Мәтінмен мұқият танысып шығыңыздар.
Топта төмендегі сұрақтарды талқыға салыңыздар:
1. Мұнай жəне газ секторын дамыту Қазақстан үшін соншалықты маңызды ма?
2. Аймақтағы экологиялық ахуалды ескерсек өндірісті басқа қырынан дамытуға бола ма?
3.Мәтін мен топтағы талқылауларыңызды ескере отырып, қандай ұсыныстар айтар едіңіздер?
ІҮ -топ тапсырмасы
1-ші ұсыныс:
Минералды ресурстар, соның ішінде мұнай мен газ өндірісінің қоршаған ортаға, адам денсаулығы мен қауіпсіздігіне келтіретін кері ықпалын азайту мақсатында келесі шараларды қолға алу керек (əсіресе Каспий теңізі аймағында):
а) Энергетика жəне минералды ресурстар министрлігі, тау-кен, мұнай жəне газ компаниялары ғылыми институттармен бірлесіп, минералды ресурстар өндіру саласының, соның ішінде Каспий теңізі мен соның жағалауындағы жаңа мұнай кеніштері, сонда жүргізіліп жатқан барлау жəне тағы басқа жұмыстардың жасайтын кумулятивтік ықпалын жан-жақты жəне егжей-тегжейлі зерттеу керек. Қоршаған Орта министрлігі осы іс-əрекетке мемлекеттік экологиялық сараптама жасауы керек;
б) Үкімет «ластаушы төлесін» деген принципті есепке алып, қоршаған ортаның ластануын азайтатын шараларды жоспарлап, орындауы керек. Ол, сондай-ақ, минералды ресурстарды өндіру жəне өңдеу аймақтарында экологиялық консервациялауға, мониторингке жəне бақылауға көбірек қаражат бөлуі тиіс. Қазақстан Үкіметі көмір кеніштері мен көмір шахталарынан шығатын метан резервтерін пайдалануды солармен жасалған келісімдерге сəйкес жеке меншік операторларына берді. Көмір шахталарындағы метанды өндірумен айналысатын компаниялардың көмір өндіруші компаниялармен бірлесулері тиіс. Алайда метан өндіру жобаларына қатысты заң жүйесі жан-жақты жəне тиянақты дамымаған. Киото хаттамасының ратификациялануын күтіп отырған бірнеше метан өндіру жобасы бар. Киото хаттамасының шеңберінде қарастырылған бірлесіп өндіру схемасы метан эмиссияларын қысқартып, шахталардағы қауіпісздік жағдайларын жақсартуға жол ашар еді. Ішкі жəне аймақтық дəрежеде газға деген сұраныстың артып отырғанын есепке алғанда, бұл метаннан энергия өндірудің тиімділігін арттыру арқылы, энергетика саласындағы нарықтарға де əсер ете алар еді. Дүниежүзі бойынша табиғи газ бағаларының өсуі де метан өндірісіне деген экономикалық қызығушылықты арттыруы қажет.
|
Арнайы ресурстар арқылы жаңа тақырыпты талдайды
Жұп бойынша
Жеке, өзара тақырыпты түсінгендерін мұғалімге қол көтеру арқылы білдіреді
Слайдта көрсетілген ресурстарды талқылайды
Видеороликтан тақырыпқа сай берілген түсініктерді дамыту арқылы, мәтіндегі тапсырмаларды орындау барысында ой өрісін жетілдіру арқылы бәсекелеседі
Слайдта берілген сұрақ жауапты орындайды
Сұрақ жауап арқылы сұраққа жауап береді, логикалық ойлай білуі мен сыни көзқарасы таныта білу дағдылары қалыптасады
|