 Қосарланған жарықтандыру: Нормалар бойынша табиғи жарықтандыру жеткіліксіз болған кезде, жасандымен толықтырылатын жарықтандыру.

3.44 Күн көзіне қарсы экран (күннен қорғану қалқасы): Осы телімнің өту бөлігіне тікелей күн көзінің түсуін болдырмау немесе шашыраңқы күннің көзінің өтуін төмендету үшін жол телімінің кіру порталына түйісетінге орнатылатын құрылыс құралымы. Тоннельге кіру кезінде жүргізушіні жарыққа қайта бейімдеу үшін арналған .

3.45 Көшелердің, жолдар мен алаңдардың орташа жарықтандырылуы Еср: Жол төсемінің алаңы бойынша орташа мөлшерленген жарықтандыру.

3.46 Стробоскопиялық эффект: Нысандарбъектілер қозғалысының жиілік сипаттамаларының қысқалығы сәйкес келгенде және ауыспалы тоқпен қоректендірілетін жарық көздерімен орындалған жарық беру қондырғылары уақытында жарық ағымының өзгерістері кезінде туындайтын жалт ету кезінде айналып тұратын, қозғалатын немесе ауысатын көру қабылдауының бұрмалану құбылысы.

3.47 Шартты жұмыстық бет: Еденнен 0,8 м биіктікте орналасқан шартты қабылданған көлденең беткі жағы.

3.48 Пайдакүнемдік сыртқы жарықтандыру: Көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіз және жайлы қозғалысын қамтамасыз етуге арналған стационарлық жарықтандыру.

3.49 Фон: Қарастырылатын ажырату нысанына тікелей іргелесетін беткі жағы

Фон: ашық – 0,4 артық беткі жағын шағылыстыру коэффициенті кезінде; орташа – сол сияқты 0,2-ден 0,4-ке дейін ; күңгірт – сол сияқты, 0,2-ден кем есептеледі.

3.50 Орынжайдың (өзгеше) сипатты кескіні: Үй-жайдың жарық ойықтарын шынылау жазықтығына перпендикуляр (бүйірлі жарықтандыру кезінде) немесе аралықтың бойлық осіне жазықтық орынжай ортасының көлденең бөлігі. Орынжайдың сипаттық бөлігіне ең көп жұмыс орындары бар телімдер, сондай-ақ жарық ойықтарынан анағұрлым қашық жұмыс аймағының нүктелері келуі тиіс .

3.51 Түс беру (білдіру): Стандартты жарық көзімен жарықтанған нысандарды қабылдаумен саналы немесе санасыз салыстырылатын түрлі-түсті объектілерінің көзбен қабылдауға жарық көзінің спектаральдық құрамының әсерін сипаттайтын жалпы ұғым.

3.52 Эвакуациялық жарықтандыру: Адамдарды эвакуациялау немесе қауіпті үдерісті аяқтау үшін апаттық жарықтандыру түрі.

3.53 Эвакуациялық шығу: Төтенше жағдайлар кезінде адамдарды эвакуациялауға арналған шығу.

3.54 Ажыратылатын нысанның эквивалентті өлшемі: Фонның осы жарықтығы кезінде ажырату нысанындағыдай кіреберіс кереғарлығы бар жарықтығы тең фонда жарықтығы тең шеңбер өлшемі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет