2 кесте
Отқа төзімділік дәрежесі.
|
Қабаттардың ең көп саны
|
Үймереттегі өртке қарсы қабырғалар арасындағы қабаттың ауданы, м2
|
Бір қабатты
|
Екі қабатты
|
3-5 қабатты
|
I - II
|
|
3500
|
3000
|
2500
|
III
|
|
2000
|
1000
|
-
|
IV a, IIIб
|
|
1000
|
-
|
-
|
IV, IV a, V
|
|
500
|
-
|
-
|
Ескерту - Үймереттердің I-II дәрежелі өртке қарсы қабырғасының арасындағы қабаттың ең үлкен ауданын, бөлмені автоматты өрт сөндіретін қондырғылармен жабдықтау кезінде, екі еседен аспайтындай үлкейтуге рұқсат етіледі.
3.8 Персоналға қызмет көрсетуге арналған кіру есіктері мен баспалдақтар, сатып алушыларға арналған кіру есіктері мен баспалдақтардан бөлек болуға тиіс.
Қоймаларға және басқа саудалық емес бөлмелерге кіру есіктері бөлменің (үйдің) өндірістік топтарының жағынан орналастырылуы тиіс.
3.9 Отқа төзімділігі V дәрежеліні қоспағанда, барлық дәрежедегі отқа төзімділікті ғимараттарда сауда залдарының, өзге бөлмелердің ішкі әрлеуі және эвакуация жолдары жанбайтын материалдардан орындалуы тиіс.
3.10 Жүк лифтілерінің саны мен жүк көтерімділігін есептеумен анықтау және тігіннен орын ауыстыруды ескерумен бірге қолданыстағы жабдықтау нормалары бойынша қабылдану керек. Қоршалмаған металды - қаңқалы шахтамен комплектіде әкелінген, екі аялдамасы мен: көтеруі биіктігі 5,2 м-ден аспайтын кіші жүк лифтілері өртке қарсы арақабырғалар мен аражабындар құрылғыларынсыз орнатыла алады; үй астында бұл лифтілерге кіруді тамбур - шлюз арқылы карастыру керек.
3.11 Тез өртенетін тауарлар мен жанатын сұйықтықтардың қоймаларын терезе ойықтары бар сырттағы қабырғалардың жанына орналастыру керек және оларды өртке қарсы сақтық 1 - типтегі арақабырғалар мен 3 - типтегі аражабындармен тамбур - шлюз арқылы кіру есігін қарастырып бөлуі керек.
3.12 Қоймаларды сауда залынан бөліп тұратын өртке қарсы арақабырғалардың орны сауда залын кеңейту мүмкіндігін ескерумен анықталады.
Кейінгі сауда залы ретінде кеңейтуге арналған алаңда орналастырылған ораусыз жанбайтын тауарлар үшін сауда залынан бөліп тұратын арақабырғаларды қарастырмай-ақ қоюға рұқсат етіледі.
3.13 Жанатын сұйықтықтардың, дезодоранттардың, сығылған газдардың саудасына арналған павильондар мен киоскілерді I,II,III а дәрежелі отқа төзімділігі, бөліп тұратын немесе сондай тауарларды сататын киоскілер тобында жасалуы тиіс.
3.14 Базардың ауданы 20 м2 дейін жететін территориясында әр киоскілер мен павилондардың топпен орналастыруға болады. Бір топта I, II,III,III,а дәрежелі отқа төзімділігі бар 20 - дан аспайтын киоскілер мен павилондарды немесе IIIб, IV, Ivа және V дәрежелі отқа төзімділігі бар - 10-нын орналастыруға рұқсат етіледі. Топтағы киоскілер мен павилондардың арасындағы арақашықтық нормаланбайды.
3.15 Жанатын сұйықтықтары және сығылған газдарды сатуға арналған павильондар мен киоскілер топтарының араларындағы, бөлек тұрған үймераттермен ғимараттардың араларындағы, сондай-ақ арнайы бағытқа салынған киоскілер мен павилондардың араларындағы арақашықтықтар 3 кестеге сәйкес қабылданады.
3- кесте
Топтағы киоскілермен павилондардың немесе бөлек тұрған үймереттер мен ғимараттардың отқа төзімділігінің дәрежесі.
|
Топтардың немесе бөлек тұрған үймереттер мен ғимараттардың араларындағы, олардың отқа төзімділігі дәрежелері бар арақашықтары (м).
|
I, II, III
|
IIIа
|
IIIб, IV, IV а және V
|
I, II, III
IIIа
IIIб, IV,IVа жәнеV
|
6
8
10
|
8
10
12
|
10
12
15
|
Ескерту - Топтағы киоскілер мен павильондардың әр түрлі отқа төзімділік дәрежелері бар топтан көрші үймереттерге дейінгі ара қашықтық ең төменгі отқа төзімділік дәрежесі бар ғимарат бойынша қабылданады. Тармақта көрсетілген бөлек тұрған киоскілер мен павильондардан өндірістік кәсіпорындардың ғимараттар тобына, тұрғын, қоғамдық және қосымша үймереттерге дейінгі және өнеркәсіптік үймереттерге дейінгі арақашықтықтар ҚНжЕ “Қалақұрылысы. Қалалық және ауылдық қоныстарын жобалау және салу” бойынша қабылданады. Ораулы заттарды (материалдарды) және инвентарьды сақтауға арналған бөлмелер 5 м2-тан аспау керек.
3.16 Кесілмелі материалдардың пакеттік штабельдер тобының ауданы 1200 м2-ден, қатарлық - 900 м2-ден аспау керек.
3.17 Пакеттік штабельдер тобының ауданы 4,5 га-дан аспауы, қатарлық - 3 га-дан аспауы тиіс.
3.18 Дөңгелек ағаш материалдар тобының ауданы 1,5 га-дан аспау тиіс, ал әр топтың ені - 70 м.
3.19 Штабель топтарын өзара ені 20 және 10 м болатын бойлық және көлденең жолдармен бөлу керек. Көрсетілген жолдар бойынша өрт сөндіретін машиналардың өту қамтамасыз етілуі тиіс.
3.20 Жабық қоймалардағы кесілмелі материалдар штабельдер тобының ауданы 180 м2-ден аспау керек, қатар биіктігі - 5,5 м2.
3.21 Автомобиль көліктерінің санатларын автомобильдердің габариттік өлшемдеріне қарай 4-кесте бойынша қабылдау керек.
4- кесте
№ п/п
|
Автомобиль көліктерінің санаты
|
Автомобильдердің өлшемдері, м.
|
Ұзындығы
|
Ені
|
1
|
I
|
6-ны қоса алғанға дейін
|
2,1 қоса алғанға дейін
|
2
|
II
|
6 аса 8 - дейін
|
2,1 - ден аса
2,5 - ға дейін
|
Ескерту - Ұзындығы мен ені жағынан кестеде көрсетілген өлшемдерден ерекшеленетін автомобильдерге арналған автомобилдік көліктің санаты ең үлкен өлшем бойынша белгіленеді.
4 ҮЙМЕРЕТТЕР МЕН ҒИМАРАТТАРДАН АДАМДАРДЫ ЭВАКУАЦИЯЛАУ
4.1 Эвакуациялық есіктер базардың территориясында және бөлмелерінде жүрген адамдарды қауіпсіз эвакуациялаумен қамтамасыз етуі тиіс.
4.2 Отқа төзімділігі I және II дәрежелі үймереттердегі сауда залдарында біріншіден екіншіге дейін немесе іргеліктен бірінші қабатқа дейін ашық бас баспалдақтар немесе пандустар рұқсат етіледі. Бұл баспалдақтар немесе пандустар тек қана сол сауда залында жүрген сатып алушылардың санының жартысына арналған эвакуациялау жолдарын есептеуде ескеруге рұқсат етіледі, ал қалған сатып алушыларды эвакуациялауға екіден аз емес жабық баспалдақ алаңы қарастырылады.
Ашық баспалдақтың ұзындығын еденнің ең алыс нүктесінен сыртқа шығатын эвакуациялық өткелдердің ауданының құрамында есептемеу керек.
4.3 Сауда залынан 2-ден аз емес сыртқа немесе жабық басқыш алаңдарына шығаратын бөлек орналасқан эвакуациялық шығу есіктері алдын-ала қарастырылуы керек.
Сауда залының ең алыс нүктесінен нақты эвакуациялық шығу есігіне дейінгі ара қашықтықты және соңғының енін қоғамдық ғимараттар жөніндегі құрылыс нормалары және ережелеріне сәйкес анықтау керек, бірақ 1,2 м-ден кем емес.
4.4 Бір уақытта базардың бөлмелері мен территорияларында жүргендердің саны эвакуациялық жолдарды есептегенде сауда ауданынан адам басына шаққанда 1,6 м2 есебінен аспау керек.
4.5 Эвакуациялық шығу есіктерінің есептегенде сауда залымен тура өткел арқылы байланысқан қызметтік басқыш алаңды және үймереттен шығуды ескеруге, егер сауда залының ең алыс нүктесінен жақын қызметтік баспалдаққа немесе үймереттен шығуға дейінгі арақашықтық қоғамдық ғимараттар жөніндегі құрылыс нормалары және ережелерінде көрсетілгеннен көп емес болғанда рұқсат етіледі.
4.6 Сауда қатарларының араларындағы негізгі эвакуациялық өткелдердің ені базардың ауданына қатысты алынады және мыналардан кем болмауға тиіс:
1,4 м................сауда алаңының ішінде - 100 м2
1,6 м....................................100-ден 150 м2- дейін
2,0 м....................................150-ден 400 м2-қа дейін
2,5 м....................................400 м2-тан көп
Ескерту - Турникеттердің, бақылаушы-кассирлердің және сауда залының сырт жағынан өткелдердің аралығындағы өткелдер ауданы негізгі эвакуациялық өткелдер ауданына қосылмайды.
4.7 Саудалық емес бөлмелер аймағында эвакуациялық есепте ескерілмеген бірінші және үйасты (іргелік) қабаттар арасындағы технологиялық байланысқа арналған ішкі басқыш алаңын алдын-ала қарастыруға рұқсат етіледі.
4.8 4 және одан да көп қабаттарда орналасқан сауда залдарына эскалаторлар ескерілуі қажет. Әр қабатта ауданы 1000м2-ден кем сауда залына эскалаторлардың жолаушы лифтілерімен ауыстыруға болады.
Эвакуациялау жолдарын есептегенде эскалаторлар мен лифтілер саналмайды.
4.9 Ашық базарлардағы эвакуациялық өткелдердің ені сауда орындары екі жақтан орналастырған кезде 2,5 м-ден кем болмау керек, сауда орындарында бір жағынан - 1,4 м
4.10 Төбесі жабылған базарлардың қоймалары мен басқа саудалық емес бөлмелерге кіреберістерді, бөлменің өндірістік топтар жағынан орналастыру керек.
4.11 Төбесі жабылған базарлардың тауарларды орын ауыстыру мен эвакуациялау жолдарындағы едендер жанбайтын болу керек және табалдырығы болмау керек.
4.12 Базар үймереттерінен эвакуациялау жолдарын есептеу кезінде қызметтік басқыш алаңын және сауда залымен тікелей немесе тура өткелмен байланысқан үймереттен шығуды есептеу керек.
Жүк түсіретін бөлмелер арқылы эвакуациялық шығаберістерді орнатуға рұқсат етіледі.
4.13 Эвакуациялық шығаберіс ретінде автобазарларда табалдырықсыз (калитка) есік немесе табалдырықты есіктің өлшемінен 0,1 м-ден көп емес биіктіктегі қақпаны пайдалануға болады және олардың орналастырылуы эвакуациялық шығуларға қойылған талаптарға сай болу керек.
5 СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ
5.1 Төбесі жабылған базарлардың, павильондардың және т.б. үймереттерінде сумен жабдықтау және канализация жөніндегі құрылыс нормалар және ережелер талаптарына сәйкес шаруашылық-ауыз сумен, өртке сөндіру және ыстық сумен жабдықтауды алдын-ала қарастыру керек.
5.2 Төбесі жабылған базарлардың сыртындағы өртті сөндіруге кеткен судың шығындары ҚНжЕ ”Сумен жабдықтау, сыртқы желілер мен ғимараттары” сай анықталады. Ашық базарлардың өрт сөндіру мақсатына арналған судың шығынын - 20 л/сек ретінде қабылдау керек.
5.3 Ағаш материалдарының ашық қоймаларында сыйымдылығы 10000 тығыз м3-ден көп бөгеттерсіз айналмалы су өткізетін тораппен жоғары қысымды өртке қарсы су құбырын алдын-ала қарастыру керек.
Ағаш материалдарының ашық қоймаларында сыйымдылығы 10000 тығыз м3-ге дейін төменгі қысымды өртке қарсы су құбырын қарастыруға рұқсат етіледі.
5.4 Ағаш материалдардың ашық базарларындағы бір уақыттағы өрттің есептік санын бір өрт ретінде қабылдау керек: базар ауданы 50 га дейін бір орын; 50 га жоғары - екі өрт.
5.5 Кесілмелі материалдардың ашық базарларындағы өртті сөндіру уақытын 5 сағаттан кем емес етіп алу керек.
5.6 Ағаш материалдардың ашық базарлардағы бір өртті сөндіруге кеткен судың шығынын 10000 тығыз м3-ге дейінгі ағаш материалдар қоймасының сыйымдылығына қарай, жоғарыда құрылыс нормалары және ережелер, ағаш материалдар қоймаларын жобалау жөніндегі өртке қарсы нормалар талаптарына сәйкес 45 л/с кем емес етіп қабылдау керек.
5.7 Өртке қарсы су құбырын лафеттік бағаннан шыққан 2-ден кем емес шағын ағыстармен ағаш материалдар штабелінің әр нүктесін суландыру шартынан есептеу керек. Өрт сөндіруге 150-ден 180 л/с-дейін суды шығындау кезінде өртке қарсы су құбыры бір мезгілде үшеуінің жұмысын және 180 л/с-ден және одан көп шығындау кезінде - 4 лафеттік бағаның жұмысын қамтамасыз етуі тиіс.
5.8 Кесілмелі материалдардың жабық қоймаларының сыртқы және ішкі өртін сөндіруге кеткен су шығынын 45-тен кем емес және 15 л/с-қа сай алу керек.
5.9 Су құбырының желісінде өрт гидранттарының орналастырылуы, үймеретті, ағаш материалдар базарының ғимаратын 100 м-ден аспайтын радиустағы 2 гидранттан әр қызмет көрсетілетін белгілі желімен өрт сөндіруді қамтамасыз етуі тиіс. Өрт гидранттарынан ағаш материалдарының қатар штабель дейінгі ара қашықтықты 8 м-ден кем емес етіп алу керек. Гидранттарға кіру қамтамасыз етілуі тиіс.
6 АУАНЫ ЖЫЛЫТУ, ЖЕЛДЕТУ ЖӘНЕ
КОНДИЦИОНЕРЛЕУ
6.1 Төбесі жабылған базарлардың, жәрмеңкелердің, павильондардың және т.б. ауасын жылыту, желдету және кондиционерлеуді жобалауды жылыту және кондиционерлеу жөніндегі құрылыс нормалары және ережелері талаптарына сәйкес және осы бөлімнің талаптарын ескере отырып жүргізу керек.
6.2 Төбесі жабылған базарлардың, жәрмеңкелердің жер үсті және іргелік қабаттарда орналасқан және табиғи жарық жоқ коридорларда, соңғылардың ауданына қарамастан ауа соратын желдеткішті қарастыру керек.
6.3 Табиғи желдетуді ауданы 600 м2-ге дейінгі төбесі жабылған базарлардың, жәрмеңкелердің сауда залдарында немесе бір адам басына шыққанда 20 м3-ден аз емес етіп сауда залының ауданынан қарамастан бөлменің көлемінде қарастыру керек.
Қалған жағдайларда механикалық қозғалыспен және екі есе ауа ауыстырумен ағынды-сорып желдетуді қарастыру керек.
6.4 Сақтау (қойма) камералары бөлмелерінде, қағида бойынша, желдетудің бөлінген каналдары бар табиғи сорғыш жүйесін қарастырады.
Қоймалардан және бөлмелерден механикалық сорып желдетудің жалпы алмастыру жүйелері осы бөлмелердің қабырғаларының және арақабырғаларының қиылысқан орындарында отты ұстап қалатын клапандарды орналастыру кезінде рұқсат етіледі.
6.5 Төбесі жабылған базарлардың, жәрмеңкелердің, павильондардың сауда залдарында, ағынды желдетумен біріккен ауа жылыту құрылғысы және қосалқы бөлмелерде орталықтан суды жылытуды қарастыру керек.
6.6 Елді мекендерде орналастырылып жатқан киоскілердің жылытуға электрлі немесе сулы (май радиаторларын, қыздыратын панельдерді қолданумен бірге) орналастыру керек.
7 ЭЛЕКТР ЖАБДЫҒЫ
7.1 Базарлардың, жәрмеңкелердің, сауда павильондардың электр қабылдағыштардың санатының электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету қатысына қарай мына түрде қабылдау керек:
бірінші санаты - өрт сорғылардың электр двигательдері, апаттық және эвакуациялық жарық, өрт сигнализациясын қоректендіретін қондырма;
базардағы электр қабылдағыш кешендерінің сауда ауданы 2000 м3-ден көп;
екінші санаты - базарлардағы электр қабылдағыш кешендерінің сауда ауданы 250-ден 2000 м3-ге дейін;
үшінші санаты - қалған базарладың электр қабылдағыш кешендері.
7.2 Ауданы 250-ден 2000 м3-ге дейінгі төбесі жабылған базарларда, жәрмеңкелерде, сауда павильондарында әртүрлі қоректендіру көздерінен екі кірме қарастырылады.
7.3 Ашық базарлардың территорияларында электр желілердің тек қана жерасты төсеміне рұқсат етіледі.
7.4 Бөлмені жылытуға пайдаланатын электрмен жабдықтау құралдары зауытта жасалған және термореттеушісі немесе термосөндірушісі болуы керек.
7.5 Электрқыздырғыш құралдар мен жанатын құрылыс құрылымдардың араларындағы ара қашықтықтар 0,25 м-ден кем болмауға тиісті.
7.6 Электр жылыту жүйелерінде пайдаланылатын қыздыру құралдары жанбайтын керегеторлармен (экрандармен) қоршалануы тиіс және жанбайтын негізде орналастырылуы керек.
7.7 Сақтау камераларында (қоймаларда) электр энергиясын жылуға тікелей өзгертетін қыздыру құралдарын ғана пайдалануға рұқсат етілмейді.
Аталған қыздыру құралдарын қызмет көрсететін персоналға арналған бөлмелерде пайдалануға рұқсат етіледі.
Бір жылыту құралының нақты қуаты 2 кВт-тан аспау керек.
Электрмен жабдықтау құралдарының қоректенуі ВРУ-дан бастап басқа электр қабылдағыштардан тәуелсіз болуы керек.
7.8 Барлық төбесі жабылған базарларда, жәрмеңкелерде және сауда павильондарында өрт сигнализация құрылғылары бар желдету жүйелерінің қорек көзін оқшаулауын немесе өрт сигнализация құрылғыларының болмау кезінде қол жететін орындардан олардың орталықтандырылған сөндіруді алдын-ала қарастыру керек.
7.9 Касса ақпараттарын құру орындары апаттық жарықпен қамтамасыз етілуі тиіс.
7.10 Сақтау камераларында (қоймаларда) және сауда бөлмелерінде штепселдік розеткаларды орындатуға рұқсат етілмейді.
8 ӨРТ СИГНАЛИЗАЦИЯСЫ, АВТОМАТТЫҚ ӨРТ
СӨНДІРУ ЖӘНЕ ӨРТ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАУ
8.1 Автоматтық өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықталуға тиістілер:
сауда ауданы 3500 м3-ден көп екі қабатты үймереттер;
сауда ауданына қарамастан үш және көп қабатты базар үймереттері.
8.2 Үймереттің жерасты бөлімдерінің аудандарына қарамастан барлық бөлмелер, сонымен бірге төбесі жабылған базарлардың бір қабатты және екі қабатты үймереттердің, жәрмеңкелердің іргелік немесе үй асты қабаттарында сауда залдарын орналастырған кезде автоматтық өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықталуы тиіс.
Автоматтық өрт сөндіру жүйесі болғанда, осы жүйелерге ішкі өрт крандарын қосуды қарастыру керек.
8.3 Автоматтық өрт сигнализациясымен жабдықталуға тиістілер:
өрт қауіпі бар тауарлар мен бөлмелер;
азық-түлік емес тауарлар бөлмелері (бұл бөлмелерде автоматты өрт сөндіру қондырғылары болмаған кезде);
азық-түлік тауарлар бөлмелері.
Киінетін бөлмелерде (дәретханаларда), душ, жуатын салқындатылатын камералар бөлмелерінде және сатуға дайындалған ет, балық, көкөніс пен жемістерді (жанбайтын ораулардағы) металл ыдыс - аяқтарды, жанбайтын құрылыс металдарды сақтау бөлмелерінде автоматтық өрт сигнализациясын қарастырмауға рұқсат етіледі.
8.4 Төбесі жабылған базарлар, жәрмеңкелер және сауда павильондары үймереттер, бөлмелер және ғимараттар автоматтық өрттік сигналдау жүйелерімен, өрт сөндірудің автоматтық қондырғыларымен жабдықтаудың нормалары талаптарына сәйкес орындалған өрт туралы адамдарға хабарлау жүйесін иеленуі тиіс.
8.5 Киоскілер мен контейнерлерді ғимараттың қасбетіне немесе тура қорғалатын бөлмеге шығатын дыбыстық сигналы бар автоматтық өрт сигнализациясымен жабдықтау керек (автономдық өрт хабарлаушылары).
8.6 Төбесі жабылған базарлардың, жәрмеңкелердің және павильондармен т.б. үймереттерден шығаратын эвакуациялық жолдарда олардың 50-ден артық адам есептік өткізу қабілетіне қарай “эвакуациялық” жарық орнатылуы тиіс.
9 БАЗАРЛАРДЫҢ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕ ӨРТ
ҚАУІПСІЗДІГІМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
9.1 Жалпы ережелер
9.1.1 Өрт қауіпсіздігінің осы талаптарын орындауға міндетті болып келетіндер: барлық мемлекеттік басқару органдарына, жергілікті өзіндік басқару органдарына, кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға, басқа да заңды тұлғаларға (меншік формасынан, қызмет түрінен және ведомстволық қатыстылығына тұлғаларға), олардың лауазымдарына (қызметтік жақтарына), Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ кісілерге арналады.
9.1.2 Базарда өрт шыққан жағдайда адамдардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс, сонымен бірге жергілікті өртке қарсы сақтық қызметімен келісетін және объектіні басқарушымен бекітілетін әр павильонға, алаңға, киоскіге және т.с.с арналған өрт қауіпсіздігінің шаралары туралы нұсқаулар әзірленуі тиіс.
9.1.3 Жұмысқа қайта қабылданатын барлық жұмысшылар мен қызметшілер базарда белгіленген өртке қарсы тәртібін сақтау туралы нұсқаумен таныстырылуы тиіс. Бір жыл өткен соң, сонымен бірге базардың ерекшелігінің өзгеруі кезінде қайталама нұсқаулық өткізіледі немесе өрт-техникалық минимум бойынша жаттығулар ұйымдастырылады. Өрт-техникалық минимумын өтіп болған соң, сынақ қабылданады.
9.1.4 Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапкершілік:
- базардан толықтай, оның құрылымдық бөлімшелерінде бірінші басшыларға (кәсіпкеріне, жұмыс берушілеріне) артылады;
- бөлек территориялардың, үймереттердің, ғимараттардың, бөлмешелердің, электр жүйелердің және т.с.с. өзінің бұйрығымен, кәсіпорын басқарушысы (кәсіпкер, жұмыс беруші) анықтайды;
- территорияларды, үймереттерді, ғимараттарды, павильондарды, бөлшелерді, киоскілерді жалға алу кезінде жалдаушылар, егер жалға алуға арналған келісім-шартта басқасы айтылмаса.
9.1.5 Меншік нысанына қарамастан міндетті:
- өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтауға, сонымен бірге ұйғарымды орындауға және мемлекеттік өрт бақылау органдарының басқа да заңды талаптарын орындауға;
- өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға;
- өртке қарсы үгіт насихат жүргізуге, сондай-ақ өздерінің жұмысшыларын өрт қауіпсіздігінің шараларын үйретуге; өртке қарсы қызметінің бөлімшелерін белгіленген нормаларға сай құруға және ұстауға ;
- өрт сөндіру жүйелері мен құралдарын жөнделген күйде күтіп ұстауға, олардың мақсатсыз қолданылуына рұқсат етілмейді;
- өрт сөндіру кезінде, себептерін анықтау мен олардың пайда болу мен даму жағдайларының кезінде өртке қарсы қызметтері жәрдем көрсетуге;
- өрттерді табу және сөндірудің автоматтық құралдарын енгізу шараларды жүзеге асыруға;
- базардың территориясында мемлекеттік өртке қарсы қызмет өкілдерінің заңмен белгіленген тәртіп бойынша олардың қызметтік міндетін жүзеге асыру кезінде кіруге болатынын қамтамасыз етуге;
- мемлекеттік өртті бақылау органдарына базардың территориясында болған өрттердің және олардың салдары туралы мәліметтер мен құжаттарды көрсетуге міндетті.
9.2 Территорияның күтімі
9.2.1 Базарлардың территориялары өртке қарсы ажыраулар көлеміндегі үймереттер мен ғимараттардың, ашық қоймалардың араларындағы жанатын қалдықтардан, қоқыстардан, түскен жапырақтардан, кепкен шөптерден және т.с.с.- дан уақытында тазартылуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |