Рнқ-лы бар вирустар тобына, Ortomyxoviridae



бет3/4
Дата19.05.2022
өлшемі3.17 Mb.
#457249
түріҚұрамы
1   2   3   4

Клиникалық белгілері

Тұмау вирусына шалдыққан құстарда аурудың жасырын кезеңі 3 күннен 5 күнге дейін созылады. Ауру респираторлы, ішекті, нервті және аралас формада өтеді. Аурудың клиникалық белгілері әр түрлі: дене қызуы қатты жоғарлайды, қысылады, азыққа тәбеті болмайды, шөлдейді, құстар тұмсықтарын ашып, қиналып тыныс алғанда шиқылдаған, қырылдаған дыбыс шығарады, мойындарын созып алады, ауызы мен мұрынынан сұйықтық ағады, қауырсындары үрпиген болады, конъюнктивит, түшкіреді, түншығады, қозғалыс координациясы бұзылады, мойындарын 180ºС-қа бұрап шалқайтады немесе бүгіп алады, бас аумағы ісінеді, тұмсығы мен аяқтары гиперемияланады, тұмсығының мүйізді қабаттары жарылып, қыртыстанған болады, айдарлары мен сырғалары көгеріп кетеді. Ауруға шалдыққан тауықтардың жұмыртқалауы күрт төмендейді, құстардың 90- 100%-ы өлімге ұшырайды. Өлімге ұшыраған құстарда некроз байқалады және мумияға айналады, шешек ауруындағыдай бөртпелер мен диарея кездеседі. Құстардың саңғырығы көпіршіктенген, сұйық, жасыл-сарғылт түсті, қан араласқан болады.

Патологоанатомиялық өзгерістері

  • Тұмау вирусына шалдыққан құстар кенеттен өлген жағдайда патологоанатомиялық өзгерістердің байқалмауы мүмкін. Құстардың айдары мен сырғалары қою-көк тҥсті, кейде қара түсті некротикалық ошақтар мен бөртпелер болады. Нүктелі қан құйылған конъюнктивит, геморрагиялық трахеит, катаральды- геморрагиялық энтерит, нефрит кездеседі. Көкірек қуысында, терісінде, кілегейлі қабықшалары мен құрсақ майында петехиялар байқалады. Аналық бездері қанталаған және дегенерацияланған, асқазан кілегей қабықтарына қан құйылған, клоакасы мен терісі қабынған болады. Түйе тауықтар мен қаздарда аталмыш өзгерістер нашар байқалады, ал ауру үйректер вирусты сыртқы ортаға таратқанымен, оларда клиникалық белгілері мен патологоанатомиялық өзгерістері мүлде байқалмауы мүмкін.

Дифференциалдық балауы. Құстардың тұмау вирусын пастереллезден, Ньюкасл ауруынан, жұқпалы ларинготрахеиттен, жұқпалы бронхиттен, респираторлы микоплазмоз бен гемофилезден ажырату қажет.

  • Дифференциалдық балауы. Құстардың тұмау вирусын пастереллезден, Ньюкасл ауруынан, жұқпалы ларинготрахеиттен, жұқпалы бронхиттен, респираторлы микоплазмоз бен гемофилезден ажырату қажет.
  • Зертханалық балауы. Зерттеуге қажетті материал ретінде жаңадан өлген немесе өлтірілген құстарды, клоака шайындысын, бас миын, өкпесін, көк бауырын, трахеясын, ішектерін алып, сұйық азотта қатырып, зертханаға жөнелтеді. Сонымен қатар, күдікті құстардың қан сарысулары да алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет