анықтады, олардың мәні мен үйлесімі адамдар үшін қолайлы жағдайларды
анықтайды:
- бөлмедегі ауа температурасы және оның тәулік пен жылдағы ауытқуы;
- бөлменің ішкі беттерінің температурасы; - бөлмедегі ылғалдылық пен
ауаның
тазалығы;
- ауа қозғалысының жылдамдығы.
Ғимараттарды, құрылыстарды және елді мекендерді жоспарлау кезінде,
айналамыздағы климаттық жағдайлардың әсерін есепке алуымыз қажет.
• Қалалар мен елді мекендерде адамдардың физиологиялық
қажеттіліктері мен мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыраты,
оңтайлы жағдайлар жасау үшін, адамның еңбегі мен демалысы үшін
қолайлы жағдайлар жасау үшін, тұрғын үйлерде жылу жайлылығын,
жарық, тазалық және ауаны ылғалдандыру
нормаларын сақтауды
қамтамасыз ету қажет.
• Бұл талаптарды елді мекендерді жоспарлау кезінде ескеру қажет.
Қала құрылысының жобасын климаттық анықтамасыз, яғни
жоспарланған күрделі құрылысты метеорологиялық бағалаусыз
жұмыс жүргізуге болмайды.
* Климаттық анықтамада келесі мәліметтер болуы керек:
1) атмосферадағы макро процестерге байланысты климаттың жалпы
сипаттамаларының көрсеткіштері ол - (радиация, ауа температурасы мен
ылғалдылығы, желдің жылдамдығы мен бағыты және т. б.);
2) әртүрлі объектілерді оңтайлы орналастыруды және жобалауды анықтау
үшін қажетті климаттың арнайы сипаттамаларының
нормативтік
көрсеткіштері;
3) жекелеген құрылыс аудандарының микроклиматтық жағдайларының
көрсеткіштері;
4) қаланың және оның жекелеген бөліктерінің осы жердің климатына
ықтимал әсерін бағалау;
5) жергілікті климаттың ерекшеліктерін ескере отырып,
қаланы
жоспарлауға арналған ұсыныстар.
Достарыңызбен бөлісу: