Сабақтың ортасы
10 мин.
Жеке жұмыс.
|
«Топтық әңгіме» әдісі
2.143 Есеп
Бір айналымды шахмат турнирінде (әр шахматшы қалғандарының әрқайсысымен бір-бір рет ойнап шығады) барлығы 78 партия ойналған. Бұл турнирге қатысқан шахматшылар санын табыңдар.
Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Қарқын» тәсілі көрініс табады.
Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға көмек көрсету.
|
Түсінбеген тапсырмаларды бір- біріне түсіндіреді. Топтар келесі топтың тапсырмасын алмасып тексереді.
Берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіріп, топтық талдау жасайды. Талқылау нәтижесінде өзара бір келісімге келіп кестені толтырады.
|
Бағалау:
Әрбір дұрыс жауапка 1 балл қойылады
|
ФДК экраны
8 сынып,
Алгебра
Шыныбеков
«Атамұра» 2018
|
Жеке жұмыс.
10 мин.
|
2.144 есеп
Катер өзен ағысымен 18 км жүрген соң өзен ағысына қарсы 20 км жүріп, барлық жолға 2 сағат жұмсады. Егер катердің тұнық судағы жылдамдығы 20 км/сағ болса, өзен ағысының жылдамдығын табыңдар.
Тиімділігі: Оқылым мен айтылым дағдысы қалыптасады.
Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрініс табады.
|
Берілген тапсырма бойынша есепті орындайды
|
Дескриптор:
-Теңдеулер жүйесі арқылы жазады
1-балл
-Берілген есептің жауабын дұрыс табу 1-балл
Әрбір дұрыс жауапка 1 балл қойылады
|
ДК экраны
8-сынып оқулығы.
Шыныбеков
«Атамұра» 2018
|
Жеке жұмыс.
7 мин.
Жазылым.
|
А және В қалаларының арақашықтығы 260 км. Автобус А-дан В қаласына қарай 2 сағат жүргеннен кейін 30 минут кідірді. Сондықтан В қаласына кестеде көрсетілген мерзімде жету үшін жылдамдығын 5 км/сағ-қа арттыруға мәжбүр болды. Автобустың бастапқы жылдамдығы қандай?Тиімділігі: Оқушының сын тұрғысынан ойлау дағдысы мен индивидуалдық шешім қабылдау қабілеті қалыптасады.
|