Рухани адамгершілік тәрбие Ұлттық тәрбие Отбасы тәрбиесі Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие


Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие беру



бет4/4
Дата15.02.2024
өлшемі49.17 Kb.
#491948
1   2   3   4
рухани тарбие

Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие беру

Жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және шындықтағы эстетикалық объектілерді қабылдауға, меңгеруге, бағалауға дайындығын дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті ортаны құру, оның ішінде «Оқушылардың пікір сайыс қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-ағартушылық жобасын іске асыру арқылы. мектеп оқушыларының «Ұшқыр ой алаңы», эстетикалық санасын, эстетикалық талғамы мен сезімін, халықтардың ұлттық мәдениетінің құндылықтарына көркемдік-эстетикалық бейімділігін қалыптастыру.

Осы бағыттың мақсаты:


Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, ақпараттық өзара іс-қимылдағы этикалық нормалар мен құндылықты ұстанымдарын, ақпаратпен жұмыс істеудің функционалдық дағдыларын дамытуды қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру, жаңа, жеке-маңызды білім алу негізінде білім беру процесінде балалар мен жастардың жеке ұстанымын жандандыру.

Бағалау критерийлері:


мүдделілік, тілек және ұмтылу:
- өмір бойы оқыту;
- өз бетінше білім алу және ақпаратты пайдалана білу;
- алынған ақпаратты сыни тұрғыдан ойлау, талдау және тиімді пайдалану қабілетін дамыту;
- зерттеу және жобалау іс-әрекетінің дағдыларын, инновацияға қабілеттілікті меңгеру;
- дискуссия жүргізу дағдылары;
- жасампаздық қызмет;
- командада жұмыс істеу, корпоративтік рухты нығайту.
- әр түрлі ақпарат көздері;
- іздеу тәсілдері мен қажетті ақпаратты алу арналары;
- өз қызметінің түрлі салаларында алынған ақпарат;
- Интернет-қоғамдастыққа қосылу дәрежесі;
- Интернетте девиантты мінез-құлыққа қарсы тұру;
- өз бетінше іздеу, талдау және ақпарат көздерін таңдау тәсілдері;
- Интернет-сауаттылық;
- жауапты мінез-құлыққа және құрылатын ақпараттық өнім;
- ақпараттық қызмет пен қарым-қатынастағы этикалық нормалар.
Сабақтар, оқу пәндері, элективті курстар, үйірмелер және қызығушылықтары бойынша сабақтар, мектеп және желілік сабақтар, балалармен және жастармен бірлескен жобалар; сабақтан тыс жұмыстар, балалар және жастар бірлестіктеріндегі қызмет, әр түрлі деңгейдегі басқару органдарына қатысу, қосымша білім беру. Зияткерлік ойындар, конкурстар, тренингтер, викториналар, олимпиадалар, ғылыми-практикалық конференциялар. Дарынды мамандармен және құрдастарымен кездесулер, рефераттар, ғылыми-зерттеу, ғылыми-тақырыптық ақпараттық жобалар, шығармашылық жұмыстар, баяндамалар, хабарламалар, мектеп және студенттік медиа орталықтар, БАҚ, сайттар, кітапханаларды танымал ету. Психометриялық және социометриялдық тестілер; көшбасшылықты дамыту бағдарламалары және т. б. Адам тәнінің байлығын ештеңемен теңестіруге келмейтіндігін түсіндіріп, ерекше ой салады. Адам баласы күнделікті тіршілік барысында көптеген әр түрлі қозғалыстар жасайтыны белгілі. Ол әрине, өз кезегінде дененің кейбір мүшелерінің өсіп жетілуіне оң әсерін тигізуі мүмкін. Дегенмен, мұндай қимыл-әрекеттер кейде кері әсерін де тигізеді. Айталық, үнемі бір бағытта жасалған қимыл-әрекеттен адамның бір мүшесі шаршап, организмнің қалыпты әрекетін өзгеріске ұшыратуы ықтимал. Сол себепті күнделікті орын алатын, бір ғана бағытта жүргізілетін дене қимыл-әрекеттерін дене тәрбиесінің құралы деп қабылдаған дұрыс емес.
Негізінде денені жүйелі түрде шынықтыру мен денсаулықты нығайту адамның ойын өсіріп, шығармашылық қабілетін арттырады. Организм шамасы келетін жаттығуды және дұрыс ұйымдастырылған жұмысты орындағанда ғана дамып, нығайып жетіледі. Дене шынықтыру тәрбиесі адам денсаулығын сақтап және нығайтады, дененің дұрыс дамып қалыптасуына жеткізеді. Денені шынықтыру тәрбиесінің мақсаты – салауатты өмір сүру негіздерін білу және ұстану, өз еркімен дене шынықтыру және спортпен шұғылдану дағдыларын қалыптастыру, денсаулықты нығайтуға және дене шынықтыруды дұрыс дамытуға ықпал жасау болып табылады.
Жастардың дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді.
Жақсы денсаулық — адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет. Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады. Жас адамдардың денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді.
Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм,спорт ерекше орын алады. Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, ұйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруды талап етеді. Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі.
Мейілінше, күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз — демалыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды қолдану.
Дұрысында дененің дұрыс қалыптасуы үшін күнделікті жаттығуларды неден бастап, қалай аяқтау керек екендігін білген абзал. Адамның қимыл-әрекеті таңертең ұйқыдан оянудан басталады. Қимыл қозғалыстың алғашқы бастамасы — таңертеңгі бой жазу жаттығулары.
Ең әуелі жүруден бастаудың мәні қан айналу процесі мен ішкі мүшелерді тиісті жүктемеге даярлайды. 5-10 минут жүгіріп, одан кейін керіліп созылу жаттығуларын орындайды. Кеудені кере дем алу, иық, кеуде және белді қозғау жаттығуларын орындап, оларды біртіндеп күрделендіре береді. Осындай дене тәрбиесі жүйесінде спортпен шұғылданып, болашақта жоғары көрсеткіштерге жету үшін табиғи орта қажет. Табиғи орта дегеніміз өзімізге жақсы таныс ауа, су және күн сәулесі. Мұндай табиғи ортаны жүйелі түрде пайдаланудың денсаулық үшін маңызы зор. Мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ретінде бұл жағдайға көз жеткіздім.
Сондай-ақ, әр түрлі аурулардың алдын алу үшін де организмді үнемі шынықтырып отыру қажет. Шынығудың арқасында организм қоршаған ортадағы температураның күрт өзгеруіне бейімделеді және организмнің жұқпаларға қарсылығын жоғарлатады.
Әсіресе, бүгінгідей пандемия жағдайында менің осы айтқандарымның мәні зор деп ойлаймын. Жүйелі дене жаттығулары ең қажетті дүние. Дененің саулығы – жаныңның саулығы екенін ұғынып, салауатты өмір слатын ұстанып, күнделікті спортпен шұғылданып жүрейік!
Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Ғалымдар атап көрсеткендей, уақытша жасалатын және адамды тым шаршататын жаттығулар адам пульсын нормадан 80–90% - ке түзетеді. Нәтижесінде жүректегі оттегіні сіңіруі шұғыл көбейеді, бұл өз кезегінде адамның атеросклероз ауруына шалдығуын тездетеді.
Халықаралық Десаулық Сақтау Ұйымы адам денсаулығына келесідей анықтама береді: «Адам денсаулығы – бұл тек қана аурулардың немесе физиологиялық дефектілердің жоқтығы емес, соған қоса оның физиологиялық, рухани және әлеуметтік жағдайының үйлесілімділігі». Барлық аурулар жүйке жүйесінен басталады деген сөз бар. Дәл осы рухани және әлеуметтік денсаулық болып табылады. Бірақ әрбір адам алкогольден, темекі шегуден және жұмыстан бас тарта алмайды.
Көптеген жылдар бойы ұзаққа созылатын спорттық денсаулық пен жастық шақтары туралы айтылып келеді. Алайда кейінгі жылдары орташа өмір сүру ұзақтығы қысқарады, табиғи өсім төмендеп, өлім саны көбейіп кеткеніне қарағанда, бұл денсаулық пен жастық шақ қайда? Аурулар саны да күрт өсіп кетті, әсіресе жүрек қантамыр ауруларын айтуға болады. Бұл адамдардың бала кезіндегі спортқа тым алыстауының тәтижесі емес пе екен? Ия, шын мәнінде бүгін ғалымдар адамдар өмірінің ұзақтығын қысқартатын көптеген факторларды анықтады: экстремалды климаттық жағдайлар, космостық сәуелелену, қоршаған ортаның ластануы, дұрыс тамақтанбауы, гиподинамия, зиянды әрекеттер, еңбек жағдайлары және т.б.
Халық санының өсуі, оның сапасы, деннің саулығы мемлекет әл – ауқатының дамуына мұрындық болады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде соның 4 негізгі күшін аттап көрсетті. Оның бірі – жер үстіндегі байлық деп отырғанымыз – адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы. Әрбір мемлекеттің болашағы, оның азаматтары. Ал әрбір азаматтың денінің саулығы, бұл мемлекеттің де саулығы болып табылады. Бұрын соңды денсаулықты күту әр адамның жеке шаруасы деп қарастырылса, қазіргі таңда бұл мемлекеттік деңгейге дейін көтерілген проблема болып отыр. Себебі соңғы жылдары экономикалық және экологиялық себептерге байланысты.
Қазақстан азаматтарының денсаулығы нашарлап кеткені мәлім. Бұл орайда елімізде азаматтардың денсаулығын түзетуге үлкен жұмыстар атқарылуда. Емханалар салынып, спорттық кешендер мен мектептер ашылуда. Сонымен қатар мемлекеттік бюджеттен қаржы құйылып, көптеген жұмыстар атқарылуда. Теледидарлар арқылы спирттік ішімдіктердің, нашақорлық пен темекінің зияны мен әкелетін қасіреті жөнінде жарнамалар мен роликтер және т.б. көптеген нұсқаулар көрсетілуде. Бұның бәрі халықтың санасын, өз денсаулығына деген көзқарасын өзгертуге үлкен ықпал етуде. Сондықтан да атқарылып жатқан шаралар мен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар мемлекетіміздің саулығының кепілі деуге болады. Сонымен қатар Президентіміздің алдағы жылдардың ішінде 100 аурухана салуға берген тапсырмасы.
Елбасымыздың өзі спорттың көптеген түрлерімен шұғылданып, халыққа үлгі көрсетуі, тағы бар. Қайткен күнде де, азаматтардың денсаулығы ең бірінші өздеріне байланысты. Зиянды әдеттерге әуестенбей, өз денсаулықтарын күтіп, спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстанса ғана дені сау және ұзақ өмір сүре алады. Жылдан – жылға спортпен шұғылданатын жастар да, үлкендер де көбеюде. Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – жас ұрпақтын салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу.
Денсаулық - адам өміріндегі баға жетпейтін ең бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. «Бірінші байлық – денсаулық», деп текке айтпаған. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті. Әркім өзінің денсаулығына жауапкершілікпен қарап, оның өмірі үшін маңызды екенін білуі керек. Ауруды ағзаларға жолатпау – адамдардың өз қолында.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет