Рухани адамгершілік тәрбие Ұлттық тәрбие Отбасы тәрбиесі Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие


Экологиялық және еңбекке байланысты тәрбиелік жұмыстар



бет2/4
Дата15.02.2024
өлшемі49.17 Kb.
#491948
1   2   3   4
рухани тарбие

Экологиялық және еңбекке байланысты тәрбиелік жұмыстар
Экологиялық нормалардың, ережелердің қажеттілігін оқушылардың мінез құлқына тәрбиелеу қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу.
Жастардың бойында экологиялық мәдениетін қалыптастыру: тұлғаның мінез-құлқында;
қоғамдық пайдалы еңбекке және еңбек тәрбиесі арқылы айналадағы табиғатты қорғауда, күтуде және жақсартуда;
Экологиялық білімді насихаттауда; ең алғашкы кәсіби еңбекте. Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты. Өйткені өндірістік іс-әрекеттің барысында адам қоршаған ортаға тікелей әсер етеді.
Бастауыш сынып оқушылары табиғат байлығына ауыл шаруашылығында пайдалану жайлы алғашқы ұғымды еңбек сабақтарында алады. Олар үй мүліктерін, киім-кешек, тағам. Тағы басқа. Жасайтын табиғат заттарын қалай пайдаланумен танысады.
Бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасы оқушыларды төмендегі іскерлікті, дағдыны қалыптастыруға бағытталған; өсімдіктердің даму кезеңіне фенологиялық бақылау жүргізу; мектеппен және қоғамдық мүлікті ұқыптылықпен күту, тұрмыста электроэнергияны, газды, суды үнемді пайдалану. Оқушылардың негізгі экологиялық жұмыстарының түрлері.
-көшет материялдарын өсіру, ағаштар отырғызу, оларды өрттен қорғау, орман тоғайдағы зиянды жәндіктермен күресу.
-пайдалы хайуандарды қорғау олардың есебін алу.
Экологиялық тәрбиенің басты міндеттері:

  1. Өмірде және нақты еңбек іс- әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке төселу.

  2. Табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке косу.

  3. Әрбір мектепте экологиялық білім және тәрбие қоғамын ұйымдастыру.

  4. Қоғам мүшелері мектептегі жастар ұйымымен ынтымақтасып, тұрғылықты жерде экологиялық штабтар құрады, жорықтар, саяхаттар ұйымдастырады

Жас ұрпақтың құлық тәрбиесінде ұлттық тәртіп пен мінез ерекшеліктерінін алатын орны зор. Ұлттық қадір -қасиет дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар ұрпақтан -ұрпаққа жалғасып, біздің заманымызға жетіп отыр. Тәртіп пен мінез ерекшеліктері өзгеріп отырады. Олар халқымыздың өмір сүру жағдайына, әлеуметтік экономикалық және географиялық ортасынын шарттарына байланысты қалыптасады.
Халқымыздың рухани бейнесін бір жағынан әдебиет, өнер, ғылым, екінші жағынан мінез-құлық, ұлттық сезім, әдет-ғұрыптар т.б. бейнелейді. Ұлттық мінез-құлық ерекшеліктері адамдардың біріккен өмірі мен күресінде, әлеуметтік, табиғи географиялық материалдық мәдени жағдайының шарттарына лайықты қалыптасты. Соның әсерінен әрбір адамға ұлттық мінез- құлық, саналы тәртіп, болымды қылықтар сезім көріністері, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары пайда болды.
Қазақ халқының мінез- құлқында орын алған өзара көмектесу, әсіресе басқа түскен қуаныш пен қайғыда бір-біріне риясыз көмектесу, баға жетпес моральдық сүйемелдеу кезінде байқалады. Адам баласының өмір тәжірибесінде қалыптасқан үлкендерге құрмет көрсету өшпес дәстүрге айналған.
Өскелең ұрпақты өмірге және еңбекке даярлау үшін халқымыздын тарихи тәжірибесіне сүйеніп, мұғалім оқушылардың іскерлігін дағдысын, құлықтық қасиеттерін қалыптастыруға тырысады: ізгі ниеттілік, адалдық, кішіпейілдік, ілтипаттылық, орындағыштық, жауапкершілік т.б. Құлық тәрбиесінін міндеттері.
-оқушыларды қоғамның моральдық нормасына орындауда қатыстыру
-оқушылардың тәртіп және мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру: балалардың санасына және мінезіне педагогикалық ықпал жасаудың бірлігін қамтамасыз ету :
— Отанға, халқымызға, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке балалардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеу .
Бұл міндеттерді жүзеге асыру: біріншіден, тәрбие процесінің объективті және субъективті жақтарының бірлігіне, яғни оқушыларға қойылатын педагогикалық талаптарға -бұл объективті жағына: ал, жеке адамның қоғамдық норманы меңгеруі, -бұл тәртіп пен мінез-қүлық тәрбиесінің субъективті жағына байланысты: екіншіден, тәрбие шараларының мазмұнына, идеялық деңгейіне байланысты.
Құлық тәрбиесі балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне сәйкес жүргізіледі.
Тәрбие жұмысын жоспарлау педагог қызыметінің жалпы жүйесіндегі маңызды буын болып саналады. Ойластырып жоспарлау оны дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Жұмыс перспективалармен белгілейді, тәрбие жұмысынын белгілі бір жүйесін жүзеге асыруға кемектеседі.
Форма үшін ғана емес, жақсы жасалған жоспар педагогтың күнбе-күнгі тәрбие жұмысына көмектеседі. Педагог жоспар жасағанда балалармен тәрбие жұмысының негізгі міндеттерін мазмұнын, формалары мен әдістерін іріктеп алу үшін болып табылатын документтерді пайдаланады. Мұғалім өз жұмысын жоспарлағанда мектептің жұмыс жоспарын басшылыққа алады. Бүкіл мектептің істері мен жоспарлары мұғалім жұмысының бір бөлігі болып табылады.
Мектептің міндеті әр оқушының жан-жақты дамуына қамқорлық жасау болып табылады. Оны орындау педагогтан жан-жақты күрделі жұмыс жүргізуді талап етеді.
Тәрбие жұмысындағы аса күрделі әр жақтылықты тәрізді белгілі бір схемаға қалай сыйғызуға болады. Формалары Жоспар жасау дегеніміз -тәрбие жұмысының бүкіл барысын, оны ұйымдастыру үшін жалпылай және ұсақ -түйініне дейін ойластыру және қағаз бетіне түсіру, оның нәтижелерін алдын ала көре білу. Мысалы: мұғалім бірінші сынып оқушыларымен жұмыстың алғашқы күндерінде бірден-бір басты міндеті -балаларды мектептен, сыныптағы негізгі мінез — құлық ережелеріне үйрету, оларды осы дәрежелерді орындай білуге баулу, олардың бойында ережелерді тезірек және дұрыс игеруге деген ынта-ықылас тудыру міндеті шешуге күш салды.
Негізгі міндетті орындаған педагог енді келесі бір негізгі міндетті-балалардың бойында кластастарын жақын білуге деген ынта тудырып, оларды өзара табыстыру арқылы класта жолдастық қарым-қатынас жасау міндетін алға қояды.
Мұғалім ата-анамен әңгіме арқылы әрбір бала жөнінде алғашқы мағлұматтарға ие болады. Бұл әңгімелерде шамамен мынадай сұрақтар қойылуы керек.

  1. Бала мектепке қуана-қуана кетеді ме ?

  2. Мектеп туралы не деп жүр ?

  3. Үйге берген тапсырмаларды ықыласпен орындайма ?

  4. Үйде қандай міндеттерді тұрақты орындап отырады ?

  5. Баланың достары кімдер ?

  6. Үйде және аулада не ойнағанды ұнатады ?

  7. Қанша уақыт бойы телевизор көреді ?

  8. Үйде кандай жануарлар бар ? Бала оларға қалай қарайды ?

  9. Бала қандай мінез-құлық байқатып жүр: көппен жақсы араласа ма, әлде бұйығы ма, қайырымды ма, қайырымсыз ба; жолдастарымен бірге болғанды ұнатады ма?

  10. Сіз балаңызды жазалайсыз ба? Қалай, жиі ме?

  11. Бала үйдегі адамдар мен таныстарының ішіндегі кімді жақсы сыйлайды.

Бұл жекелеген балалардың ата-аналары мен жұмысты жоспарлауға, бүкіл класта ата-аналарымен өткізілетін әңгімелердің тақырыптарын белгілеуге көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет