5 мин.
|
Оқушылармен бірге сабақ мақсатын ашу; Ширату сұрақтары: Әр топ өткен тақырыптарға байланысты құрастырылған мозайкадағы сұрақтарға жауап береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі қолданылады.
|
Сұрақтар:
Теңдеу дегеніміз не?
Бүтін және бөлшек теңдеудің айырмашылығы неде?
Есепті шешудің негізгі тәсілдері және геометриялық тәсілі?
|
Дескриптор:
-суракка жауап береді
Сонымен қатар, өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
8мин
|
Жаңа сабақты түсіндіру: Жаңа сабақта «Жаңа мұғалім» әдісін қолданамын..
1.Берілген теңдеулердегі бөлшектердің ортақ бөлімдерін анықтап, теңдеуді осы ортақ бөлімге көбейтеді. Осылай берілген теңдеуді бүтін теңдеумен алмастыру керек;
2.Шыққан бүтін теңдеуді шешіп, оның түбірлерін табу керек;
3.Табылған түбірлердің ММЖ-ына жататындарын тауып, оларды есептің жауабына жазу керек.
|
Оқушылар жаңа сабақты үйде оқып келеді және оны оқушылар бағыты бойынша келесі топтарға түсіндіреді
«Екеуі үйде, үшеуі қонақта» әдісімен бір - біріне «қонаққа» барады. Пікір алмасып, ой бөліседі.
Тиімділігі: Оқушының танымдық дағдысы артады.
Оқушылар оқулықтан жаңа сабақты оқып, топ ішінде талқылап бір- біріне түсіндіріп әр топ қорғайды:
|
Ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. 3-басылымы. – Алматы : Атамұра, 2018 – 192 бет.
|