Чайльд Гарольдтің елімен қоштасуы
Қош бол енді, мен туған жер! Толқын жапқан жағалауым! Ысқырған жел, ышқынған сел, Қайғылы үні шағаланың. Күн де батты нұры кеміп, Бетке ұстадық түннің жолын; Кеттім күнге сəлем беріп, Қош бол, менің туған елім!
Дүние түнмен қош айтысар, Біз көрерміз таңды көркем, Астым теңіз, үстім аспан. Қайда, бірақ, туған өлкем? Үйім иесіз; отым сөнген; Шөбі өсіп кеткен аулам; Қақпа алдында ұлып үрген Жалғыз төбет меннен қалған.
Қосшы бала! Ойлар езіп Жылайсың сен қайғың қалың; Қорқасың ба жел дауысынан, Көріп толқын ышқынғанын. Жылама сен! Кемем берік... Барад заулап ұзақ жолға, Қуса сұңқар, соңынан еріп, Жете алмас, сірə, ол да.
"Мейлі, ышқына соқсын дауыл Мен емеспін одан қорқар! Жылағаным сері Чайльд, Болмас сізді таңырқатар. Туған ата-анамыздан Айрылысу болар ма оңай? Маған енді пана болар Жалғыз сенсің жəне құдай!
Достарыңызбен бөлісу: |