«рухани сабақтастық /Әл-фарабиден хакім абайға дейінгі/» ПӘні бойынша ауызша емтихан сұРАҚтарына жауап: 38. М. Х. Дулатидың «Тарих-и Рашиди»


Қазыбек бидің елдің тұтастығын сақтау жолында атқарған қызметі, тапқырлығы мен дана шешімдері



бет12/46
Дата10.05.2023
өлшемі261.73 Kb.
#473498
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46
«ðóõàíè ñàáà?òàñòû? ?ë-ôàðàáèäåí õàê³ì àáàé?à äåé³íã³ » Ï?í³ áî 6

49. Қазыбек бидің елдің тұтастығын сақтау жолында атқарған қызметі, тапқырлығы мен дана шешімдері.
"Құба қалмақ заманы” деп атанған заманда қалмақ пен қазақтың ел шабысқан дауларын бітістіруде Қазыбек үш рет билік айтқан екен. Оның бірі әлгі Қазыбек "Телқоңыр” дейтін тайға мініп, өзге билерге атқосшы боп барғанда айтқан билігі.
Екінші билігінің тарихы мынадай: Қазыбек аты әйгілі боп тұрған шағында өзіне қараған елін қалмақтың тіке шабуылынан аулағырақ қонысқа ірге тептіру үшін Сарыарқаның жерін шолып қайтуға кетеді. Соны сырттан есіткен қалмақ Қоңтажы дереу қалың қол аттандырып Қазыбекке қараған елді шаптырып алады. Ханның қолы малмен қоса жүзге тарта ер балаларды да байлап әкетеді. Оның ішінде Қазыбектің өз баласы Қазымбет те кетеді. Өйткені Қазыбектің тұқымынан біреуді қайтсе де байлап әкелу жөнінде ханның тікелей тапсырмасы болған деседі. Сарыарқаны қоныстыққа ұнатып елге қайтқан Қазыбек шабылған елін көрген соң, өзі басшы болып қалмаққа екінші екінші рет жол тартыпты.
Он төрт жасар бала күннің өзінде-ақ нелер тапқыр сөздер айтып бетін қайтарып тастаған Қазыбектенжасқанып – Қоңтажы хан бітім керегін алып қалу мақсатымен әртүрлі қулыққа салады. Сонда ханның көздегені Қазымбетті қайтармау екен. "Тірі емес” деп балаға құн төлеу ниетін білдіреді. Сонда Қазыбек тұрып Қоңтажыға:
- Жұмыр басты, екі аяқты адамымның өзін қайыр, төрт аяқты айдынды бозымның көзін қайыр. Ерім үшін құн алмай өлісемін, бозымның көзі жоқ болса, екі есе құн аламын. Бұл айтқаным болмаса, тал түсте тапап аламын дегенде, Қоңтажы:
- Қазыбек би, ерің үшін құн алмай өлісемін дегеніңді жөн делік. Ал, бозыңның төлеуін екі есе қып аламын дегеніңе жол болсын!- депті. Сонда Қазыбек:
- Бозымның төлеуі екі есе болатын себебі: белеңнен шыға келген қалың топтың ішінде оның жарықеткен айбыны Қоңтажыдай ханды да сескендіреді. Төлеуі толық болса – ендігәрі есте жүреді, - дейді. Сонымен Қазыбек бұл жолы да шапқыншылыққа түскен балалармен қоса малдың көзі барының көзін, көзі жоғының толық төлеуін алып қайтады.
Үшінші билігі: осы бітімнен қайтып келе сала Қазыбек елін Сарыарқаға көшіріп, бұл жерді ата мекендік қоңыс етеді. Бірақ әлі де ол қоңысқа көшіп болмаған елдің соңғы бөлегін Қоңтажы тағы шаптырып алады. Қазыбекке шабылған елден хабаршы келеді. Сонымен Қазыбек тағы да қалмаққа тартады. Би бұл жолы Қоңтажының алдына серт қойып, мұндай шабыншылық ендігәрі қайталамайтындай етуге немесе бір жола бітіспеске кетуге беттеп аттанады. Қоңтажының ордасына таяп келгенде, өткелде тұрған бір жастау қыз Қазыбектің қайда бара жатқан жөнін сұрапты. Қазыбек қызға Қоңтажы ханға елшілікпен бара жатқанын айтыпты. Қыз оған:
- Елші болсаң, қазақтың Қазыбегі боларсың, есебің бітсе мені де еске аларсың, - депті. Қазыбек Қоңтажының ордасына түсіп:
- О хан, сен ел шабуды қоймадың, мен елшілікке келуден танбадым, - дейді. Қоңтажы бұған:
- Қазыбек би, дұрыс айтасың, сенің қаршадай 14 жасар күніңде айтқан сөздеріңді есітіп: "Шіркін-ай, мынадан бір тұқым алар ма еді”, - деп ойладым. Содан барып Қазымбеттей ұлыңды алдырдым. Бірақ сен келіп "ерімнің өзі қайтпай тұрып, бітім етпеймін” дедің. Не бізге тіліңді кесіп тастап кетпедің. Содан кейін менен іргеңді аулақ салып әрі көштің. Сені қайта бір келтіру үшін мен артта қалған еліңді шаптырып алдым. Ендігі сөздің турасы сенімен достасуға құмармын. "Даудың артын қыз бітейді, судың артын шым бітейді, судың артын шым бітейді”, - деуші еді.
- Саған беретін қызым жоқ, қыз берсең алайын, - дейді. Хан Қазыбектен "ұлың нешеу еді” деп сұрайды.
Қазыбек:
- Бір жарым ұлым бар, - деп жауап береді. Хан бұған таңданып:
- Бір жарымы қалай? Сенде дығырдай бес ұл бар деп еститін едім, - дейді.
Хан оған:
- Менің елге ие болатын ұлым біреу-ақ, аты Бекболат, соны бүтінге есептедім. Ал мал мен қатынға ғана ие болатын үшеуін есепке алып жүргенім жоқ, - деп Қоңтажыға қарапты. Қоңтажа өз қызын беріп, оны Бекболатқа қосуды өтініпті. Сонымен қазақ пен қалмақтың шабыншылығы тоқталған екен деседі. Қазыбек осы сапарында хан ордасына бара жатқанда жолыққан жас қызды ала келіп: "Осыны тәрбиеле”, - деп оны да Бекболаттың қолына тапсырыпты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет