І тарау: Міржақып Дұлатұлы және Алаш идеясы
Ұлт зиялылары Алаш қозғалысын 1905 жылдан Қоянды жәрмеңкесінде патша үкіметіне жолдаған құзырхатын жазып, 12767 адам қол қойған хатты жолдаудан бастағаны тарихтан мәлім. М. Әуезов Ахмет Байтұрсынұлы мен М.Дулатовтың осы еңбектерін жоғары бағалап былай мәлімдейді: «1905 жылы
Ахаң мен Жақаң, біраз оқығандар бас қосып, кіндік үкіметке қазақ халқының атынан петиция (арыз) жіберген. Аталған петицияда үлкен сөздер: бірінші – жер мәселесі. Қазақтың жерін алуды тоқтатып, переселендерді жібермеуді сұраған. Екінші –қазақ жеріне земство беруді сұраған. Үшінші –отаршылардың орыс қылмақ саясатынан құтылу үшін қазақ жұртын муфтиге қаратуды сұраған» [2]
Халқының тағдыры мен қараңғылығына жаны қиналған ақын қазақты надандық пен күншілдіктен серпілтудің жолын іздестіреді. Осы орайда 1909 жылы М.Дулатұлының «Оян, қазақ » жинағы жарық көреді .Жинақтың құндылығы сонша -Тұрсын Жұртбайдың айтуынша, «Оян, қазақ» жинағы- ұзатылатын қыздың жасауына қосылып берілетін асыл қазынаның бірі болған. Жинақ екінші рет 1911 жылы қайта басылып шыққан кезде патша өкіметі тарапынан тәркілеуге ұшырайды. Сонда Жақаң мен Райымжан Мәрсеков жинақты торкөз дәптерге қолмен көшіріп, қолжазба күйінде таратады. Сондай қолжазбаның бірін , М.Дулатовтың қолымен жазылған, Р.Мәрсеков сақтап қалып, Қытайға өтіп кеткенде өзімен бірге ала кеткен қолжазба екен. Бірақ Алаш азаматы ол жақта тұтқындалып, ажал құшқан кезде, қолжазба шәкірттерінің бірінде сақталып қалады. Сол қолжазба 1988 жылы ақын Жүрсін Ерманға табыс етіліпті. Бұл қолжазба қазіргі таңда Кітап Музейінде сақталған.
1913 жылы Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының ұйымдастыруымен «Қазақ»газеті жарық көреді. Газетттің 1915 жылдың 30 қыркүйегіне дейін 31 адамнан тұратын жарнашысы болған. Олар: «Азамат серіктігіне» мүше болған Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Б.Байрсынова, Ш.Құдайбердіұлы, Т.Құнанбаев т.б. газеттің шығуы осы
2
қайраткерлердің жарна аққшарарының арқасында жүзеге асырылды.
Алаш азаматтарының ХХ ғасырдың басындағы ірі қоғамдық күрестерінің бірі -1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіндегі рөлі туралы Кеңес дәуірінде бұрмаланғаны белгілі. Сол оқиғаларға тоқталып, жас ұрпаққа дұрыс мәлімет беру де –біздің парызымыз.
1916 жылдың 25 маусымында бұрата халықтан майданға қара жұмысқа 19-43 жас аралығындағы ер азаматтарды алу туралы жарлығы халықтың шыдамын тауысып, олардың отарлау езгісі мен орта ғасырлық қанауға қарсы көтерілуіне себеп болды. Жарлық бойынша Түркістан мен Дала өлкесінен майданға окоп қазуға 400 мың, Қазақстанның далалық өлкесінен 100 мыңнан астам, Жетісудан 87 мың адам жіберу көзделді. Қарапайым халық теңселіп не істерін, кімнен көмек сұрарын білмей сеңдей теңселіп тұрған кезде қазақтың өзі екіге бөлініп кетті. Тұрар Рысқұлов, Әліби Жангелдин сынды азаматтар қазақтан әскер бермеуге , халықты көтеріліске үндесе, «Қазақ » газетінің
төңірегіне топтасқан Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы сынды ұлт зиялылары керісінше бас көтеруге қарсы болып, қазақтар қантөгіске ұшырауы мүмкін деп алаңдаушылық білдірді. Олар қарулы көтеріліске қарсы болып, патша жарлығын орындауға шақырды. Алаш зиялылары осыған байланысты бірнеше пікірлер айтты:
1.Олар Ресейге төнген сыртқы қатердің бодан болып отырған қазақтарға да
толық қатысы бар екендігін айтты;
2.Қарусыз қазақтарды тұрақты орыс армиясына қарсы бас көтеруін болдырмауға тырысты. Қарусыз халық өкіметтің жазалау шарасының құрбаны болатынын түсінді.
3. Соғыс Ресей үшін жеңіспен біткен жағдайда қазақтардың хал-жағдайы жеңілдеп, ұлттық автономия құру үміттері де болды.
М.Дулатұлының «Он алтының ойраны » атты мақаласында «Бір күні төбеден жайдың оғындай июнь жарлығы сарт ете түсті Бұл жарлықтың қазақ арасына қалай тарайтыны көз алдымызға елестей алды. Өз өмірімізде басымызға тумаған ұлы дағдарысқа ұшырадық...»-деп жазды. [3] Ал Мұхаметжан Тынышпаев «Жағдай өте қолайсыз қалыптасты және санаулы қазақ интеллигенциясы екі оттың арасында қалды»-деп көрсетті. [3] Алаш азаматтары қиын кезеңде халқын тастап кете алмады, өз ойларын жеткізу үшін 1916 жылы «Қазақ » газетінда Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлының «Алаштың азаматтарына» атты үндеуі, «Алашқа» атты өлеңдері жарияланады.
1916 жылдың 8 тамызында Торғай,Орал,Ақмола, Семей және Жетісу
3
облыстары қазақтарының кеңесі –қазақтан тыл жұмысына адам алуға
байланысты өтті. Кеңес Алаш көсемі Ә.Бөкейханның төрағалығы, М.Дулатов, О.Алмасовтың хатшылығымен өткізілді. Кеңес барысында 18 тармақтан тұратын қаулы қабылданады.Қаулыда тылға жұмысшы алуды солтүстік уездерде 1917 жылдың 1 қаңтарына дейін, ал оңтүстік уездер үшін осы 1917 жылдың 15 наурызына дейін қалдыра тұру,отбасында міндетті түрде бір жұмысшы қалдыру, мүмкіндігінше тұрғылықты жері бойынша мемлекетті қорғау жұмысына қалдыру, т.б. мәселелер айқындалған Бұл Кеңес қазақ зиялыларының ұлт мүддесі үшін біріге алатындығын көрсеткен және қазақ жерінің барлық өкілдері бас қосқан алғашқы жиналысы болды. [ 4]
1916 жылдың шілде-тамыз айларында Жетісу өңірінде басталған көтеріліс көп кешікпей Қазақстаннның көптеген аймақтарында қарулы қақтығысқа ұласты. Соғыстың ауыртпалықтары, жергілікті халықтан зорлықпен жердің тартып алынуы, шаруашылықтың күйзелуі, патша жендеттерінің тарапынан тонаудың күшеюі, ел басқарып отырған бай-болыстардың әділетсіздігі қазақ
халқының шыдамының үзілуіне соқтырды.
Бірақ көтеріліс ұйымдаспаған, жоспарсыз түрде болғандықтан, жеңіліске ұшырады. Көтеріліс басшылары жазаланып сот үкімімен Түркістан өлкесінде 1917 жылдың 1 ақпанына дейін 347 адам өлім жазасына, 168 адам каторгалық жұмыстарға, 129 адам түрмеге жабылды. Жазалану мен қудалаудың құрбаны болмау мақсатында 300 мың қазақ пен қырғыз яғни Жетісу тұрғындарының
төрттен бірі Қытайға қашуға мәжбүр болды.
Қазақ зиялыларының қауіптенгеніндей мыңдаған адам қаза тауып, қарудың күшімен тоқтатылды, Жұмысшыларды еріксіз тыл жұмыстарына жөнелту басталды. Осы кезде де «Қазақ »газетінің редакциясы тыл жұмыстарын жөнелтілген қазақтардың мұқтаждықтарына қызмет көрсетуді ұйғарып,«Қазақ» газетінің 11 тамызындағы 19 санында патша үкіметіне өз 17 талаптарын қояды:
Майдан жұмыстарында ауырғандарға, жараланғандарға медициналық көмек көрсету;
Жұмысшы қазақтар жергілікті қалалық және земстволық одақтардың қамқорлығында болу;
Майдандағы қара жұмысшыларға жер-жерден киім-кешек пен азық-түлік жеткізіп тұру үшін әр болыстан екі адамға теміржол вагондары тегін берілу қажет;
Сенімді себептер болғанда жұмысшы қазақтарға демалыс берілуі тиіс т.б.
Осы мақсатпен барлық қазақ зиялыларына реквизицияланғандар (еріксіз) жұмыс істейтін майдандарға өз еркімен барып, оларда бұратаналар бөлімін
4
құрауға шақырды.
Зиялылар(көпшілік бөлігі мұғалімдер) бұған үн қосты және көп кешікпей Минскіде земство одағының жанынан бұратаналар бөлімі құрылды. Қазақ зиялылары майдан тылында еңбек еткен қазақтардың сөзін сөйлеп,мұңын жоқтады Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлы т.б.қазақ зиялылары Минскіде, тағы да басқа тыл жұмысына шақырылғандар көп шоғырланған қалалар мен елді мекендерде болып, олардың құқықтарын қорғау және жұмыс істеуіне қажетті жағдайлар туғызу жөнінде нақты қадамдар жасады. Әлихан Бөкейхан бас болып жауынгерлерді азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтамасыз етіп, дәрігерлік көмек көрсетуді ұйымдастырды.
1917 жылы Торғай губернаторы М.Эверсман Әлихан Бөкейхановтың ұсынысымен М.Дулатұлына және дәрігер Ә.Алдияровқа арнайы куәлік беріп, Минск маңы мен Баранович қаласында тыл жұмыстарында жүрген қазақтарға қолдау көрсетіп, жетекшілік етуге жібереді. М.Дулатұлы Минскіде Ә.Бөкейханов ұйымдастырған «Еркін дала» атты саяси үйірменің ісін
жандандырып, қазақ жастарының көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.
1917 жылы ақпан революциясы жеңіске жеткеннен кейін қазақ жігіттерін елге қайтару ісінің басы-қасында болды. М.Дулатұлы Петроград пен Мәскеудің вокзалында түнеп, елге қайтушы жігіттерге теміржол билетін алып беріп, басқа да көмек көрсетеді. М.Дулатұлымен бірге басқа да оқыған зиялы Алаш азаматтары біліміне, мансабына, дәрежесіне қарамай, халықтың қиын –
қыстау кезеңінде жанынан табыла білді. Олардың мұндай шешім қабылдауы Кеңес үкіметі кезінде бұрмалағандай «сатқындық» емес, жанашырлық еді. Қолында қаруы, белгілі жоспары, нақты ұйымдастырушылары болмаған қарапайым халықты аман алып қалу еді Алаш арыстары сол кезде халықтың жанында болмай, бас сауғалап немесе оларды қарулы көтеріліске үндесе, 446 мыңдай емес, одан да көп қырғынға ұшырататын еді. Алаш азаматтары, соның ішінде М.Дұлатұлы, Ж.Ақпаев, Ә. Алдияров, Ғ.Қисықов, С.Жанайдаров т.б. қазаққа қорған болу мақсатында қырғын майданның ортасында болуды үндемегенде, оларғ көмек қолын созбағанда тағы да қанша қазақ қырғын болар еді.
М.Тынышбаев 1916 жылғы көтерілісті патша жендеттері аяусыз басып жаншығанда шет елдерге босып кеткен қандастарымызды атамекеніне қайтару ісімен айналысады. Осыған орай М. Дулатұлы 1916 жылғы оқиғалардың зардабынан қырғынға ұшырап , босқынға айналған елге көмектесу мақсатында Семей қаласында, қазақ тарихындағы ең алғашқы «Жанар» жәрдем қорын ұйымдастырады. Босқындарды қазақ жеріне қайтару үшін А.Байтұрсынұлы мен
5
М.Дулатұлы Шәуешекке, Мұстафа Шоқай Өзбекстанға, Мұхаметжан Құлжаға
аттанады. М.Тынышбаев «Қазақ» газетінің 1917 жылдың 24 маусымында жарияланған мақаласында «Қытай жеріне кеткен (Құлжа һәм Қашқар өлкелеріне ) босқын қырғыз,қазақтардың саны 164 мың адам екен. Содан үстіміздегі жылдың 1июльдің біріне дейін қырылғаны 83 мың, жеріне қайтқаны 69 мың, Қытай жерінде қалғаны 12 мың адам» деп мәлімет береді.[ 5]
Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің ұсынған ұлттық идеяның негізгі ұстанымдары:
1. Олар таптық бөлінуді (бай, кедей, орташа) қолдамады.
2. Жерді сатуға қарсы болған.
3. Жердің асты мен үстінгі байлықтар қазақтың төл меншігі деген.
4. Бір тоқтының жүнінен бір жапырақ бүр тоқылатын болса, ол алдымен қазақтың үстінен табылуын ұсынған.
5. Қазақ тілі- мемлекеттік тіл болуын талап еткен.
6. Мемлекет құруда ұлттық салт- дәстүрді сақтай отырып, дамыған Жапония
елінің тәжірибесін қолдануды ұсынған.[6]
Егер Алаш Орда үкіметі орнап, Алаш идеясы іске асқан жағдайда 1921- 22 жылдары 1 млн. 758 мың қазақ қырылып қалмас еді, 1931-33 жылдардағы астық болмас емес, қазақтың бетке ұстар зиялылары мен қоғам қайраткерлері, ақын- жазушылар жазықсыздан- жазықсыз жазаланып, елінен, туған жерінен жырақта сүргінде жүрмес еді, шаһит болып, бөтен жерлерде көмусіз қалмайтын еді.
Достарыңызбен бөлісу: |