«Сыртқы тыныс жеткіліксіздігі (ТЖ) – деп белгілі бір жүктемелерден кейін немесе тыныштық жағдайдың өзінде артериалық қанның қалыпты газдық құрамын сақтап тұра алмайтын өкпе мен тыныс алу жолдарының жағдайын айтады». Н.Н.Зайко.
Орналасуы бойынша
Тыныс жолдарының дерттері кезіндегі ТЖ
Өкпе зақымдануы кезіндегі – ұлпалық ТЖ
Кеуделік (кеуде сарайының зақымдануы кезінде) ТЖ
Жүйкелік-бұлшықеттік ТЖ
Орталықтық ТЖ
Патогенезі бойынша
Өкпе ұяшықтары желдетілуінің бұзылыстарынан дамитын ТЖ
Өкпе ұяшықтары мен қылтамырлардың қабырғалары арқылы газдардың диффузиясы бұзылыстарынан дамитын ТЖ
Өкпеде қан айналымының (перфузиясы) бұзылыстарынан дамитын ТЖ
Ағымы бойынша
Жіті (бірнеше минут, сағат ішінде) ТЖ
Тыныс алу жолдарына бөгде зат түскенде
ларингоспазм
өкпе артериясының тромбэмболиясы
асфиксия
Жітілеу (бір тәулік ішінде) ТЖ
жіті пневмония
гемоторакс, пневмоторакс
өкпе ісінуі
сүлде (бірнеше айлар және жылдар ішінде) ТЖ
Сыртқы тыныстың созылмалы жеткіліксіздігінің сатылары:
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің теңгерілген сатысында өкпе желдетілуі бұзылуының белгілері болғанымен, қанда оттегінің қалыпты деңгейі ұсталынып тұрады.
Шала теңгерілген (субкомпенсациялық жеткіліксіздік) сатысында өкпе вентиляциясы қалыпты деңгейде немесе төмендеген, өкпеде газдардың диффузиясы мен перфузиясы бұзылады. Қанда оксигемоглобиннің деңгейі 93%-дан аз (НВО2 < 93%).
Теңгерілмеген сатысында ауыр гипоксемия (НВО2<75 %) және гиперкапния дамиды.
Т Ж түрлері
Гипоксемиялық түрі ТЖ Гиперкапниялық-
(1-түрі) немесе гипоксемиялық түрі
Ұлпалық ТЖ (II түрі) немесе
(артериялық гипоксемия вентиляциялық ТЖ
рО2<60 мм с.б.)
себептері: себептері:
өкпе ұлпасының және ұсақ ұяшықтық гиповентиляция
тыныс жолдарының → СО2 шығарылуының
ауыр аурулары бұзылуы және гиперкапния (рСО2>45 мм с.б.),
даму тетіктері: газдық ацидоз, гипоксемия және
Дем алатын ауада рО2↓; газдық емес ацидоз.
Ұяшық-қылтамыр мембранасы арқылы
газдар диффузиясының бұзылуы ;
вентиляциялық - перфузиялық
арақатынастың бұзылуы;
веналық қанның жүректің сол
бөлігіне тікелей түсуі немесе
қосылуы
Балаларда сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің ерекшеліктері олардың өкпе мен тыныс алу жолдарының ерекшеліктерімен анықталады:
Мұрын тыныс жолдары жіңішке және иректелген.
Өкпе ұяшықтары тінінің серпімділігі мен өкпе межеқуаты төмен. Бұл өкпе тінінің төзімділігінің төмендеуін көрсетеді.
Тыныс алу орталығының рефлекстік қозымдылығы төмен, жөтел рефлексінің әлсіз көрінуі.
Өкпенің қанмен жақсы қамтамасыз етілуі.
Көрсетілген ерекшеліктар эмфизема дамуына септеседі. Қатты айқайлағанның өзінде өкпе ұяшықтары жыртылуы мүмкін. Пневмония жиі пайда болады және өтуі жайылмалы сипат алады. Перинатальды дерттер, аспирациялық синдром, иммундық – тапшылықтық жағдайлар, өкпе мен жүректің даму ақаулары пневмония дамуына септігін тигізеді. Жаңа туылған бала жөтелу рефлексінің әлсіздігіне байланысты тыныс жолдарынан бөліністерді, шырыш, қақырықты шығара алмайды. Бронх тармақтарының дренаждық қызметі бұзылуынан, жұқпаның жайылуына қолайлы жағдай туады.
Жаңатуылғандардың өмірінің алғашқы 2 тәулігінде организмнің аса маңызды қызметтерінің тежелуі әсерінен тыныс жеткіліксіздігі күшеюімен көрінетін ерекше жағдай тыныс алу бұзылыстары синдромы (ТБС) деп аталады. ТБС дамуында пневмопатиялар, туа пайда болған пневмониялар, туылу кезіндегі ОЖЖ жарақаты, жүрек пен өкпенің даму ақауларының маңызы зор.
Пневмопатиялар – жаңатуылғандардың сыртқы орта (ұрықтық дамудан тыс) жағдайына алғашқы бейімделуі бұзылуынан дамитын өкпедегі жұқпалы емес дерттік үрдіс. Оларға өкпенің алғашқы ателектазы, гиалиндік мембраналық ауру, ісінулік-геморрагиялық синдром, өкпеге жайылмалы қанқұйылу, өкпе аспирациясы синдромы.
4. Көрсетілетін материал: тақырыптың мультимедиялық қойылымы
5. Әдебиет
Негізгі
Патофизиология: Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы: Оқулық: Алматы, «Эверо» баспасы-2007 ж. 484-495-беттер.
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С. 389-390
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 458-468
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2 т., 2009.- С. 270-284
Патофизиология. Основные понятия: Учебное пособие под/ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008, С. 126-128
Қосымша
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 169-178.
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 427-457
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.-С.503-513
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 215-238.
В.Ю. Шанин. Патофизиология критических состояний.- СПб: ЭЛБИ-СПб, 2003.- С.77-135.
6. Бақылау сұрақтары
1. тыныс жеткіліксіздігінің патогенезі бойынша түрлері
2. тыныс жеткіліксіздігінің қанның газдық құрамы өзгеруі бойынша түрлері
3. тыныс жеткіліксіздігінің I түрінің себептерін атаңыз
4. тыныс жеткіліксіздігінің IІ түрінің себептерін атаңыз
60>75>
Достарыңызбен бөлісу: |