Рухани-адамгершілік



бет4/17
Дата07.02.2024
өлшемі159.08 Kb.
#491153
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Біртүтас тәрбие бағдарамасы

Туғаннан 6 жасқа дейінгі бала тәрбиесі
Мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесінде:

  • баланың дербес әрекетіне қолдау көрсету;

  • баланың шексіз мүмкіндіктеріне сенім білдіру;

  • баланың қызығушылық танытқан іс-әрекеттерін сынап көруіне мүмкіндік беру ұсынылады.

Ұсынылады:

  • бесік-жырлары, арнау-тілек өлеңдер, өтірік өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар мен мақал-мәтелдер, жұмбақтар, балалар айтысы және басқа да балалардың тілдік қарым-қатынас жасауына қолайлы халық ауыз әдебиетінің үлгілері мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесінің құралы ретінде жүйелі қолдану;

  • балабақшада түскі (ұйқы) демалыс алдында оның жақсы ұйықтап, тынығуы үшін 0-3 жас аралығындағы бөбектерге бесік жырын (басқа да балаларға арналған жағымды әуенді әндер) тыңдату, ал 3 жастан асқан балаларға мейірімділік пен жақсылықты дәріптейтін ертегілер айту дәстүрін енгізу;

  • балалармен ертегі сағаттары, «Әжемнің ертегісі», «Бал бала» тіл ширату жобалары мен іс-шараларын жүзеге асыру;

  • балалардың жас ерекшелігін, қызығушылығы мен қажеттілігін ескере отырып ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарын, спорттық қимыл-қозғалыс ойындарын жүйелі қолдану ұсынылады.

6-10 жастағы бала тәрбиесі
Ұсынылады:

  • тәрбиелік іс-шаралардың мазмұны, форматы, көркемдік стилі, ұсынылу тәртібі қазіргі балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне, қызығушылықтарына, қабылдауына сәйкес болуы;

  • қысқа және ұзақ мерзімде іске асырылатын тақырыптық жобаларды жоспарлау арқылы тәрбие жұмысының жүйелілігін, бірізділігін, тұтастығын қамтамасыз ету;

  • халық ауыз әдебиеті үлгілері, көркем шығармалар тәрбиелік шаралар мен жобалардың мазмұнын қамтамасыз ететін дереккөзі ретінде қолдану;

  • бастауыш сынып білім алушыларының мінез-құлық әдебі мен өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастырудың құралдарының бірі ретінде қазақ халқының мақал-мәтелдерін, тыйым сөздерін қолдану;

  • ұлттық ойындарды («Асық ату» өткізу, Хан талапай, Арқан тартыс, Алтыбақан, Айгөлек, Белдесу, Саққұлақ, Тымпи, Тоғызқұмалақ т.б.) баланың физикалық, зияткерлік тұрғыдан дамуына ықпал ететін құралдардың бірі ретінде

қолдану арқылы оның қолданыс аясын кеңейту;

  • әлеуметтік тәжірибелер арқылы адамдарға, жан-жануарларға қамқорлық және табиғатты қорғау аясында жасалған қайырымдылық іс-шараларына тарту, оларды әлеуметтік желілерде насихаттау ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет