«рухани сабақтастық /Әл-фарабиден хакім абайға дейінгі/» ПӘні бойынша ауызша емтихан сұРАҚтарына жауап: 38. М. Х. Дулатидың «Тарих-и Рашиди»


Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы оқу, білімнің маңыздылығы жайлы ойлары



бет25/46
Дата10.05.2023
өлшемі261.73 Kb.
#473498
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46
«ðóõàíè ñàáà?òàñòû? ?ë-ôàðàáèäåí õàê³ì àáàé?à äåé³íã³ » Ï?í³ áî 6

59. Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы оқу, білімнің маңыздылығы жайлы ойлары.
Ыбырай Алтынсарин есімі қазақ балалары үшін мектеп ашқан ұлы ағартушы, орыс әдебиеті классиктерінің балаларға арнап жазған шығармаларын қазақ тіліне аударған аудармашы ретінде ғана емес, қазақ жазба әдебиеті тарихында тұңғыш прозаик ретінде де белгілі.Олай дейтін себебіміз, Ыбырайға дейін шын мәнінде көркем проза қазақ жазба әдебиетінде қалыптаспаған еді. Мазмұны жағынан Ыбырай әңгімелері өз заманының келелі мәселелерін қамтиды. Оның шығармалары жас ұрпақты мейірімділікке, адалдыққа, ізеттілікке, ақылдылық пен білімділікке, т.б. ізгі қасиеттерді үйретуге шақырады. Ыбырай «Қазақ хрестоматиясына» Қара батыр, Байұлы, Жиренше шешен, Тазша бала туралы ертегі,Бай баласы мен жарлы баласы, Таза бұлақ, Әке мен бала т.б. тәлімдік мәні зор әңгімелерін енгізді.Қазақ хрестоматиясына енген Ыбырайдың көркем шығармалары өзінің ағартушылық идеясына бағындырылған. Ол әдебиетті бала санасына әсер ететін, сөйтіп, оны жақсы, өнегелі істерге үйрететін мықты құрал деп атап көрсетті.
Ыбырайдың шығармаларын оқи отырып, ол өз заманының беталысын анық аңғарғанын, халық өмірін жаңа арнаға салуда білім мен тәрбие мәселесі қатар жүру керектігіне назар аударғанын көруге болады.Ыбырай әңгімелерінң негізгі қайнары халық тұрмысынан алынған. Өмірді, адам әрекеттерін ешқашан дағдыдан тыс әсірелеп суреттеп, шындықтан алшақтамаған. Кейіпкерлерді шынайы өмірге тән әректтері арқылы бейнелеуді мақсат тұтты.Оның әңгімелерін тақырып жағынан еңбек пен өнерге баулитын және адамгершілкке тәрбиелейтін шығармалар деп екі топқа бөліп қарастыруға болады.
 Ыбырай шығармаларының басты тақырыбы –еңбек. Ол еңбек адамның өмірі үшін ерекше маңызды рөл атқарады, еңбексіз өнер де, білім де қолға келмейді деп еңбекті бірінші орынға қойып, тәрбие негізі адал еңбекте деп тұжырым жасайды. Оның бұл тақырыпта жазған көптеген әңгімелері бар.Мысалы Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш, Бай баласы мен жарлы баласы, Қыпшақ Сейтқұл, т.б. Жазушының бір топ әңгімелері адамгершілік тәрбие мәселесіне жазылған. Адамзат баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап ата-ананың аялы алақаны мен ыстық ықыласына бөленіп өсетіні белгілі. Ата-ана баласына небір асыл қасиеттерді үйретіп, жақсы азамат болуын тілейді және үміттенеді. Бұл тақырыпта да жазған Ыбырай шығармалары бар. Мысалы Асыл шөп, Бақша ағаштары, Таза бұлақ т.б. Әр әңгімесінде тәрбиенің ізі жатыр. Оны түсініп оқыған адам ғана ұлы ұстаздың шебер тәрбиеші екеніне көзі жетеді.
Әңгіме –оқиғаны баяндауға негізделген қара сөзбен жазылған көркем шығарма. Әңгімеде бас-аяғы жинақы, тиянақты бір оқиға айтылады.
Ыбырай шығармалары қысқа мазмұнды, балалардың түсінуіне жеңіл. Аз сөзге көп мағына сыйғызу, мақал-мәтел мен афоризмдерді орынды қолдану, әр әңгіменің тағылымдық мәніне ерекше көңіл аудару Ыбырай шығармаларының өзіндік ерекшеліктері. Шығармалары мазмұны жағынан да, түрі жағынан да балалар әдебиетіне қойылатын талаптарға сай келеді. Сондықтан да Ыбырай Алтынсаринді балалар әдебиетінің негізін салушы дейміз.Бүгінгі сабағымыздың нысанасы әңгімедегі тәрбие мәселесі. Тәрбие мәселесі бүгінгі өмірде де өз маңызын жойған жоқ, тіпті күн тәртібіндегі өзекті мәселе екенін де білеміз. Ана мейіріне қанып, әке өсиетін тыңдап өскен бала ғана түбінде жылы жүректі азамат болары сөзсіз,олай болса, Ыбырай әңгімелерінде жасынан отбасы тәрбиесін көрген бала үлкен азамат болғанда, өз мәнінде өмір сүруге бейім болады деген нақты тұжырымдар беріледі.
Жастарды өнер-білім, техниканы игеруге үндеу ақынның «Өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңінде өз жалғасын тапқан. Ол өнер-білімі жетілген елдердің артықшылығы қандай, олар сол өнерімен нені игеріп отыр, ертеңгі өмірдің талап-тілектері секілді күрделі мәселелерді жастар алдына көлденең тарту арқылы оларға ой тастап, өнер-білімді батыл игеруге шақырады. Ыбырай шығармаларындағы көрегенділікті осы өлең жолдары арқылы анық тануға болады. Ыбырай шығармалары арқылы өз кезеңінде адам сенгісіз армандай болып жырланған ұғымдар бұл күндері шындыққа айналды, ол адамды құстай ұшырды – ұшақ. Отынсыз тамақ пісірді – газ отыны, сусыздан сусын ішірді – құбырдан алынған су, айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызды – телефон, тастан сарай салғызды – көп қабатты үйлер, теңізде жүзді балықтай – деп, кемелерді атағандай. Өнерге деген оқырман құштарлығын арттыру барысында бұл сөздерді астарлап, метафораларды ұтымды қолдана білуі өнердегі тылсым, құпиялылықты арттыра отырып тыңдаушысын қызықтыра түсетіні анық. Ыбырай шығармалары әлі күнге дейін өз құндылықтарын жоғалтпағаны жазушы туындыларының терең мәнділігінен, оқырманын қарапайымдылығымен қызықтыра білгенінен байқалады. Қазіргі заманның өзінде де жазушы шығармасын оқыған оқырман адамгершілік, еңбек, тәрбие мәселелері төңірегінде жазушы шығармаларын оқи отырып өз ой-пікірін білдіре алады. Себебі, Ыбырайдың әңгіме жазудағы шеберлігі қарапайым ғана ауызекі баяндау стиліне құрылғанымен, адамгершілік қасиеттерін жоғары қойған құнды шығармалар. Ыбырай сондай-ақ Ушинский, Л.Н.Толстой, И.А.Крылов, И.Паульсон шығармаларын қазақ тіліне тәржімалап, қазақ әдебиетінде көркем аударма жанрын қалыптастырды. Қазақстан Үкіметінің 1989 ж. 22 желтоқсандағы қаулысымен Ыбырайдың туғанына 150 жыл толуына орай мерейтойы өткізіліп, ұстаздың мұраларына арналған ғылыми, тарихи, педогогикалық еңбектер жарық көрді. Тобыл бойындағы Ыбырай қыстауы жанында, мүрдесі қойылған жерде, Ыбырайға күмбезді мазар орнатылды. Қазақстанда Ыбырай атында аудан, ауылдар, жоғары оқу орындары бар. Ыбырай есімі берілген аудан, ауылдар, оқу орындары, көшелер, жер атаулары Қазақстанның түкпір-түкпірінде кездеседі. Тіпті, өзіміздің мұғалімдер даярлайтын Рудный гуманитарлық колледжі де Ы.Алтынсарин атымен аталғанын мақтаныш тұтамыз.Ыбырай оқу – ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерін қолдана отырып,білімнің балаларға ана тілінде берілуіне айрықша мән береді. Өз шығармаларында оқушыны Отансүйгіштікке, еңбекке, кісілікке — тәрбиелейтін ғибратты шығармалары ешқашан да өзінің мән – мағынасынжоймақ емес.Тек қана оқу-ағарту жұмыстары емес, Ыбырай сонымен бірге сол кездегі қоғамдық — саяси өмірге сергек араласып, ғылым-білімге, еңбек пен өнерге, дінге, этнографияға қатысты мақалалар жазды. Оның, әсіресе, көркем еңбектері қазақ әдебиетінің қалыптасуына айрықша ықпал етті.Жалпы нақыл сөз дегеніміз – қысқаша мазмұнды, терең ойлар айтылатын ұлағатты сөз. Білуімше, оны жай адамдар айта бермейді. Оны көбіне ұлы тұлғалар, халқына үлгі бола білген ұлағаттылар айтады. Ыбырай да бүкіл қазақ даласына үлгі бола білген адам. Қазақ даласындағы білімнің көзін ашқан адамның айтып кеткен нақыл сөздері өнегелі, тәрбиелік мәні, өмірлік мазмұны бар болса керек. Еңбекке баулитын әңгімелері: «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Сәттемір хан», «Атымтай Жомарт», «Әке мен бала». Адамгершілікке баулитын әңгімелері: «Мейірімді бала», «Аурудан аяған күштірек», «Алтын шекілдеуік», «Әдеп». Тәрбиеге баулитын әңгімелері: «Бақша ағаштары», «Талаптың пайдасы», «Тышқанның өсиеті», «Зеректік».Зерттей келе мен Ыбырайдың айтқан нақыл сөздерін былай топтастырдым: еңбек тақырыбындағы; адамгершілік туралы; оқу-ғылымға шақыру; мұғалімдер туралы.
Ыбырай шығармаларын оқи отырып, қарапайым оқиға құбылыстары арқылы түйінді идея, зор тәрбиелік мән берілген ұлы ағартушы туындыларындағы ерекшелікті байқауға болады. Ол жазушы туындыларының өне бойынан орын алған.Олардың бірнешеуіне тоқталып өтсек: «Атымтай Жомарт» әңгімесінде бай бола тұрып, күн сайын бір мезгіл үстіне ескі-құсқы киім киіп, отын кесіп, шөп тасып еңбек қылған адам әрекетін әңгімелей отырып, оқырман үшін кейіпкер атымен сөйлей отырып төрт түрлі пайдалы кеңес беріп өтеді.
1) Барлыққа жаман үйреніп, кем-кетікке жәрдем беруді ұмытармын деп қорқамын;
2)Бар бола тұрып жұмыс қылсам, кейінгілер маған қарап үлгі алсын дегенім; 3) Еңбекпен табылған дәм тәтті, сіңімді болады екен;
4) дәулетті тиісті орындарына жаратпасам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын дейді. Кейіпкер жауабына саралай келе, еңбек етуге жай ғана еңбектене біл деп емес, «Еңбекпен табылған дәм тәтті» деп бір ауыз сөзбен жеткізуі шығарманын түйінін шешкендей. Еңбек тақырыбы қашанда өзекті, ал Ыбырай кейіпкері тұрғысынан қарастыратын болсақ,адам барлықты міндет қылмай еңбектен қол үзбеуге үндейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет