«рухани сабақтастық /Әл-фарабиден хакім абайға дейінгі/» ПӘні бойынша ауызша емтихан сұРАҚтарына жауап: 38. М. Х. Дулатидың «Тарих-и Рашиди»


Қазақ мемлекеттілігінің әлсіреуі және хандық биліктің жойылуы, оның қазақтың рухани өміріне тигізген кері әсерінің көріністері



бет14/46
Дата10.05.2023
өлшемі261.73 Kb.
#473498
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   46
«ðóõàíè ñàáà?òàñòû? ?ë-ôàðàáèäåí õàê³ì àáàé?à äåé³íã³ » Ï?í³ áî 6

51. Қазақ мемлекеттілігінің әлсіреуі және хандық биліктің жойылуы, оның қазақтың рухани өміріне тигізген кері әсерінің көріністері.
XIX ғасырдың жиырмасыншы жылдарына қарай патша үкіметі Қазақстандағы хан билігін жоятын уақыт келіп жетті деген қорытынды жасады. Бұған салмақты негіздер де, қажетті бірқатар алғышарттар да жеткілікті деп санады.
Біріншіден, қазақ хандары дала тұрғындарының басым көпшілігінің алдында өздерінің беделінен айырылып қалды. Жергілікті байырғы халық патша үкіметі тағайындаған хандарды баяғыдай дербес ел басқарушылар деп емес, көбінесе Ресей империясының кәдімгі көп шенеуніктерінің бірі ғана деп қабылдады. Оның үстіне, тап сондай дәрменсіз билеушілердің саны да көбейіп бара жатты. Патша үкіметі әр жүздің (Кіші жүз бен Орта жүздің) бұрыннан бар хандарының қатарына жаңа хандарды қосып отырды. Мәселен, 1812 жылы Кіші жүздің Жайықтың оң жақ бетіндегі қазақтарға Бөкей сұлтан өз алдына жеке хан болып шыға келсе1815 жылы Орта жүзде Уәли ханмен қатар және Бөкей сұлтан да хан болып тағайындалды.
Екіншіден, бұл кезде патша үкіметі Кіші жүзді де, Орта жүзді де бірнеше әкімшілікке бөлшектеген еді. Мұның өзі патша үкіметінің көшпелі қазақтарды басқаруына өте қолайлы болып шықты. 1788 жылы Ертіс бойындағы қазақтардың сұлтан Сұлтанбек басқарған бір бөлігі Ертіс өзенінің оң жағында «мәңгілік көшіп-қонып жүру» құқығына ие болды. Сөйтіп Орта жүз бірі Ертістің оң жағалауы, екіншісі Ертістің сол жағалауы болып екіге жарылды. 1801 жылы Жайықтың оң жағалауында Кіші жүзден бөлінген Ішкі Орда құрылғанын айттық. Оның үстіне, 1808 жылғы ашаршылық кезінде Кіші жүздің 20 мыңға жуық қазағы башқұрт кантондарының аумағына уақытша көшірілді. Бір кездегі біртұтас жүздердің арасында ендігі жерде ешқандай да еркін байланыс жасау мүмкіндігі қалмады, өйткені ондай байланыс жасауға қатаң тыйым салынды.
Үшіншіден, XIX ғасырдың бас кезінде Шыңғыс ұрпағы бірқатарының патша үкіметінің әкімшілігіне белсенді қарсылық білдірген оқиғалары көбейіп кетті. Ал ақыр соңында, патша үкіметі Франциямен соғыс аяқталғаннан кейін жеткілікті әскер күші мен адам ресурстарына ие болды. Мұның өзі оның тәуелсіз қазақтардың заңды билігін — хан билігін біржолата жоюға итермеледі. Өйткені хан билігінің сақталуы патша үкіметінің өлкені шаруашылық тұрғысынан кең көлемде отарлауына кедергі келтірген еді.
Орта жүздегі хан билігінің жойыла бастауы[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Орта жүзде 1817 жылы Бөкей хан, 1819 жылы Уәли хан қайтыс болғаннан кейін патша үкіметі жаңадан хан тағайындап жатуды қажет деп таппады. 1822 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторы М.М. Сперанский жасаған және Ресей императоры I Александрдің жарлығымен бекітілген «Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы жарғы» күшіне енді. Қазақстандағы жаңа реформаның ең басты мақсаттарының бірі Орта жүздегі хан билігін біржолата жою болатын. «Жарғы» өзінің мазмұны мен мақсаты жағынан Қазақстанның солтүстік-шығыс аймақтарын іс жүзінде Ресей империясына қосып алып отарлауға бағытталған болатын. Сөйтіп Орта жүздегі әкімшілік, сот және аумақтық басқару жүйесі түбірімен өзгертілді.
Басқарудың жаңа жүйесін енгізу[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Басқарудың округтық жүйесі енгізілетін болды. Сөйтіп жаңа округтар құрылды. Округтар болыстарға бөлінді, ал болыстар ауыл әкімшіліктерінен тұрды. Әр округта 15—20 болыс, әр болыста 10—12 ауыл, ал әр ауылда 50—70 үй болатын болды. Сыртқы округтағылар Сібір қырғыздары (қазақтары) облысына біріктірілді. Жаңа әкімшілік бірлігі орасан зор аумақты алып жатқан Омбы облысының құрамына кірді. Томск және Тобыл губерниялары мен Омбы облысы Батыс Сібір генерал-губернаторына бағындырылды. Оның орталығы Тобыл каласында орналасты. Әкімшілік бірліктерін құру кезінде патша үкіметі өзіне қолайлы жағдайды босқа жіберіп алмай, көшпелілердің рулық бөліністерін де ұмытқан жоқ, олардың қыстаулары мен жазғы жайылымдарын да мұқият еске алды. Далалықтардың бір округтың аумағынан екінші округқа ауысуына ондағы өкімет билігінің келісімі бойынша рұқсат етілді. Округтарды сайланып қойылатын аға сұлтандар, болыстарды болыстар, ал ауылдарды - ауыл старшындары басқарды. Болыс сұлтандары мен ауыл старшындары әкімшілік, шаруашылық және полицейлік қызметтерді қоса атқарды. Әр округта аға сұлтан басқаратын Округтық приказ (мекеме) құрылды. Оның құрамына Омбы облыстық басқарма бастығы тағайындайтын ресейлік екі заседателъ және сайланып қойылатын екі «құрметті қазақ» қатысуға тиісті болды. Ішкі күзет Сібір казактарынан іріктелді.
Сыртқы округтардағы сайлау тәртібі[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ауыл старшындарын көшпелілердің өздері сайлайтын және оларды бұл лауазымды қызметке округтық мекеме бекітетін. Сайлау үш жылда бір рет өткізіліп тұрды. Сұлтандар старшындарды сайлауға қатыспайтын. Сұлтандардың қатарынан сайланып қойылатын болыстар өздерінің қолындағы өкімет билігін балаларына мұра етіп қалдыру құқығын иеленді. Биліктің ауысуы жоғарыдан төмен қарай жүргізілді. Кейінгі кездерде болыстық қызметке сүлтан емес, қарапайым қазақтардың да сайлануына рүқсат етілді. Бірақ ондай адамдардың патша өкіметіне сіңірген еңбегі зор болуы тиіс еді. Сол арқылы патша үкіметі Шыңғыс әулетін билік құрылымынан бірте-бірте шеттете бастады. Аға сұлтанды тек сұлтандардың өздері ғана, ал оның құрметті қазақтардан іріктелетін екі заседателін билер мен старшындар ғана сайлайтын. Аға сұлтандар үш жылға, ал олардың заседательдері екі жылға сайланатын. Аға сұлтандар облыстық басқарма бастығының бекітуінсіз өз өкілеттігін жүзеге асыруға кірісе алмайтын. 1854 жылдан бастап аға сұлтандыққа шыққан тегі Шыңғыс әулеті емес адамдар да сайлана алатын болды.
Округтық приказдың негізгі міндеттері[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Округтық приказдың қатаң белгіленген міндеттері болды. Ол атап айтқанда,

  • округтағы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • халыққа білім беруге қамқорлық жасау;

  • тұрмыстық жағдайлар мен шаруашылық жұмыстарын жақсарту;

  • қарақшылық тонауды, барымтаны және өкімет билігіне бағынбау әрекеттеріне тыйым салу;

  • өз бетімен кетіп, озбырлық жасауға жол бермеу;

  • тергеуді және сот істерін әділ жүргізу;

  • діни наным-сенімдерге байланысты проблемаларды шешу;

  • көпестер керуенінің жүріс-тұрысын бақылау және олардың қауіпсіздігін камтамасыз ету;

  • сондай-ақ жасақ (алым-салық) жинау. Округтық приказ, сонымен қатар егін шаруашылығын дамытуға да қамқорлық жасауы тиіс болды.

Алым-салықтар[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Басқарудың жаңа жобасын өмірге бірте-бірте және ауыртпалықсыз енгізу үшін патша үкіметі барлық алым-салық түрлерін өтеуге бес жылдық жеңілдік белгіледі. Бұл жылдар ішінде ауруханалар мен мектептер салу үшін ерікті түрде төленетін алым-салық қана жиналып келді. Жеңілдік мерзімі өткеннен кейін округтардың халқы мал басының санына қарай 100 бастан бір бас мөлшерінде жасақ төлеуге міндетті болды. Бірақ ондай салық түйе басына салынған жоқ. Өйткені мұның өзі сауда керуенін көбейту үшін қажет еді. Алым-салық үшін мал санағы үш жылда бір рет өткізіліп тұрды. Қазақтар жасақтан өзге шабармандар мен жолаушыларға көлік жағынан да көмек көрсетуге тиіс болды.
Қазақ даласында шаруашылық пен сауданың дамуы[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Округтық приказдардағы ресейлік заседательдер және казактар жер өңдеп, егін салудың, бау-бақша өсірудің және омарта шаруашылығын жүргізудің үлгісін көрсетуге міндетті болды. Отырықшы өмір салтына көшкен және осы айтылған жұмыстарда табысқа жеткен қазақ отбасыларына жергілікті өкімет билігі тарапынан сыйлықтар беріліп тұрды. Бірақ қазақтардың диқаншылыққа жаппай көшуі бәрібір байқалған жоқ. Дәстүрлі мал шаруашылығымен айналысып келген қазақ халқы егіншілікпен айналысуға жатырқай қарады, мұның өзі сіңірі шыққан кедейлердің - жатақтардың ғана ісі саналды. Округтардың халқы тұзды көлдерден қанша тұз өндіріп аламын десе де ерікті болды. Тұз өндіру олардың ездерінің тұтыну қажеті үшін де, руластарына сату үшін де керек еді. Патша үкіметі сауда-саттықты қолдап, көтермелеп отырды. Әрбір қазақ езінің өндірген енімін округ аумағында да, одан тыс жерлерде де сатуға құқықты болды. Сұлтандар сауда керуендерін шетелдерге де, Сібір шекара шебіне де жіберіп тұру қүқығын сақтап қалды. Тап осындай құкықты орыс көпестері де пайдаланды. Сыртқы округтарды басып өтетін сауда керуендерінен ешқандай да баж салыгы алынбайтын тәртіп орнатылды.
Денсаулық сақтау, дін және халыққа білім беру салаларындағы жаңалықтар[өңдеу | қайнарын өңдеу]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет