Құрметті мұғалім!



бет8/9
Дата22.02.2024
өлшемі1.71 Mb.
#492944
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Бөлім 6.3А «Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер»



Тақырып




6.3 Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер

Оқу мақсаты




6.4.2.1 Жасуша компоненттерін анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Жасушаның негізгі құрылымдарын атайды

  • Жануар және өсімдік жасушасының құрылыс ерекшеліктерін салыстырады

  • Жануар және өсімдік жасушасының қызметін анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма







  1. Өсімдік жасушасының сызбасы берілген.Сызбаны пайдаланып, А-D әріптерімен белгіленген құрылымдарды атаңыз.





А C В D



  1. Сызбада жануар және өсімдік жасушаларының жасуша жарғақшалары көрсетілген. (а) Кескінге екі жасушаға да тән құрылымды салыңыз.


Жануар Өсімдік
жасушасы жасушасы
(b) Өсімдік жасушасына тән құрылымның атқаратын қызметін анықтаңыз. (2 кем емес).



Дескриптор

Білім алушы







  • жасуша құрылымдарын атайды;

  • сызбадан өсімдік және жануар жасушасына тән құрылымдарды белгілейді (салады);

  • өсімдік жасушасына тән қызметтерді анықтайды.

Оқу мақсаты




6.4.2.2 Тірі ағзаларға тән үдерістерді түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тірі ағзаларға тән үдерістерді анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма
Шыбынжұт-Солтүстік Коралинаның батпақты аудандарында өсетін паразит өсімдік. Түрі өзгерген жапырақ тақталарында арнайы аулағыш апарат бар. Өсімдікке бунақденелілер келіп қонғанда жапырақ тақташасында орналасқан сезгіш талшықтардың әсерінен жапырақ тақташасы жабылып қалады. Сезгіш талшықтары жабылып қалу үшін оларға 2 рет механикалық әсер етілуі қажет. Содан кейін жапырақ тақташасындағы арнайы жасушалар шырыш бөледі. Біраз уақыттан кейін бунақдененің тек сыртқы жабыны қалады.

(а) Мәтінде тірі ағзаға тән қандай қасиеттер сипатталады?








(b) Айтылған қасиеттерге анықтама беріңіз.



Дескриптор



Білім алушы







  • тірі ағзаларға тән үдерістерді түсіндіреді

  • мәтіннен тірі ағзаларға тән үдерістерді анықтайды (зат алмасу,қорытылу,бөліп шығару,тітіркену,өзін-өзі реттеу)

  • тірі ағзаға тән қасиеттерге анықтама береді.




Оқу мақсаты 6.4.2.2 Тірі ағзаларға тән үдерістерді түсіндіру


Бағалау критерийі Білім алушы

      • Тірі ағзаларға тән үдерістерді түсіндіреді



Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну


Тапсырма


  1. Cызбада берілген тірі ағзаларға тән қасиеттерді атаңыз және анықтама беріңіз.







Тірі ағза қасиеті

Анықтама

1







2

А






B




3







2. Сызбада берілген тәжірибеге назар аударыңыз.



№1 және 2-сынауықтарда ізбес суы бар. Колба арқылы ауа ағысы жіберіледі.
1. (a) Біраз уақыттан кейін 1, 2-сынауықтарда ізбес суы қалай өзгереді?







  1. Не себепті ізбес суының түсі өзгерді?








  1. Бұл құбылыс қалай аталады?



Дескриптор



Білім алушы




  • тірі ағзаларға тән қасиеттерді анықтайды;

  • А- В - қасиеттерді атайды,анықтама береді;

  • өсімдіктердің тітіркенуін түсіндіреді;

  • жануарлардың тыныс алуы үрдісі нәтижесінде бөлінетін газды және оның түсінің не себепті өзгеретініне сараптама жасайды.



Оқу мақсаты 6.4.2.3 Ағзалардың қоректену типтерін ажырату


Бағалау критерийі Білім алушы

    • Ағзалардың қоректену типтерін анықтайды






Тапсырма


Сызбада ағзалар берілген.


(а) Тірі ағзаларға тән қоректену типтерін атаңыз.



  1. Қоректену типтерін

сипаттаңыз.

  1. Сызбада берілген ағзаларға тән қоректену типін анықтаңыз.

Жауабыңызды кестеге жазыңыз:





Дескриптор Білім алушы

    • ағзаларға тән қоректену типін анықтайды;

    • қоректену типтеріне анықтама береді;

    • сызбадан автотроф ағзаны ажыратады;

    • сызбадан гетеротроф ағзаны ажыратады.

Оқу мақсаты 6.4.2.5 Азық-түлік өнімдеріндегі органикалық заттардың
болуын тестілеу


Бағалау критерийі Білім алушы

      • Азық-түлік өнімдеріндегі органикалық заттарды анықтайды



Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану



Тапсырма


1. (а) Оқушы мектеп асханасынан таңғы ас ішті. Таңғы ас мәзірінде астық дақылдарынан тұратын ботқа, сүт және жаңғақ болды. Биология сабағында мұғалім оқушыға осы тамақтардың құрамында қандай органикалық заттар бар екенін анықтауды тапсырды. Оқушы әр азықпен тәжірибе жүргізді. Тәжірибенің жағдайын сипаттаңыз және оқушы әр тәжірибеде не байқады?
Жауабыңызды кестеге жазыңыз.


Азық түлікте органикалық заттарды анықтау тәжірибесі


Азық түлік

Тәжірибе жағдайы/ реактивтер

Байқалған құбылыс

1. Ботқа







2. Сүт







3. Жаңғақ







  1. Жұмысты қорытындылаңыз:



Дескриптор Білім алушы

    • көмірсуларды анықтаудың шартын атайды;

    • нәруыздарды анықтаудың шартын атайды;

    • майларды анықтаудың шартын атайды;

    • көмірсуларды анықтаудағы байқау құбылысын сипаттайды;

    • нәруыздарды анықтаудағы байқау құбылысын сипаттайды;

    • майларды анықтаудағы байқау құбылысын сипаттайды;

    • алынған нәтиже бойынша қорытынды жасайды.

Бөлім 6.3В «Энергия және қозғалыс»


Тақырып 6.3 Энергия және қозғалыс


Оқу мақсаты 6.5.2.3 Адам қаңқасының құрылысын сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы

      • Адам қаңқасының бөлімдерін анықтайды



Ойлау дағдыларының деңгейі


Білу мен түсіну



Тапсырма


Сызбада адам қаңқасының сүйектері берілген.
.
(а) Бұл сүйектер адам қаңқасының қай бөлімін құрайтынын анықтаңыз?

(b) J әрпімен берілген сүйекті атаңыз.


(с) Сызбадағы адамның қол сүйектерін атаңыз.





A
B
C
D


(а) Берілген сүйектер мен қаңқаның бөлімі арасындағы сәйкестікті анықтаңыз.





Қаңқаның бөлімдері

Сүйектердің атауы

I

Тұлға қаңқасы

1.омыртқа жотасы; 2.білезік; 3.тоқпан жілік; 4.төс
сүйегі; 5.алақан сүйектері; 6.кәрі жілік; 7.маңдай;

II

Қол қаңқасы

III

Бассүйек қаңқасы

8.шүйде; 9 үстіңгі және астыңғы жақ сүйектері;
10.самай сүйектері; 11.иық белдеуі; 12.қабырғалар.




Жауап кестесі:

Тұлға қаңқасы




Қол қаңқасы




Бассүйек қаңқасы





Дескриптор

Білім алушы




  • сызбадағы сүйектер адам қаңқасының қай бөлігіне сәйкес келетінін анықтайды;

  • адамның қол сүйектерін атайды;

  • аталған сүйектер мен қаңқаның бөлігі арасындағы сәйкестікті анықтайды.




Оқу мақсаты

6.5.2.4 Бұлшық еттің құрылысын сипаттау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Бұлшық еттің құрылысын сипаттайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма
1. Диаграммада қолдың негізгі бұлшықеттері көрсетілген.

(а) 3 санымен берілген бұлшықетті атаңыз.












  1. Oсы бұлшық еттің құрылысын сипаттаңыз.














  1. Aтқаратын қызметін анықтаңыз. Бұлшық еттің қасиетін анықтаңыз.





  1. Сызбада адамның ішкі мүшелері берілген. Осы мүшелерде (1-3) кездесетін бұлшықет түрін анықтаңыз.

  2. Адамның ішкі мүшелерінде (1-3) кездесетін бұлшықет түрі

  3. Қандай қасиетіне байланысты бұлшықет осы мүшелерде кезедеседі?



Дескриптор Білім алушы

    • сызбадан бұлшықет түрін анықтайды;

    • бұлшықеттің атқаратын қызметін анықтайды;

    • бұлшықеттің қасиетін анықтайды;

    • сызбада берілген мүшелердегі бұлшықет түрін анықтайды;

    • сызбада берілген мүшелердегі бұлшықеттің қасиетін анықтайды.




Тақырып Энергия түрлері мен көздері



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет