Ресурс Іс-әрекеттегі кәсіптік оқыту әдісі ретінде зерттеу


Сұрақты қалай тұжырымдауға болады?



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата08.01.2024
өлшемі192.2 Kb.
#488663
1   2   3   4
Ресурс 2 - 6

 
Сұрақты қалай тұжырымдауға болады? 
Сұрақтар түрлі формада пайда болады. Көп жағдайда сұрақтың бірінші нұсқасы 
сыныбыңыздағы нақты жағдайларға байланысты болады. Бұл алғашқы шимай сұрақтар. 
Мысалы: «Сыныбымдағы кейбір балалар бір-біріне неге сонша зұлым?». Бұл сұраққа өз 
бетінше жауап бермей, әріптесіңізге бұл сұрақты қоюға және одан жауап алуға тырысыңыз. 
Жауап сізге сыныпта белгілі бір іс-әрекеттер жүзеге асыруды қажет ететінін, оның 


орындалуын қамтамасыз ету керектігін көз жеткізуге көмектесу керек. Сұрақ зерттеу 
сипатында болуы керек, мысалы, «Сыныбымдағы балалар арасында құрмет пен 
қоғамдастықты дамытуға мен қалай көмектесе аламын?». Сіз осы сұрақ негізінде зерттеуге 
қатысты іс-әрекетіңізді бастай аласыз. 
Зерттеуді жоспарлау 
Зерттеу жүргізу үшін зерттеу кестесін құру қажет. Мысалы: 
Қыркүйек - сізді не қызықтыратыны туралы жазыңыз, бұл туралы әріптестеріңізбен 
әңгімелесізіңіз. Сіз ұстанатын және әрекет ететін сұрақтарды анықтаңыз.
Қазан - сұрақтарыңыз туралы жазыңыз (неге Сіз үшін маңызды?). Бір таныс және бір 
жаңа зерттеу құралын пайдаланып деректерді жинай бастаңыз. 
Қараша - осы уақытқа дейін жинаған деректер туралы жазыңыз. Қажет болса, өз 
сұрақтарыңызды қайта қараңыз. Тиісті әдебиетте таңдаған мәселеңіз туралы оқып, жазба 
жазыңыз. Сіз осы уақытқа дейін не білдіңіз және сіз әрі қарай жасайтын әрекетіңіз туралы 
ойланыңыз. 
Желтоқсан - тақырыбыңыз бойынша оқығаныңыз туралы қысқа очерктер сериясын 
жазыңыз. Деректерді жинауды жалғастырыңыз. 
Қаңтар - деректерді жинаңыз. Сіз әлі күнге дейін білгеніңіз туралы жазыңыз. Сіз 
жазылғанды өзіңіз оқыған нәрсеге сәйкес келеді ме деп сұраңыз.
Ақпан — талдауды бастаңыз. Деректерді қысқа ұсынудың әр түрлі тәсілдерін 
қарастырыңыз. Ойланып көріңіз, деректер сіз оқыған материалға қатысты ма? Мүмкін,дәл
осы кезеңде жаңа әрекетті немесе әрекет жиынтығын қарастырарсыз? 
Наурыз - деректерді талдауды жалғастырыңыз. Сіз білгеніңіз туралы жаза бастаңыз. 
Сіздің тезисіңізді растайтын мәліметтеріңіз бар екеніне көз жеткізіңіз. 
Сәуір - зерттеу жобасын әзірлеңіз. 
Мамыр - жұмысты аяқтаңыз. Сіз не білгеніңізді және сіздің тәжірибеңіз қалай 
өзгергенін көрсетуді ұмытпаңыз. 
Маусым - Сіздің зерттеулеріңізді басқалармен бөлісу әдісін табыңыз және тағы бір 
зерттеуді жоспарлаңыз. 
Бұл кесте іс-әрекетті зерттеу процесінің барлық кезеңдерін қамтиды. Сіздің міндетіңіз 
- оқу жылының нақтылығы мен шектеулеріндегі осы қадамдарға сәйкес келу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет