Руководителю соц



бет11/27
Дата25.02.2022
өлшемі1.56 Mb.
#455770
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
каз-МодульМПС-27.06.10. (1)

Тәжірибелік жұмыс
1 тапсырма. Бүйрек шумақтарының сүзгіш мембранасының иммундық зақымдануының патогенездік сызбанұсқасын құрастыру. Антиген сипатын, антиген-антидене кешенінің орнығуын, негізгі дәнекерлер, сүзгі мембрананың зақымдану тетіктері

  1. Иммундық кешендік зақымдану тетігі

  2. Цитотоксиндік зақымдану тетігі

  3. Жасуша қатысуымен жүретін зақымдану тетігі

2 тапсырма Ситациялық есептерді шешу
1 есеп
Науқас Н- ға 2 жыл бұрын «жедел диффузды гломерулонефрит» аңғарымы қойылды. Қазіргі уақытта әлсіздік, бас ауыру, бас айналу, айқын емес ісінулерге шағымданады.
Зәр талданымының қорытындысы:
Тығыздығы - 1008, нәруыз - 0,2%, көру аймағында аздаған эритроциттер, аз мөлшерде гиалинді цилиндрлер. Тәуліктік диурез – 3100 мл.
Қан талданымы:
Қалдық азот - 90 ммоль/л, жалпы нәруыз - 59 г/л (қалыптыда 65-85г/л), эндогенді креатининнің клиренсі – 40 мл/мин (90-170 мл/мин)
АҚ – 180/100 мм с.б.б.

  1. Осы жағдайда полиурияның болуы 2 жыл бұрын қойылған «Жіті гломерулонефрит» аңғарымына қайшы келмей ме?

  2. Қазіргі жағдайда полиурия мен гипостенурияның даму тетігі қандай?

  3. Науқаста полиурияның дамуының маңызы қандай?
№ 2 есеп
К. есімді науқас, жасы 22-де баспаның ауыр түрімен ауырып, 2 апта өткен соң бел аймағында ауыру сезімі, ентігу, жүректің жиі соғуы, бас ауыруы пайда болды. 4 күн ішінде 5 кг салмақ қосты. Қарап тексергенде: бет әлпеті бозғылт; қабақтары ісіңкі және қатпарланған, көз шелі тарылған, тізе және табандары ісінген, жүрек шекаралары кеңейген, АҚ 140/95 мм с.б.б., диурез бірден азайған, зәрде көп мөлшерде эритроциттер, лейкоциттер, түйіршікті цилиндрлер, нәруыз көптеп кездеседі. Қанда антистрептолизин О және антигиалуронидаза титрі жоғарылаған.
1. Бұл науқаста қандай ауру туралы ойлауға болады?
2. Бүйрек қызметі бұзылуының тетігі және себептері қандай? Ойлаған тұжырымыңызды дәлелдеңіз.
3. Науқаста болған өзгерістер мен симптомдардың әрқайсысының тетігі қандай? Гипергидратацияны не дамытты: бүйректің шығару қызметінің төмендеуі ме, әлде/немесе организмде сұйықтардың бүйректен тыс жиналуы ма? Жауапты негіздеңіз.

3 есеп


Созылмалы гломерулонефритпен ауыратын 40 жастағы науқастың рентген суретінде көлемді остеопороз анықталды. Көріністе сүйектің деминерализациясы рахитті айқындайды. Науқасқа Д витаминін тағайындау жақсы нәтиже бермеді.
1. Сүйек тініндегі байқалған өзгерістердің даму тетігі қандай?
2. Д витаминіне төзімділікті түсіндіріңіз.
БАҚЫЛАУ (сынамалық тапсырмалар)
Сынамалық тапсырмалардың нұсқасы патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П. Н.Н.Рыспекова.– Алматы, 2007.- Б 400-414 негізінде құрастырылған.

3. тақырып «Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігінің патофизиологиясы. Балаларда бүйрек жеткіліксіздігінің даму ерекшеліктері




Сабақтың мақсаты:

  1. Бүйректің жедел және созылмалы жеткіліксіздігінің этиологиясы мен патогенезі бойынша білімін жетілдіру.



Оқыту міндеттері:
Тақырыпты меңгерген студент орындай алады:

  • БСЖ этиологиясы мен даму тетіктерін сипаттауды

  • Уремиялық синдромның патогенезін түсіндіруді

  • Балаларда бүйрек жеткіліксіздігінің даму ерекшеліктерін негіздеуді

  • Ситуациялық есептерді қорытындылауды

  • БСЖ кезіндегі қан мен зәр талданымының өзгерістерін талдауды



Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі, пайда болу себептері

  2. Бүйрек қызметінің бұзылуы дәрежесі мен диурез өзгерістері бойынша БСЖ -нің сатылары, патогенезі.

  3. Уремия, анықтамасы, организмдегі өзгерістердің патогенезі.

  4. Балаларда бүйрек жеткіліксіздігінің даму ерекшеліктері.



Оқыту мен сабақ беру әдісі: сынамалау, ауызша жауап, шағын топпен жұмыс жасау: ситуациялық есептерді шешу, кестелерді толтыру, тәжірибелерді орындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет