56. Қазақ ағартушылығының тарихи алғышарттары және заңдылықтары мен негізгі ерекшеліктері.
Қазақ Ағартушылығы – ағартушылықтың тарихи дамуы барысында туындаған ұлттық сипатқа ие тың құбылыс. Ресей мен Батыс Еуропа тарихындағы ағартушылық қозғалыстармен тұспатұс келген Қазақстандағы ағартушылық кезеңі қазақ халқының тарихи және ұлттық дамуына, рухани мәдениетінің қайта түлеуіне ықпал етті. Қазақстандағы ағартушылықтың ерекшелігі Қазақстанның Ресейге қосылуына байланысты туындаған ұлттық мәселелердің ушығуына байланысты болды. Осы кезеңдегі әлеуметтік-саяси құрылымды буржуазиялық жаңғыртуға деген қажеттілік жалпы ағартушылыққа тән құбылыс еді. Қазақ ағартушылары еуропалық, әсіресе, орыс өркениетінің қазақы ортаға енуінің негізін қалады, ал олардың сауатсыздықпен, әділетсіздікпен күресуі жаңа сипат алды. Қазақ ағартушылығының басты ерекшеліктерінің бірі – қазақ ойшылдарының көзқарасындағы әлеуметтік бағыттың, сонымен қатар, адами экзистенция мәселесі мен адам болмысының өмірлік маңызды негізіне деген рухани ізденістің басым болуы. Қазақ ойшылдарының шығармашылығы астарында халықтың көзін ашып сауатсыздықты жою, ағартушылыққа қарай бет бұру идеясы жатыр. Қазақ ағартушылары әлемнің бірегей бейнесін ашып көрсетуге тырысты. Олар адам рухани кемелденбесе, оның кез-келген әрекеті өз мәнін жоғалтатынын айтады. Қазақтың ағартушылық философиясы жалпы ұлттық құндылықтар мен адамгершілік жауапкершілік туралы терең ойларға толы. Қазақ ағартушылары үшін руханият түсінігі – болмыстың терең мәні, адам бойындағы шынайы адамгершілікті анықтау, адамның өмір сүруінің мақсатын пайымдау. Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін) 12 Ағартушылық кезеңіндегі қазақ ойшылдарының болашақ қоғамдық құрылым жайлы мұраттары батыс ағартушылық өкілдерімен айтарлықтай сәйкес келген жоқ. Егер Батыс ағартушылары өз сеніміне қарамастан, өз қоғамының мүддесіне толық жауап бере алатын буржуазиялық құрылысты объективті түрде жүзеге асырса, қазақ ағартушылары толық еркіндік пен әділдікті қамтамасыз ететін, сонымен қатар елдің барлық саяси өміріне араласуға мүмкіндік беретін, қоғамның білімі мен ағартушылығына негізделген демократиялық тәртіпті орнату үшін күресті. Батыс ағартушыларына қарағанда, қазақ ағартушыларының айырмашылығы, олардың қанаушылық феноменін өздері қатаң сынға алуы болып табылады. Осы тұрғыда Қазақстанның ағартушылары әлемдік ағартушылық ойдың дамуына өзіндік қайталанбас үлестерін қосты. Қазақ ағартушыларының дүниетанымдық түсініктерінің рухани мәнін талдай отырып, қазақ даласындағы ойшылдардың философиялық идеялары өз кезеңінің уақыт кеңістігінен асып, бүгінге жеткенін көреміз. Сондықтан, олардың идеясы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жолдауында көрініс тапқан «Мәңгілік Ел» идеологиясы тұрғысында жаңа дүниетанымдық бағдарларын анықтап, рухани даму келешегі үшін ие болған мәнді әрі құнды құбылыс болып табылады. Бүкіл әлемді, соның ішінде Қазақстанды да жаулаған жаһандану дәуірінде ұлттық бірегейлік пен өзіндік бірегейлікті іздеу жағдайында ұлттық тарихты жаңаша қарастырып, қазақ ойшылдарының философиялық шығармаларына бет бұру бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне жауап беріп, келешек бағытты айқындап береді. Өзіңнің философиялық бастауыңа, әсіресе, Қазақ ағартушылығының философиясына деген қызығушылықты жаңғырту мемлекетті құрушы құндылықтар болып саналатын ұлттық сана мен қазақ халқының бірлігін нығайтады. Қазақтың ағартушылық ойларының ырғағы халықтың өмір бастауы, халық тағдыры және олардың жалпыадамзат құндылықтары мен даму үдерісіне қосылуы сияқты негізгі мәселемен анықталады. Қазақ ағартушылары ғұмыр бойы бар күш-жігерін сарып етіп, ақыл-ой мұратының жеңісі мен гуманизмнің алға шығуы үшін күресті. Қазақ ағартушыларының шығармашылық мұрасында гуманистік тұжырымдамалар, адам болмысының мәні I тарау. Ағартушылық философиясын зерттеудің теориялық- 13 әдіснамалық негіздері мен адамның толыққанды өмір сүру құқығын бекітуге қатысты берілген рационалистік бағалаулар кездеседі. Қазақ ағартушыларының мәдениетке деген көзқарастарын тұтас әлеуметтік феномен ретінде талдау барысында мәдениет мәселесі көпжоспарлы мұраның ішкі бірлігін қамтамасыз ететін, біріктіретін толассыз құбылыс екендігі анықталады. Қазақ ағартушылары «мәдениетті» адамның іс-әрекетінің нәтижесі (рухани және материалды, екеуінің де жиынтығы) ретінде түсінді. Олар мәдениеттің гуманистік мәнін адамның шығармашылық күшінің жүзеге асуы ретінде қарастырып, олар жайлы терең ойлар айтты. Қазақтың ағартушылық ойларын зерттеудің тиімді әдіснамасы тарихи және логикалықтың бірлігі болып табылады, оларсыз Қазақ ағартушылығының ерекшелігі мен мәдени аясын ашып көрсету мүмкін емес. Тарихи және логикалық бірлік қағидасының мәні белгілі бір жағдайдың нақты тарихына хронологиялық тұрғыдан сәйкес келетін барлық оқиғаларды тізбектеу емес, тек табиғатынан сол жағдайларға мәні жағынан жақын оқиғаларды жалпылай баяндауында жатыр. Нақтылықтың логикалық тұрғыдан қайта жаңғыруы нақты уақытта зерттеліп жатқан үдеріс кезеңдерінің тарихи сабақтастығын көрсетеді, яғни нақтылық уақыттан тыс дамитын құбылыс ретінде қарастырылады. Біздің көзқарасымыз бойынша, қазақ ағартушылық ойларын мәселелітарихи тұрғыдан талдау керек, яғни қазақ халқының рухани мәдениетінің қалыптасуы, даму жолы барысындағы мәні жоғары, маңызды кезеңдерін анықтау керек. Қазақ ағартушылығын зерттеуде аталған қағиданы қолдану оның қалыптасуындағы негізгі кезеңдерін және логикалық-тарихи жолын көрсетіп беруге көмектеседі. Тарихи және логикалық бірлік қағидасы зерттеліп отырған құбылыстың даму шыңын және сол құбылыстың мәнін анықтап, көрсетуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда қазақ ағартушылық философиясының этикалық-аксиологиялық мазмұнын өзектілендіру қажет, бұл заманауи және тәуелсіз Қазақстан үшін мәдени мұра ғана емес, сонымен қатар құндылықтық ұстанымдардың сабақтастығын жүзеге асыру тұрғысынан да қажет. Біз қазақ ағартушыларының шығармасына герменевтикалық талдау жасап, қазақтардың дүниетанымдық бағдары мен рухани ұмтылысын анықтауға мүмкіндік беретін олардың мұрасының философиялық мәнін және этика-аксиологиялық құраушыларын айқындауымыз керек. Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін) 14 Қазақ ағартушылығы көбіне Қазақстанда орын алған әлеуметтік және рухани үдерістермен байланысты, сонымен қатар мұнда дәуірдің терең идеялық тамыры мен бастауы жатыр. Адамның жаңару жолындағы ізденісі, ізгілік бастаулары, адами кемелденуі, оның жасампаздық мүмкіндігі мен күші ағартушылық дәуірдегі қазақ философиясының гуманистік ұраны мен жоғары құндылығына айналды. Қазақ ағартушыларының адамгершілік даму жолындағы талаптары әр адамға бағытталған және әлі күнге дейін өзектілігін сақтап қалды. Қазақ ағартушыларының шығармашылық мұрасын талдау нәтижесі көрсеткендей, ойшылдардың көтерген мәселесі терең, ал айтылған ойлары бүгінгі күні де жоғары бағаланып отыр. Олардың көп жылдар бұрын күрескен мәселесі өз уақыттарынан озып, қазіргі таңда да шешілу жолында. Қазақ ағартушылығының өкілдері өздерінің шығармаларында адамзат өмірін философиялық мәселе ретінде көтерді. Ортағасырлық дүниетаныммен жүргізілген күрес кезеңіндегі еуропалық ағартушылықтың рөлі сияқты, қазақ ағартушылығының да рөлі жоғары болды. Қазақ ағартушылық ойлары дәстүрлі қоғамдағы адамның рөлі әспеттеп, қазақтардың дәстүрлі өмір сүру салтына қатысты ескілікті, қатып-семген көзқарасты әшкереледі және білімді, белсенді жаңа адамның бейнесін насихаттады. Қазақ ағартушылығы жаңа экономикалық және саяси жағдайлар аясында адам мен қоғамның дамуына кедергі келтіретін әлем мен адамға деген ескі, кертартпа көзқарастарға қарсы күресті. Қазақ ағартушылығы өкілдерінің ой-толғаулары әрқашан еркіндік, адам өміріндегі ағартушылықтың рөлі, адамгершілік мәселесі болды. Еуропаның ағартушы философтары сияқты қазақ ойшылдары да адам, оның қоғамдағы рөлі, адами құндылықтар және адамгершіліктік таңдау жайлы жаңа ойлардың қажеттілігін алға тартты. Қазақ ағартушыларының шығармашылығындағы адам тұжырымдамасы, тұлғаның мақсаты мен мұраты жайлы түсініктері сол кезеңдегі қазақ қоғамының әлеуметтік талаптарын көрсетіп берді. Қазақ ағартушылығының өкілдері үшін білім – белгілі бір материялдық жетістікке қол жеткізетін құрал ғана емес, ол адамның рухани дамуының түпкі мақсаты және негізгі іргетасы. Қазақ ойшылдарының ойынша, білім адамның жанын нұрландырып, рухани мәдениетін көтереді. «Білім – күш», I тарау. Ағартушылық философиясын зерттеудің теориялық- 15 әдіснамалық негіздері «Білім – билік», мұндағы билік сөзінің астарында адамның адамгершілік жолымен өзін өзгертіп, өзін-өзі билеуі жатыр, қазақ ағартушылық философиясының өкілдері міне осыған талпынған болатын. Қазақ ағартушыларының түсінігінше, адамгершілік, білім, таза еңбек қашанда байлық пен биліктен жоғары тұрады, билік пен байлықтың ауқымы тар, уақытша, еңбек, махаббат, қайырымдылық адамды биікке көтеретін мәңгілік құндылықтар. Қазақ ағартушыларының идеялары сол заманмен ғана қалып қойған жоқ, ол идеялар қазіргі күнде де өте өзекті және бүгінгі таңда әлем философиясында қалыптасқан тәсілдермен үйлесімді әрекеттесіп отыр. Қазақ ағартушылық ойлары әлемде орын алып жатқан құбылыстарға бей-жай қараған жоқ, этикалық және эстетикалық мәселелерді терең пайымдай білді. Бүгінгі күні қазақ ағартушыларының шығармашылығын пайымдау – күрделі мәселе, себебі отандық тарихи-философиялық дискурстағы таптаурындар қазіргі заманның герменевтикасына әлі де әсер етіп отыр. Заманауи білім реформасының аясындағы олардың шығармашылық мұрасының маңызы орасан зор. Біріншіден, қазақ ағартушыларының білім философиясының мазмұны ұлттық бірегейлік пен білім дискурсының теориясы мен тәжірибесінде ұлттық және ортақ мүддені қалай үйлестіру мәселесін қозғағандықтан Ағартушылықтың ұлттық тұжырымдамасы болды. Қазақ ағартушылары өмір сүрген замандағы жалпылама білім дискурсында ұлттық дәстүрді сақтап қалу мүмкін бе еді? Олар теңестірілген білім тұжырымдамасын жүзеге асыруға ұмтылды. Мұндай ұлттық-дәстүрлі контент арқылы білім үдерісі адамгершілікке толы болып, адам білімді адами қасиеттерді қалыптастырып, жүзеге асыру жолы ретінде қарастырады. Екіншіден, олардың тұжырымдамасы бойынша, білім мен тәрбиені де қатар алып жүру керектігі алға тартылатындықтан, заманға сай болып табылады. Біздің заманымыздың соңғы он жылы ішінде жүзеге асып жатқан білім үдерісі өзінің маңызды құраушы бөлігі болып табылатын тәрбиені назардан тыс қалдырып барады. Қазіргі жоғарғы оқу орындарында тәрбие үдерісі өзінөзі тәрбиелеу үдерісіне алмасты, бұл дұрыс емес, себебі тұлға мен тұлға арасындағы қарым-қатынас ретінде, оқытушы мен студенттің арасындағы терең қатынас өз мәнін жояды.
Достарыңызбен бөлісу: |