Берілген пневмограммадағы натрий нитритімен уландырған бақаның тыныс алу ерекшелігінің өзгерістерін талдау.
|
Патологиялық тыныстың түрі мен дамуының мүмкіндік механизмдерін көрсете отырып, тұжырым жасаңыз.
№ 5 тапсырма. Есепті шешіңіз
№ 1 есеп
Науқас Ж., 21 жаста, суицид жағдайында барбитураттың көп мөлшерін қабылдап, жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілді. Қабылдау бөлімінде АҚҚ 95/65 мм.с.б.б., тамыр соғысы минутына 105 рет. Артериялық қанның газдық құрамы анықталды. Науқаста қандай қорытынды күтілетіндігін таңдаңыз.
рО2 45 мм.с.б.б., рСО2 45 мм с.б.б., рН 7,45
рО2 55 мм с.б.б., рСО2 70 мм с.б.б., рН 7,5
рО2 65 мм с.б.б., рСО2 35 мм с.б.б., рН 7,45
рО2 75 мм с.б.б., рСО2 60 мм с.б.б., рН 7,3
рО2 98 мм с.б.б., рСО2 60 мм с.б.б., рН 7,2
№ 2 есеп
Науқас,П., 33 жаста, шахтада күкіртті газбен қайта уланғаннан соң өкпе эмфиземасының клиникалық көріністері анықталды, соның бірі бірден айқындалған ентігу. Артериялық қанның газдық көрсеткіші : рО2 – 86 мм с.б.б., рСО2 – 48 мм с.б.б., қанның оттегіге сыйымдылығы 19,6 көл%
Спирометрияның көрсеткіші: ӨЖС-жоғары, ӨТС-төмен, РКда, РКдш төмен, ӨҚК жоғары, Тиффно индексі төмен.
Науқаста өкпе тінінің серпімділігі мен кеңеюінің бұзылыстары бар ма?
Тиффно индексінің төмендеуі нені көрсетеді?
Қандай қарапайым қызметтік сынама арқасында науқас өкпесінің диффузиялық қабілетінің жағдайын бағалауға бола ма?
Осы науқастың өкпесінің газ алмасу қызметі бұзылыстарының мүмкіндік тетіктеріне және жағдайына қорытынды жасаңыз.
№ 3 есеп
Науқаста түн мезгілінде ұстамалы тұншығулар; өкпесінде көптеген құрғақ және ылғалды сырылдар бар; АҚ 130/90 мм с.б.б.; ЖСЖ 95/мин; ҚМК 6 л; артериалық қандағы НвО2 75%, веналық қанда – 40%; қанның рН 7,33, рСО2 52 мм с.б.. Қанда эритроциттер 6х1012/л, Нв- 175г/л ретиклоциттер 4%, лейкоциттер - 12х 109/л, базофилдер -0, эозинофилдер – 18%, таяқша-ядролылар -2%, бөлшектенген ядролылар – 45%, лимфоциттер – 32%, моноциттер – 3%.
Спирограмма: тыныс жиілігі – минутына 22 рет, ТК – 300 мл, РКда -2300 мм,, РКдш -400 мм, Тиффно индексі – 40%. Пневмотахограмма: Ппик – 4,5 л/с, П75 – 3,3 л/с, П50 – 1,8 л/с, П25 – 1,0 л/с.
Есеп бойынша қорытынды жасаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |