9.2.2 Өртке қарсы ажыраулар, үймереттер мен ғимараттар, ағаш штабельдері, кесілмелі материалдары, басқа материалдар араларындағы материалдарды, құралжабдықтарды, тараларды қоймаға қоюға, көліктердің тұрақтарына пайдалануға рұқсат етілмейді.
9.2.3 Үймереттерге, ғимараттарға, ашық қоймалар мен су көздеріне, өрт сөндіруге пайдаланатын жолдар, жүру жолдары, өткелдер мен кіреберістер, өрт инвентарына жақындау жолдары барлық уақытта бос болуға, жөнделген күйде ұсталуға тиісті, ал қыста қар мен мұздан тазартылуға тиісті.
Өрт сөндіру машиналарының жүруіне кедергі жасайтын жолдардың немесе өткелдің жөндеуге жабылуы туралы немесе басқа себептерге байланысты, бұл жұмыстарды қызметтің бөлімшелеріне тез арада хабарлауға тиісті.
9.2.4 Базарлардың территорияларында өртке қарсы су көздерін, үймереттер мен ғимараттарға кіруін тез табуға жеткілікті сыртқы жарығы болуға тиісті.
9.3 Үймереттердің, павильондардың,
бөлмелердің, киоскілердің күтімі
9.3.1 Базарлардың павильондары, үймереттері, ғимараттары мен киоскілері (контейнерлері) жөнделген бірінші өрт сөндіру құралдарымен (2-қосымшаға сәйкес), өртке қарсы сақтық қызметін шақыруға арналған байланыс құралдарымен және (күшіне енген) қызметтегі нормаларға сәйкес өртке қарсы автоматикасымен қамтамасыз етілуі тиіс.
9.3.2 Базарлардың өртке қарсы жүйелері мен құрылымдары (түтінге қарсы қорғаныс, өртке қарсы автоматиканың құралдары, өртке қарсы есіктер, клапандар, өртке қарсы қабырғалар мен аражабындағы басқа қорғаныс құрылғылары және т.с.с) үнемі жөнделген күйде ұсталынуы тиіс.
Өртке қарсы сақтық және түтінге қарсы есіктердің (құрылымдардың) дұрыс жабылуына кедергі жасайтын қандай да болса құрал-жабдықтарды орнатуға рұқсат етілмейді.
9.3.3 Құрылыс құрылымдарының, жанатын әрлеуші және жылуоқшаулағыш материалдардың, металл материалдардың оттан қорғаушы жамылғыларын (сылаулар, арнайы бояулар, лактар, сылақтардың және т.с.с) бұзу дереу тоқтатылуы керек.
Нормативтік талаптарға сәйкес өңделген ағаш құрылымдар мен маталар өңдеу (сіңу) мерзімінің аяқталуына қарай сыналады және құрамының оттан қорғану қасиеттерін жоғалтқан жағдайда қайтадан өңделуге (сіңірілуге) тиісті.
Оттан қорғаныс өңдеу (сіңу) күйі жылына кем дегенде екі рет тексерілуі тиіс.
9.3.4 Бөлмелердің қайта жобалау кезінде, олардың функционалдық мақсатының өзгеруінде немесе жаңа технологиялық жабдықты орнату кезінде өртке қарсы сақтық талаптары сақталуы тиіс.
9.3.5 Базарлардың бөлмелерінде, павильондарында және ғимараттарда тыйым салынады.
- ЛВЖ және ГЖ-лардың үй астындағы және іргелік қабаттарындағы оқ-дәрілерді, жарылатын және пиротехникалық заттарды, газы бар баллондарды, аэрозольды ораулардағы тауарларды, целлулоидты және басқа жарылатын заттар мен материалдарды сақтау мен пайдалануға;
- заттар мен материалдардың өрт қауіпті физикалық-химиялық қасиеттерін (тотығу қабілеттігі, өзінің қыздырылуы мен ылғал түскен кезде, ауамен жанасқанда өртенетін және т.с.с.) өрт сөндіру заттарының сыйымдылық және біртектілік белгілері барларды сақтауға;
- тауарларды, жабдықтарды, үй жиһаздары мен басқа заттарды сақтауға арналған шатырларды, техникалық қабаттарды, желдету камераларды және басқа техникалық бөлмелерді пайдалануға;
- лифттік холлдарда қоймаларды, киоскілерді, дүкендерді және т.с.с. орналастыруға;
- эвакуациялау жолдарында сауданы ұйымдастыруға;
- жобада қарастырылған вестибюльдердің және холлдардың, коридорлардың, тамбурлардың және басқыш алаңдардың есіктерін алып тастауға;
- есіктерді, коридорларды және сыртқы эвакуациялық баспалдақтарға шығаберістегі тауарлармен, жиһаздармен, жабдықтармен және басқа заттармен үйіп тастауға;
- бензинді, керосинді және басқа ЛВЖ мен ГЖ пайдаланумен бөлмені жинау жұмыстарын жүргізу, сондай - ақ қатып қалған - құбырларды жылытуды дәнекерлейтін шамдармен және ашық отты пайдаланумен жасауға;
- терезелерде бітеу торларды орнатуға;
- сауда залдарында, сатып алушылар жүргенде отты жұмыстарды жүргізуге;
- шығулардан, басқыш алаңдардан және басқа эвакуациялық жолдардан 4м жақын жерде өрт қауіпті тауарларды сату бойынша бөлімдерді, бөлмелерді орналастыруға;
- эвакуациялау жолдарында және басқыш алаңдарда сағат жөндеу пункттерін, граберлі және басқа шеберханаларды, сонымен бірге дәріханалық, газеттік, кітап сататын және басқа киоскілерді орналастыруға;
- сауда қолдарында үрленетін шарларды толтыруға және басқа мақсаттарға арналған ГГ бар баллондарды орнатуға;
- басқыш алаңдарда; тамбурларды және басқа эвакуациялау жолдарында сауда жасауға;
- 15000-нан аса аэрозольдық орауларды сақтауға;
- басқыш алаңдарда және коридорда қойма жасауға, сонымен бірге баспалдақтардың белдеулерінің айында және алаңдарда тауарларды, жиһаздарды және басқа жанатын материалдарды сақтауға.
9.3.6 Сауда залдарында және эвакуациялау жолдарында жанатын материалдарды, қалдықтарды, орауларды және контейнерлерді уақытша сақтауға рұқсат етілмейді.
9.3.7 Терезе ойығы жоқ немесе түтінді кетіру тақталары жоқ бөлмелерде жанатын орауларды жанатын тауарлардай, жанбайтын тауарларды сақтауларды ұйымдастыруға рұқсат етілмейді.
9.3.8 Сіріңкелерді, иіссуларды, иісмайларды, аэрозольдарды орауларды және басқа қауіпті, өртке қатысты тауарларды сақтау арнайы даярланған бөлмелерде басқа тауарларды сақтау арнайы даярланған бөлмелерде, басқа тауарлардан бөлек жүзеге асыру қажет.
9.3.9 Жоғары сұранысқа ие тауарларды сату кезінде басқарушы (кәсіпкер) сатып алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шараларды (сауда залдарына адамдардың кіруін шектеу, қосымша кезекшілерді тұрғызу және т.с.с.) қабылдауға міндетті.
9.3.10 Үймереттер мен ғимараттарда орналастырылатын киоскілер мен дүкеншіктер (егер нормативтік құжаттарға қайшы келмесе) жанбайтын материалдардан болуға тиісті.
9.3.11 Жұмыс уақытында тауарларды кіргізу мен тараларды шығару, сатып алушылардың эвакуациялық шығаберістермен байланыспаған жолдар бойынша жүзеге асырылуы тиіс.
9.3.12 Тұрмыстық химиямен, лактармен бояулармен және басқа ЕВЖ-мен ПЖ-мен әрқайсысы 1 л-ден астам сыйымдылығы бар әйнекті тараларға өлшенген тауарларды, сондай-ақ “өртқауіпті”, “оттың қасында шашуға болмайды” дегендей ескерту жазбалары бар таңбасыз өртқауіпті тауарларды сатуға рұқсат етілмейді. Өрт қауіпті тауарларды белгілі нормалармен орату арнайы осы мақсатқа арналған бөлмелерде жүзеге асырылады.
9.3.13 Жанбайтын материалдардан жасалған бөлек тұрған үймереттерде ғана tвсп<61 0С керосиннің және басқа ЛВЖ мен ГЖ-ні сақтауға, сатуға рұқсат етіледі. Бұл үймереттердегі еденнің деңгейі, апат болған кезде сұйықтың жайылуын болдырмайтындай есеппен жанасатын жобалау белгісінен төмен болу керек, едендер жанбайтын материалдардан жасалынуы керек. Көрсетілген үймереттерде пеш жағып жылынуға рұқсат етілмейді.
9.3.14 Сауда залдары, tвсп<61 0С керосин және басқа ЛВЖ мен ГЖ бар сыйымдылығы орнатылған қоймалардан өртке қарсы сақтық арақабырғалармен бөлініп тұруы тиіс ыдыстар (резервуарлар, бөшкелер) 5 м3-дан артық көлемде болмау керек.
9.3.15 tвсп<61 0С керосинді және басқа ЛВЖ мен ПЖ-ні босатуға арналған сөрелерді ұрған кезде ұшқын атуды болдырмайтын металды табақпен қаптау керек.
9.3.16 Ораулы материалды (жаңқа, сабан, қағаз және т.б). tвсп<61 0С керосин және ЛВЖ мен ГЖ сауда бөлмелерінде сақтауға рұқсат етілмейді.
9.3.17 Керосин және басқа ЛВЖ мен ГЖ болған таралар арнайы қоршалған алаңдарда сақталады.
9.3.18 Оқ - дәрілерді (оқ - дәрі, капсюлдар, сайманданған патрондар) және пиротехникалық бұйымдарды сату бөлек тұрған арнайы жабдықталған үймереттерде жүзеге асыруға рұқсат етіледі. Бұл дүкендердің жылыту орталықтандырылуы тиісті.
9.3.19 Өртке қарсы сақтық ара қабырғаларымен қоршалған бөлмелерде орнатылған металды шкафтарда оқ - дәрілер мен пиротехникалық бұйымдар сақталуы тиісті. Көрсетілген шкафтарды үй асты бөлмелерде орналастыруға рұқсат етілмейді.
9.4 Эвакуациялау жолдары
9.4.1 Эвакуациялық шығаберістердің саны, олардың өлшемдері, жарықтың жағдайы және түтіндемеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ эвакуациялау жолдардың ұзындығы құрылыс жобалаудың өртке қарсы нормаларына сәйкес болуы керек.
9.4.2 Барлық эвакуациялық шығулардың есіктері бөлмеден шығатын жаққа қарай еркін ашылуға тиісті.
9.4.3 Тыйым салынады:
- өткелдерді, коридорларды, тамбурларды, лифтік холлдарды, басқыш алаңдарын, баспалдақ белдеулеріне тауарларды, жиһаздарды, жабдықтарды, әр түрлі материалдарды үйіп тастауға, сондай-ақ эвакуациялық шығу есіктерін лық толтыруға;
- тамбурлардың шығаберісінде басқа бір инвентарлардың және материалдардың сақтауды ұйымдастыруға;
- эвакуациялау жолдарында адамдарды еркін эвакуациялауына кедергі жасайтын табалдырықтарды, турникеттерді, қозғалмалы, көтермелі және айналмалы есіктерді және басқа құрылғыларды орналастыруға;
- эвакуациялау жолдарында (отқа төзімділігі V дәрежелі үймереттен басқа) әрлеуге, қаптауға, қабырғалар мен төбелерді бояуға арналған, ал басқыш алаңдарда - баспалдақтарға және алаңдарға арналған жанатын материалдарды пайдалануға;
- коридорлардың жарық қалталарында кабинеттер мен бөлмелерді орналастыруға;
9.4.4 Төбесі жабылған базарларда электр энергиясын сөндірген жағдайда қызмет көрсетуші персоналдарда электр шамдары болуға тиісті. Шамдардың саны кезекші персоналдың санына, үймереттегі адамдардың санына қарай, бірақ егер апаттық жарық алдын ала қарастырылмаса, әр кезекші персоналдың жұмысшыларына кем дегенде біреуден берілуін басқарушы анықтайды.
9.5 Электр қондырғыларына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары
9.5.1 Электрқондырғылар электрқондырғыларды орнату ережелеріне (ЭОЕ), Электрқондырғыларды техникалық пайдалану ережелеріне (ЭТЕ), Тұтынушылардың электрқондырғыларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелеріне (ҚТЕ) және басқа нормативтік құжаттарға сәйкес құрастырылуға және пайдаланылуға тиісті.
9.5.2 Электржабдықтар, электрөткізгіштер және кабельді желілер ЭОЕ бойынша зоналардың тобына сәйкес келетін атқарулар мен қорғаныс дәрежесі болуға тиісті, сонымен бірге токтардың қысқа тұйықтанудан және шамадан артық салмақтардан қорғаушы аппараттары болуға тиісті.
9.5.3 Барлық тоқ жүргізуші бөлімдер, бөліп жіберіп тұратын құрылғылар, сондай-ақ ажырату түрінің сақтық құрылғылары, рубильниктер және басқа да барлық өткізу аппараттары мен тетіктер құрылғылары тек қана жанбайтын негіздерде жөнделуге құрастырылуға тиісті.
9.5.4 Жұмыс аяқталуына қарай жабылатын және кезекші персоналмен бақыланбайтын базардың барлық бөлмелерінде мақсатына тәуелсіз, барлық электрқондырғылар мен электрқұралдары токтан айыру керек (кезекші апаттық жарықтан, өрт сөндірудің автоматтық қондырғыларынан, өрт сигнализациясынан, сондай-ақ технологияның талабы бойынша күні бойы жұмыс істейтін электрқондырғылардан басқалары).
9.5.5 Электрқондырғыларды пайдалану кезінде тыйым салынады:
- кәсіпорын-жасаушылардың ұсыныстарына (нұсқауларына) дәл келмейтін жағдайларда, немесе өрт шығуы мүмкін ақаулар болғанда электраппараттар мен аспаптарды қолдануға, сонымен қатар оқшаулауы зақымданған немесе қорғаныш қасиеттері жоғалған сымдар мен кабельдерді пайдалануға;
- бүлінген розеткаларды, рубильниктерді, басқа электрқондырмалы бұйымдарды пайдалануға;
- электршамдарды және шырақтарды қағазбен, матамен және басқа жанатын материалдармен қаптауға;
- стандартты емес (қолмен жасалған) электр қыздырғыш құрал - саймандарды қолдануға, калибрленбеген балқыған орнатымдарды немесе жобаға сәйкес келмейтін, токтардың қысқа тұйықталудан және шамадан артық салмақтардан басқа қолдан жасалған қорғаныс аппараттарын қолдануға;
- электрқыздырғыш құрал-саймандарды жарылыс -өрт қауіпті және өрт қауіпі бар бөлмелерде қолдануға;
- қорғаныс плафондарсыз қыздыру шамдары бар электршырақтарын пайдалануға.
9.5.6 “Шығу” деген жарық көрсеткіштері жөнделген күйде тұруға тиісті және үнемі жанып тұруы керек.
9.6 Жылыту және желдету жүйелеріне
қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары
9.6.1 Ауа арналардағы отты ұстап қалатын құрылғылар (жапқыштар, шиберлер, клапандар және т.б.), өрт сигнализациясының немесе өрт сөндірудің автоматтық қондырғылары бар желдету жүйесін блоктау құрылғылары, өрт кезіндегі желдетуді сөндірудің автоматты құрылғылары жөнделген күйде ұсталынып, белгіленген мерзімдерде тексерілуі тиіс.
9.6.2 Ауамен жылыту, ауа алмастыру мен ауаны кондиционерлеу жүйелерін пайдалану кезінде тыйым салынады:
- ауа алмастыру камераларының есіктерін ашық қалдыруға;
- сорып желдету каналдарын, тесіктерді және торларды жабуға;
- ауа арналарына газбен жылыту құрал-саймандарын қосуға;
- ауа арналарында жиналған майлы шөгінділерді, шаңды және басқа жанатын заттарды (күйдіруге) өртеуге.
9.6.3 Желдету камералар, сүзгілер, құйындар, ауа арналар жанатын шаңдардан және өндіру қалдықтардан базардың басшысының бұйрығымен белгіленген мерзімде тазартылуға тиісті.
9.7 Өртке қарсы су құбырларының күтімі
9.7.1 Базарлардың өртке қарсы су құбырын жүйелері жөнделген күйде болуға және өрт сөндіруге қажетті суды шығын нормалары бойынша талап етуіне қарай қамтамасыз етуге тиіс. Олардың жұмысқа қабілеттігін тексеру жылына кем дегенде екі рет (көктем мен күзде) жүзеге асырылуы тиіс. Өрт гидранттары жөнделген күйде тұруға тиісті, ал қысқы уақытта жылытылуы және қар мен мұздан тазартылуы тиіс.
Су құбырлы және гидранттары учаскелерінің сөндірілуі кезінде немесе желідегі қысымның азаюы талап етілгеннен төмен болса, мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелеріне осы туралы хабарлау қажет.
9.7.2 Гидранттар мен суаттарда (су көздерінен), сондай-ақ, соларға қарай қозғалу бағыты бойынша лайықты көрсеткіштер (жарық шағылдыратын жабындарды пайдаланумен жасалған жазықты немесе шырақпен көлемді). Оларға су көздеріне дейінгі ара қашықтықты көрсететін сандар анық жазылуы тиіс.
9.7.3 Ішкі өртке қарсы су құбырының өрт крандары 1,35 м биіктікте орнатылуы тиіс, жеңдермен және бағандармен жинақталған және өрт шкафтарына орналастырылуы керек. Шкафтің есігінде әріпті индекс “ПК”, реттік нөмір және жақын тұрған өрт бөлмесінің телефон нөмірі көрсетілуі тиіс. Шкаф есігінің ішкі жағын толтыруға қызыл түсті қосу керек және МСТ 12.4.026-ның талаптарына жауап беру керек. “ПК” ревизияны, суды жіберу, жаңа еңіске жеңді қайта орау 6 айда кем дегенде бір рет жасалуы қажет.
9.7.4 Сорғы станциясының бөлмелерінде өртке қарсы сақтық сумен жабдықтаудың жалпы сызбасы мен сорғылардың орау сызбалары ілініп тұруға тиіс. Әр ысырмада және өрт сорғы - көтергіштерде олардың мақсаты көрсетілуі керек. Сорғы - көтергіштерді жағу тәртібі нұсқау бойынша анықталу керек.
9.7.5 Су өлшеу құрылғылары өрағытпа желілеріне орнатылған электрөткізгіші бар ысырғылар жылына екі реттен астам, ал өрт сорғылары ай сайын жұмыс қабілеттігіне қарай тексерілуге тиісті. Көрсетілген жабдық жөнделген күйде болуға тиісті.
9.7.6 Базарлардың қасындағы (200 м радиуста) табиғи және жасанды су көздері болған кезде, оларда 12×12 м-ден кем емес өлшемдерімен қатты жабындардан жасалған алаңдармен бірге (пирстармен) кіреберістер өрт автомобильдерін және қандай болса да жыл мезгілінде су алуға, орнатуға арналғандар. Жасанды суаттарды, су көздеріне кірістерді және су алу құрылғыларын тұрақты дайындықта ұстау базарлардың әкімшіліктеріне жүктеледі.
9.8 Өрт сигнализациялар мен өрт сөндіру қондырғыларының, түтінге қарсы
қорғаныш жүйелерінің, өрт туралы адамдарға хабарлаудың және эвакуациямен басқарудың күтімі.
9.8.1 Өрт сигнализациясының және өрт сөндірудің автоматтық орнатудың техникалық қызмет көрсету мен жобалау-ескерту жөндеулер (ТҚ және ЖЕЖ) бойынша, түтінге қарсы қорғаныш жүйелері, өрт туралы адамдарға хабарлау мен эвакуациялаумен басқару бойынша регламенттік жұмыстар зауыт - жасаушылардың техникалық құжаттарының есебімен құрылған жылдық жобалау - графигіне және жөндеу жұмыстарын жасау мерзіміне сәйкес жүзеге асырылуы қажет. ТҚ пен ЖЕЖ-лер арнайы оқытылған қызмет көрсетуші персоналмен немесе осы жұмыс түрлеріне қарай лицензиялары бар мамандандырылған ұйымдармен орындалуы керек.
Қондырғыларды сөндірумен байланысты ТҚ немесе жөндеу бойынша жұмыстарды орындау уақытында базарды басқарушы (кәсіпкер) үймереттердің, бөлмелердің, павильондардың, киоскілердің, технологиялық жабдықтардың өрттенуден қорғау жөнінде қажетті шараларды қабылдауға міндетті.
9.8.2 Диспетчерлік пункттің (өрт постының) бөлмелерінде өрт туралы және өрт автоматикасының қондырғылары (жүйелері) жөнделмегені туралы сигналдарды қабылдау кезінде оперативті (кезекші) персоналдың әрекеттерінің тәртібі туралы нұсқаулар ілініп тұруға тиісті. Диспетчерлік пункт (өрт посты) телефон байланысымен және жөнделген электр шамдарымен (3 данадан кем емес) қамтамасыз етілуі тиіс.
9.8.3 Өрт автоматикасының қондырғылары жөнделген күйде және үнемі дайындықта болуға тиісті, жобалау құжаттарына сәйкес келу керек.
Қондырғыларды автоматты іске қосудан қолмен істеуге ауыстыруға, нормалар мен ережелерде келіскен жағдайлардан басқаларына рұқсат етілмейді.
9.8.4 Өрт сөндіру қондырғыларының баллондары мен сыйымдылықтары, от сөндіру заттарының массасы және қысымындағы есептік шамаларынан 19 %-ға және одан астамы зарядтауға немесе қайта зарядтауға жатады.
9.8.5 Спринклерлі (дренчерлі) қондырғылардың суландырулары механикалық бүліну қаупі бар орындардағылар жылудың таралуына әсер етпейтін және суландыру картасына өзгертілмейтін мықты қоршаулармен қорғалуға тиісті.
Ашылып қалған немесе жөнделмеген күйдегі суландырғыштардың бітеуіштердің және тығындардың орындарына орнатуға рұқсат етілмейді.
9.8.6 Өрт сөндіру станциясы орауыш сұлбасымен және өрт кезінде қондырғымен жүргізу бойынша нұсқаумен қамтамасыз етілуі тиіс.
Әр басқару торабында қорғалатын бөлмелер қондырғылар секциясындағы суландырғыштардың түрлері мен сан көрсеткіштері бар таяқша ілініп тұруға тиіс. Ысырмалар мен крандар орау сызбасына сәйкес реттік нөмірленуі керек.
9.8.7 Өрт туралы хабарлау жүйелері эвакуациялау жоспарларына сәйкес базардың (ғимараттың) барлық үймереттері, олардың территориялары немесе бөлек бөлімдерінде (қабаттар, секциялар, павильондар және т.с.с) таңдаулы түрде бір уақытта хабарлау сигналдарын беруді қамтамасыз ету керек.
Хабарлау жүйесін пайдаланудың тәртібі оларды пайдалану жөніндегі нұсқауларда және жүйені іске қосу құқығы бар адамдарды көрсетумен эвакуациялау жоспарында анықталуы керек.
9.8.8 Өрт туралы адамдарға хабарлау техникалық құрал-жабдықтары қажет етілмейтін үймереттерде, павильондарда базарды басқарушы өрт туралы адамдарға хабарлау тәртібін анықтауға және осылар үшін жауапты адамдарды белгілеуге тиісті.
9.8.9 Хабарлаушылар (қатты сөйлеу аппараты) дауысты күшейтетін реттегіш болу керек және ажырайтын құрылғыларсыз желіге қосылуы керек.
Хабарлау мәтіндерін жіберудің және эвакуациялаумен басқарудың сенімділігін қамтамасыз етуге арналғанға ішкі радиотрансляциялық желілерді және базарда бар басқа хабарлау желілерін пайдалануға рұқсат етіледі.
9.9 Базарлардың әкімшілік үймереттері
9.9.1 Әр әкімшілік үймеретте электршаруашылығын пайдаланудың жалпы жағдайына жауапты маманды белгілеу керек.
9.9.2 Электрплиталарын, электршәйнектерін және басқа электрқыздырғыш құралдарды пайдаланған кезде келесі талаптар орындалуға тиісті:
- электрқыздырғыш құралдары орнықты негізі бар жанбайтын тұғырларға орнатылуы тиіс;
- электрқыздырғыш құралдарын орнатқан жерден құрылыс құрылымдарына, жиһаздарға және басқа жанатын материалдарға дейінгі арақашықтық 1 метрден кем болмауға тиіс;
- жұмыстан тыс уақытта электрқыздырғыш құралдарын қосу орындары тоқтан ажыратылуы керек;
- электрқыздырғыш құралдары зауыттық жасалымнан болуға тиісті. Құралдарда ашық қыздырғыш элементтерін пайдалануға рұқсат етілмейді.
9.9.3 Қызметшілерді айдағыдай табысты эвакуациялауына арналған өрт шыққан жағдайда адамдарды эвакуациялаудың жоспарлары әзірленуі тиіс.
9.10 Автобазалардағы өрт қауіпсіздігі талаптары
9.10.1 Автобазалар үшін оларға 25 бірліктен көп орналастыру кезінде кезектің және өрт болған жағдайда оларды эвакуациялау тәртібін баяндауымен көліктерді қатарлап орналастырудың жоспары әзірленуі керек. Автобазардың жұмыс уақытының тәулік бойғы тәртібі, жоспарда түнгі уақытта автокөлік құралдарын жүргізуге құқы бар жауапты тұлғаларға кезекшілік жүргізуді қарастыру керек, сондай-ақ жағудың кілттерін сақтау тәртібі анықталуы керек.
9.10.2 Автобазалар буксир тростарымен немесе штангілермен 10- техника бірлігіне бір трос (штанга) келетін есептен жабдықталуы тиіс.
9.10.3 Автобазарларда тыйым салынады:
- нормадан асатын санда көлік құралдарын орналастыруға, олардың орналасу қатарының жоспарын бұзбауға автомобильдердің араларындағы ара қашықтықтары, шығу қақпалары мен өту жолдарын бөлуге;
- жөндеу, пісіру, сырлау жұмыстарын жүргізуде және бөлшектерді (тетіктерді) жуып-шаю кезінде ЛВЖ мен ПЖ-ні пайдалануға;
- көлік құралдарын отын бактарының ашық ернеулерін, сондай-ақ жанар-жағар майлардың ағатын болған кезде ұстауға;
- көлік құралдарын жанар-жағар маймен толтыру және олардан отынды төгіп тастауға;
- көлік құралдарында аккумуляторларды (тура) тікелей зарядтауға;
- двигательдерді ашық отын (от, шырақтар, дәнекерлейтін шамдар) қыздыруға, жарық үшін оттың ашық көздерін пайдалануға.
9.11 Өрт кезіндегі іс-қимыл тәртібі
9.11.1 Әр азамат өртті немесе жанудың белгілерін (түтіндеу, күйік иісі, температураның көтерілуі және т.с.с) көрген кезде міндетті:
- мемлекеттік өртке қарсы қызметке өрт туралы телефонмен дереу хабарлауға (осы кезде объекттің мекен-жайын, өрт шыққан жерді, сонымен бірге өзінің фамилиясын (тегін) айтуға);
- адамдарды эвакуациялау, өрт сөндіру және материалдық құндылықтарды сақтау бойынша шараларды мүмкіндігінше қабылдауға.
9.11.2 Өрт болған жерге келген базардың басшысы (басқа қызымет иесі адам) міндетті:
- мемлекеттік өртке қарсы қызметке өрттің шығуы туралы хабарлауды қайталау керек және жоғары тұрған басшылыққа, базар бойынша жауапты кезекшіге хабарлап қоюға;
- адамдардың өміріне қауіп төнген жағдайларда оларды құтқаруға бар күштер мен амалдарды пайдалана ұйымдастыруға;
- өртке қарсы қорғаныстың автоматтық жүйелері (өрт туралы адамдарға хабарлау, өрт сөндіру, түтінге қарсы қорғаныс) іске қосылуын тексеруге;
- қажет болған кезде электр энергиясын (өртке қарсы сақтық қорғаныс жүйесінен басқалар) сөндіруге, құрылғыларды, агрегаттарды, аппараттарды тасу жұмысын тоқтатуға, апатты және көршілес бөлмелерде ауа алмастыру жүйесінің жұмысын тоқтатуға, үймереттердің бөлмелерінің өрт жайылуын және түтіндеуін тоқтатуға мүмкіндік туғызатын басқа шараларды орындауға;
- мемлекеттік өртке қарсы сақтық қызметінің бөлімшелерінің келуіне дейін өртті сөндіру бойынша жалпы басшылықты жүзеге асыруға;
- өрт сөндіруде қатысқан жұмысшылардың қауіпсіздік талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге;
- өртті сөндірумен қатар материалдық құндылықтарды қорғау мен эвакуациялауды ұйымдастыруға;
- мемлекеттік өртке қарсы сақтық қызмет бөлімшелерін қарсы алуын және өрт тарататын ошаққа және өртке қарсы сумен жабдықтауға жететін қысқа жолды таңдауда көмек көрсетуді ұйымдастыруға.
9.11.3 Өрт сөндіру бөлімшесі келген кезде кәсіпорын басшысы (немесе оны алмастыратын адам) құрылыс пен ғимараттарға жақын тұрған объектілердің құрылымдық және технологиялық белгілері туралы, қауіпті, жарылу қаупі бар, жарылатын заттар мен материалдардың саны туралы және басқа да өртті ойдағыдай жоюға және өрт сөндіруге қатысушылардың қауіпсіздіктеріне арналған қажетті мәліметтерімен өрт сөндірудің басшысына хабарлауға, сондай-ақ өртті жоюмен және оның жайылуын ескерумен байланысты қажетті шаралардың жүзеге асырылуына, күштер мен объекттің амалдарын (қаражатын) таратуды ұйымдастыруға міндетті.
9.11.4 Базарда болған әр өрт бойынша, әкімшілік өрттің шығуына және жайылуына мүмкіндіктер туғызған жағдайларды анықтауға және қажетті профилактикалық шараларды жүзеге асыруға міндетті.
1 қосымша
ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Киоск - көтерме және бөлшек саудаға арналған, ғимараттың ішіне сатып алушының кіру мүмкіндігінсіз жүзеге асырылатын, 20 м2-ге дейінгі жалпы ауданы бар бір қабатты ғимарат.
Төбесі жабылған базар - базарлық сауда кәсіпорындарының бөлшектік сауда кәсіпорындарымен және қоғамдық тамақтану, тұрмыстық және коммуналдық қызмет көрсету кәсіпорындарының өзара байланысты кешені.
Павильон - үй ішінде көтерме және бөлшектік саудада сатып алушыларға қызмет көрсетуге арналған ғимарат.
Автобазар - автомобильдерді сақтау және ақшаға айналдыруға арналған сырт қоршаулы алаң.
Іргелік қабат - еден белгісі жердің жоспарлы
белгісінен төмен, бөлменің биіктігінің жартысынан аспайтындай орналасқан қабат.
Жер төше қабаты - еден белгісі бөлме биіктігінің жартысынан астамы жердің жоспарлы белгісінен төмен орналасқан қабат.
Қойма - тұрақты жұмыс орындары болмайтын қойма.
Тамбур - үймеретке, баспалдақ алаңына немесе басқа үймерге кірген кезде суық ауаның, түтіннің және иістердің енуінен қорғауға арналған есіктердің арасындағы ауа өткелі.
Тұрақты жұмыс орны - адамдар 2 сағаттан аса үзіліссіз немесе жұмыс уақытының 50% аса жұмыс істейтін орын.
Табиғи жарығы жоқ бөлме - сыртқы қоршауларда терезелермен жарық оймалары жоқ жай.
2 қосымша
Өрт сөндірудің бастапқы қажетті құралдарының нормалары
№
п/п
|
Объектілердің, үймереттердің, ғимараттардың атаулары
|
Ауданы м2
|
Өрт сөндірудің бастапқы құралдарының атауы мен нормативтік саны
|
Құмды өртсөн-діргіштер
|
Көмірқышқыл-ды өртсөндіргіштер
|
0,5 м2 құммен, күрекпен және өртсөндіруге қарсы көрпесі бар жәшік
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1
|
Ашық базарлар
|
әр 100-ге
|
2-ОП –5 не 1- ОП -10
|
- - - -
|
|
2
|
Автобазарлар
|
әр 100-ге
|
|
- - - -
|
|
3
|
Әкімшілікүймереті
|
100
|
|
- - - -
|
- - - -
|
4
|
Төбесі жабылған базарлардың, па-вильондардың үймереттері
|
100-ге дейін әр 100-ге
|
|
- - - -
|
- - - -
|
5
|
Бөлек тұрған киоскілер, павильондар, контейнерлер
|
100-ге дейін
|
|
- - - -
|
- - - -
| 61>61>61>61>
Достарыңызбен бөлісу: |