Құрметті әріптес!



бет8/9
Дата08.04.2023
өлшемі1.25 Mb.
#471949
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Физика 4-тоқсан 7-сынып

Өткен тақырыпты қайталау
1.Күш моменті дегеніміз не?
2.Иіндік дегеніміз не?
3.Күш моменті қандай шамаларға тәуелді?
4.Күш моменті қандай шама?
5.Күш моментінің өлшем бірлігі.
6.Моменттер ережесі қалай тұжырымдалады?
7.Қандай шарт орындалғанда дене тепе-теңдікте бола алады?



Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Әрбір сұраққа дұрыс жауап берсе 1 балл қойылады.


Қалыптастырушы бағалау



Сабаққа дидактикалық материалдар



Кері байланыс


Иіндіктің тепе-теңдік шартын анықтау


Мақсаты: Екі жақты иіндіктің тепе-теңдік шартының орындалуын анықтау.
Құрал-жабдықтар: штатив, иіндік, қысқыш қаптама, гірге арналған ұстағыш, 10 г және 50 г гірлер, динамометр 2 Н.
Орнату
Штативтік өзек және негіздің көмегімен қондырғы каркасын 1 және 2 суреттегідей жинаңыз. Дөңгелек немесе тік бұрышты өзектерге арналған қысқышты штативтік өзекте бекітіңіз. Иіндікті бекіту болтын штативті өзекте қысқышта бекітіңіз.(3-сур.). Динамометрді «нөлге» дәлдеңіз.(4-сурет).

1-сурет 2-сурет 3-сурет 4-сурет 5-сурет

Жұмыс барысы
І – бөлім.

  1. Иіндіктің сол жағына 10 белгісіне жалпы массасы mж = 100 г болатын гір ұстағышты іліңіз.

  2. Дененің салмағын табыңыз (g=9.8Н/кг)

  3. Оң жақтан 10 белгісіне динамометрді іліңіз және иіндікті горизонталды жағдайға қойыңыз (5-сурет).

  4. d1 иін ұзындығы мен d2 иін ұзындығын өлшеңдер.

  5. М1=Ға∙d1 формуласы бойынша жүкке әрекет ететін моментті анықтаңыз.

  6. М12 шартын пайдалана отырып, оң жақтағы динамометр көрсеткішін анықтаңыз. Ескерту: мұндағы М2=F∙d2

  7. Тәжірибені келесі жағдайлар үшін қайталаңыз. Жүйелі түрде иіндіктің сол жағындағы жүкті 8, 6, 4, 2 белгісіне жылжыта отырып, әр жағдай үшін күшті есептеңіз.

  8. Барлық алынған мәндерді 1 кестеге жазыңыз.



ІІ – бөлім

  1. Иіндіктің сол жағынан жалпы массасы mж = 40 г гір ұстағышын 10 белгісіне іліңіз.

  2. Оң жақта 10 белгісінде динамометрді іліп иіндікті горизонталды жағдайға қойыңыз. Динамометр шкаласындағы көрсеткіштерді есептеп кестеге жазыңыз.

  3. Жүйелі түрде иіндіктің оң жағындағы динамометрді 8, 6, 4 және 2 белгісіне жылжытыңыз, әр жағдай үшін F күшін өлшеңіз (7-сурет). Барлық мәндерді 2 кестеге жазыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет