Тәрбие жоспарына қойылатын талаптар :
Жоспардың қоғам талабына, мақсатына сәйкестігі.
Өмірмен тығыз байланыстығы.
Жоспардын жан-жақтылығы, тәрбиенің барлық салаларының қамтамасыз етілуі.
Тәрбие жұмысы формалары оқушылардың жас және тәрбиелік деңгейіне сәйкестігі.
Жоспардың нақтылығы.
Жоспардың формалары
Класс жетекшісінің перспективалық және күнделікті тәрбие жоспары болады. Перспективалық жоспардың негізінде аптаға, тоқсанға арналған жұмыс жоспары жасалады.
Мұғалімдердің апталық жоспары тұрақты болды. Мысалы:
Дүйсенбі-кітаппен жұмыс.
Сейсенбі-жаңалықтар хабарламасы.
Сәрсенбі-серуен, айын, жорық.
Тәрбие жоспарынын үлгісі:
Сынып жайлы мәлімет: сынып, сынып белсенділері, балалардың тәртібі, денсаулығы, сабақ үлгерімі, қабілеттері, олардың ата-аналары, белгілі бір ұйымға қатысы қоғамдық тапсырмасы, тұрғылықты мекен жайы туралы қысқаша сипаттама беріледі.
Өткен оқу жылына сай атқарылатын тәрбиелік шаралардың нәтижесіне қысқаша талдау.
Жаңа оқу жылына белгіленген тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтау.
Сынып жайлы мәлімет, өткен оқу жылына атқарылған тәрбие жұмыстарының нәтижесіне талдау, жаңа оқу жылына арналған сол сыныптағы тәрбие жұмыстарының міндеттері негізінде оқушылармен, ата-аналармен, қоғамдық ұйымдар және пән мұғалімдерімен бірлесе атқарылатын іс-әрекеттердің түрімен, әр тараптағы атқарылатын тәрбиелік шаралар мазмұны және формалары төмендегідей бөлімдерде көрсетіледі.
Сынып ұжымын ұйымдастыру: (сынып сағаты)
Сыныпқа қатысты ұйымдастыру шаралары белгіленеді. Онда оқушылардың оқу, тәрбие және қоғамдық пайдалы істеріне қатысты ұжымдық шараларды жоспарлау, оларды ұйымдастыру жұмыстары көрсетіледі.
Сол сыныпта істейтін барлық пән мұғалімдері, пәндік үйірмелерінің жетекшілерімен байланыс орнатып, олардың жоспарлауында оқу-тәрбие жұмыстарына арналған бұқаралық шаралары белгіленеді.
Отбасы мен жұртшылықпен жұмыс, оқушылардың ата-аналарымен байланыс орнату, ата-аналар лекториясының такырыптарын белгілеу.
Жеке оқушымен жұмыс : Бұл бөлімде сыныптағы кейбір оқушының сабақ үлгеріміне, тәртібіне қатысты, оның қабілетін шыңдауға сай жұмыстардың түрлері кіреді. Тәрбие жоспарын қалай құруға болады?
Мектеп өміріне қатысты және қазіргі кездегі мектеп пен тәрбие міндеттерін анықтайтын мемлекеттік құжаттармен танысу:
Балалардың жас ерекшелігі, сынып ұжымының даму денгейі, мектеп, мұғалімдер ұжымы, отбасы және тұрғылықты жердегі тәрбие мекемелерінің ерекшеліктерін ескере отырып мақсат пен міндеттерін анықтау.
Мектептің, тәрбие мекемелері мен бірлестіктерінің және пән үйірмелерінің болашақ тәрбие жоспарымен танысу, алдыңғы қатарлы озық сынып жетекшілерінің тәжірибесімен танысу, пән мұғалімдері және ата-аналармен пікір алмасу.
Оқушылардың жеке тұлғасы мен сынып ұжымын зерттеп тану.
Алдағы мерзімде болатын айтулы даталы күндер мен мейрамдарды анықтау, солардың ішінде ең қажеттісін таңдау. Болашақта балалармен баратын мәдени ошақтарды айқындау.
Достарыңызбен бөлісу: |