Рнқ-лы бар вирустар тобына, Ortomyxoviridae



бет4/4
Дата19.05.2022
өлшемі3.17 Mb.
#457249
түріҚұрамы
1   2   3   4

Вирустарды өсіру

Құс тұмауының вирусы тауық эмбриондарында жақсы өседі. Вирустардың көп мөлшерде жиналуы олардың вируленттілігіне және онда адаптациялануына байланысты болып келеді. Тұмау вирусының барлық штамдары бірінші пассаждан кейін 26- 36 сағаттан соң эмбриондарды өлімге ұшыратып, олардың вируленттілігі арта түседі. Вирустың кейбір штамдарын тауық эмбрионы фибробласттарынан алынған жасуша өсінділерінде, маймыл бүйрегінен алынған алғашқы-трипсинделген жасуша өсінділерінде, басқаларын диплоидты және тұрақты жасуша өсінділерінде де өсіруге болады.

Биосынама

  • Зерттеуге алынған суспензияны 4-8 апталық тауық балапандарының тері астына, бұлшық етіне, миына немесе конъюнктивасына жұқтырады. Әдетте жұқтырылған балапандар, қоздырғыштың дозасына және вируленттілігіне байланысты 36-72 сағаттан кейін өлімге ұшырайды.

Цитоскопия

  • Бұл әдіспен тексеру үшін құстардың жоғарғы тыныс жолдарының кілегейлі қабықшалары және органдарының ұлпаларынан дайындалған жағындыларды пайдаланады. Препараттарды кептіргеннен кейін Романовский, Пигаревский, Быковский әдістерімен бояйды. Тұмауға шалдыққан құстардың ұлпаларынан дайындалып, Быковский және Пигаревский тәсілдерімен боялған жағындыларында жасуша цитоплазмасынан ашық-қызыл түсті денешіктер байқалады. Ал Романовский әдісімен боялған препаратта денешіктер күлгін түсті болып көрінеді. Жасуша ішілік денешіктер тек цилиндірлі эпителилерде ғана емес, сонымен қатар макрофагтардың, лейкоциттер мен жалпақ эпителидің цитоплазмаларында да байқалады. Кейінгі кезде мұндай зерттеулер люминесцентті микроскоптың көмегімен жүргізілуде.

Вирустардың индикациясы мен идентификациясында гемагглютинация, гемагглютинацияны тежеу, жанама иммунды флуоресценция, комплементті байланыстыру, вирустарды бейтараптау реакциялары, иммунды ферменттік талдау мен полимеразалы-тізбекті реакция қолданылады.

  • Вирустардың индикациясы мен идентификациясында гемагглютинация, гемагглютинацияны тежеу, жанама иммунды флуоресценция, комплементті байланыстыру, вирустарды бейтараптау реакциялары, иммунды ферменттік талдау мен полимеразалы-тізбекті реакция қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет