Рухани жаңҒыру: Қасиетті туған жер атты байқауға қатысу


ІІ тарау Мыржакып Дулатұлының өмірінің соңғы кезеңдері



бет4/4
Дата15.12.2023
өлшемі182 Kb.
#486656
1   2   3   4
Баяндама Қазақ әдебиетінен М.Дулатовтың өмірі мен Алаш қозғалысы

ІІ тарау Мыржакып Дулатұлының өмірінің соңғы кезеңдері
Кеңес үкіметі орнаған соң А.Байтұрсынұлы,М.Дулатұлы, Ж.Аймауытовтар ағартушылық саласында көптеген жұмыстар істейді. Ахаңның «Оқу құралы», «Тіл құралы», «Сауат ашу», төте жазуы, Ж.Аймауытовтың «Тәрбиеге көмекші», «Психология», М.Дулатұлының «Есеп құралы», «Қирағат» оқулығы қараңғы қазақ үшін таптырмайтын құнды дүние болатын. Бірақ бұл оқулықтардың өмір авторларының өмірінен де қысқа болды.
М. Дулатұлын 1928 жылы Қызылорда қаласында«Еңбекші қазақ» газетінде қызмет істеп жүрген кезінде тұтқындайды. Бұрынғы қызметтерін еске түсіріп
10 жылға сүргінге жібереді. Тергеу кезінде М.Дулатұлынан «Қазақ» газеттің шығу тарихы туралы мәліметтер де сұралады.Мұны қайраткердің 1929 жылдың 1 қаңтарында ОГПУ тергеуінде берген жауабынан байқауға болады. «1913 жылы қамалып шыққаннан соң Орынборға келдім. Далалық генерал-губернатор қазақ өлкесінде тұруға тыйым салғандықтан Орынборда
А. Байтұрсынов тұратын. А. Байтұрсынов «Қазақ» газетін ұйымдастырған екен. Мен редактор секретары боп орналастым.Баспаханалық қорымыз шектеулі,небәрі 450 сом ғана. Газетте тек екеуміз ғана жұмыс істедік.
6

Адрестерді қолдан жаздым. Көшіріп жазушы, өңдеуші, корректор газет бүктеуші, таратушы- барлығы менің мойнымда болды. Газетті әр жерге таратып, насихаттаушы да мен болдым.


Қысқа мерзімде газет әйгілі болып, патша әкімшілігінің назарын аударды. Осыған сәйкес 3-4 мәрте айыпталып, әр нөмері үшін 300 сомнан 3 мың сомға дейін айып салынды» ,- деп жауап берген екен. [6]
Ақынның қызы Гүлнар Дулатованың естеліктерінде М. Дулатұлы өзі қуғын- сүргінде жүрсе де, жазықсыз жазаланғандарға көмектесіп жүрген екен. Сондай жандардың бірі – Рахымбек Жандосов 30 жылдары «Совминторг» әкімдігінің орынбасары болып қызмет істеп жүргенде 1932-33 жылдары пәлеқор сегіз кісінің көрсетуімен 58-2,4-баппен айыпталып, 10 жылға сотталады да, Жақаң отырған түрмеге жіберіледі. Сол жерде М. Дулатұлымен кездесіп, заң кодекісінен хабардар ақын оған арыз жазуға (кассационная жалоба) көмектесіп, өз тарапынан қосымша хат жазып: « Рахымжан Жандосов ешқашан Алаш Орда партиясында болмаған кісі»,-деп дәлелдеген. М.Дулатұлының
сөзінің растығына көзі жеткен НКВД тергеушілері О.Жандосовты 10 жыл
ұстамай, 1936 жылы босатады [2]
Ақтеңіз арқылы шетелдің кемелері Соловки аралына тоқтап өтетін . М.Дулатов Соловки аралында тұтқында болған кезде Мұстафа Шоқай арнайы кісі жіберіп, ақынды жасырын түрде кемемен шет елге алып кетуді ұйымдастырады. Арнай жіберген кісі ақынға жолығып, Мұстафа Шоқайдың
ұсынысын жеткізгенде, М.Дулатұлы: «Мұстафаның қамқорлығына рахмет. Мыржақып қашқын аталып, Отанын, туған ел-жұртын тастап кетпейді, болашақтағы жеке басының қамын ойлап, дәулетті- салтанатты өмірге қызықпайды... Тірі болсам, күннің бір күнінде елге оралып, қазақ халқының алдында қызмет етуден жалықпаймын,»-деген екен.[2] Бірақ Жақаңның арманы орындалмайды, аралда жүрген кезде астма ауруына душар болып, жағдай күннен күнге нашарлайды. «Қызыл крест» қоғамын басқарып жүрген жылдары М.Горькийдің жұбайы Е.П.Пешкова саяси тұтқындардан келген арыз-өтініштерді аяқсыз қалдырмаған екен. А.Байтұрсынұлы мен
М.Жұмабаевтың арыздарына тікелей араласып, үкім жазасын қысқартса, М.Дулатұлының ауруға шалдыққанын айтып, Ақтеңіз-Балтық каналының бойындағы Сосновец станциясына таяу поселкеге ауыстырып, жұбайы мен балаларына жолығуға мүмкіндік жасайды.[2] Бірақ М.Дулатұлының қайтыс болғаны туралы қаралы хабарда 1935 жылдың 5 қазанында Сосновец лазаретінде дүниеден өткені туралы туғандарына хабар беріледі.
7
Жақаңның денесі 1993 жылы Балтық теңізінен өзінің туған жеріне әкелініп, арулап қойылғанына да алдымыздағы жылы 25 жыл болар екен.
Шындық иілгенмен, сынбайды дегендей, еліміз Егемендігін алғаннан кейін ағаларымыздың есімдері ақталып, ұлтына ұран болып қайта оралды. Кеш болса да, рухани қазынамыз бен рухты ағаларымыздың есімдері ұрпағының еншісіне тиді.
Қорытынды.
Сөзімді 11 сынып оқушысы Сағантай Перизаттың Мыржақып Дулатұлының рухына арналған өлеңмен қорытындылаймын.

Міржақыптың кезі келді көктейтін,


Басқалардың сөзі мүлде өтпейтін,
Жүрегінен қан тамшылап тұрса да,
Ешқашан да халқын тастап кетпейтін.

Мыржақыптың кезі келді көктейтін,


Жырларына ештеңе де жетпейтін,
Өле өлгенше, халқын қолдап қорғаған,
Өз елінің өзегінен теппейтін.

8
Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Н.Ә. Назарбаев «Рухант жаңғыру: болашаққа бағдар»
2. «Ұлы тұлғалар» ғылыми-ғұмырнамалық серия
Елім деп соққан ұлы жүрек Алматы, 2002.6,109,136, 147, 204 б.б.
3. «Жұлдыз» журналы 1991 .№6 104-105 б.б
4.Тынышбаев М. Ақтабан шұбырындыАлматы,1992 . 102-102 б.б
5.Тілешов Е. Алаш туы астында. Алаш қозғалысының қайраткерлері, қатысушылары және оқиғалар. Астана : «Арман-Медиа» - 150-160
6. «Ақиқат» журналы 1993. №4 6.109 б.б.

9



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет