Резус қайшылықты жүктілік.Гемолитикалық ауру,клиникасы,емдеу жолдары
Қайшылықтың бұл түрі жиі кездеседі,бұл жағдайда 20%-25% шамасында нәресте ауру болып туылады.(гемолитикалық ауру).Сәбилердің гемолитикалық ауруларының 90-93%-ының себептері резус-қайшылық.
Егер “теріс-резусты” әйел жүкті болса,оның жатырдағы ұрығы тұқым қуып,әкесінің оң резусты факторын алса,ананың иммундық жүйесі,өз ұрығының резус-факторына қарсы резус-антиденелерді өндіре бастайды.Резус антилердің кішілеу молекулалары плацента арқылы ұрыққа өтіп,нәрестенің эритроцитіне еніп,антиген-антидене комплекстерін құрып,қанның қызыл түйіршіктерін ерітіп жібереді.Еріп ыдыраған эритроциттердің билирубині ұрықтың қанына,мүшелеріне тарап,уландырып,гемолитикалық ауруға шалдықтырады.
Гемолитикалық аурудың 3 түрі бар
1.Гемолитикалық қан аздық сарғаюсыз және шеменсіз
2.Гемолитикалық қан аздық сарғаю түрімен
3.Гемолитикалық қан аздық сарғаю және шеменді түрімен
Гемолитикалық аурудың клиникасын төменгі белгілер арқылы анықтайды:ісіну,сарғаю және қан аздықтың дәрежесіне қарай.
Гемолитикалық аурудың клиникасын төменгі белгілер арқылы анықтайды:ісіну,сарғаю және қан аздықтың дәрежесіне қарай.
І.Гемолитикалық аурудың жеңіл дәрежесі:ауру нәрестелердің 50%-ында байқалады,антенаталды кезеңде емі жүргізілмейді,сәбиде шамалы қан аздық байқалады, (Hb-120-150г/л)-қалыпты жағдайда 160-180г/л.билирубин 3,5мг% (қалыпты жағдайда 2 мг).Неонаталдық кезеңде плазмадағы билирубиннің мөлшері 20мг%,ал гемоглобиннің мөлшері 80г/л-ге дейін төмендейді.