Руководителю соц



бет8/19
Дата04.10.2022
өлшемі0.73 Mb.
#461918
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
МодульДыхС.каз-26.06.10

Тәжірибелік жұмыстар

1 тапсырма

Ситуациялық есептерді шешу

1 есеп
Науқас 26 жаста, күлу кезінде жаңғақ тыныс жолдарына түсіп кеткендіктен, ауруханаға жеткізілді. Жаңғақтың оң бронх қуысын жауып қалғаны анықталды. Бронхтың жаңғақпен бітелген жерінен төменгі бөлігінде қан көрсеткіштері қалай өзгереді? Дұрыс жауапты таңдаңыз.

  1. Еріген оттегінің мөлшері қалыптыдан жоғары

  2. Оксигемоглобиннің диссоциация сызығы солға ығысқан

  3. рСО2 қалыптыдан төмен

  4. рН қалыптыдан төмен

  5. рО2 артериялық қандағы рО2-ге тең

2 есеп


Науқас Н., 55 жаста, аяғының терең көктамырының тромбозы өкпе артериясының бұтағында тромбоэмболия дамытты. Сол өкпе артериясының бұтағы толық жабылған.
Өкпенің осы бөліктерінде газдық құрам қалай өзгереді?

  1. рО2 артериялық қандағы рО2-ге тең

  2. рО2 атмосфералық ауадағы рО2-ге тең

  3. рО2 демді ішке тартудан кейінгі ауадағы рО2-ге тең

  4. рО2 веналық қандағы рО2-ге тең

  5. рО2 веналық қандағы рО2-ден төмен

3 есеп


Науқас Р., 60 жаста, өкпе обырына байланысты бір өкпесін алып тастаған. Тыныштық жағдайда өкпе артериясында қысым қалыпты, ал күш түскенде өкпелік гипертензия дамиды. Мұны қалай түсіндіруге болады?

  1. Жүктеме кезінде ауа жолдарының кедергісі жоғарылайды

  2. Жүктеме кезінде өкпенің керіліп созылуы қанайналымды азайтады

  3. Жүктеме кезінде өкпе тамырлары тарылады

  4. Физикалық жүктеме кезінде теңгерілудің жеткіліксіздігіне байланысты өкпенің қанға толуы ұлғаяды

4 есеп
Науқас С., 24 жаста, ауруханаға физикалық жүктеме кезінде пайда болған ентігу және қатты жүрек қағуына, жүрек аймағындағы сыздап ауыру сезіміне шағымданып түсті. Өте қатты ентігу кезінде аз мөлшерде қан аралас шырышты қақырық бөлінеді. Науқастың шағымдарына негізделе отырып және тексеру барысында қос жарғақты тесіктің стенозы әсерінен өкпе қанайналымы бұзылған деген болжам жасалды. Сыртқы тыныс жүйесін тексеру нәтижесі:
Тыныс алу жиілігі – минутына 20 рет, ӨТС – қалыптағының 81%, ТӨС – қалыптағының 76%, ТМҚ –қалыптағының 133%, Тиффно индексі – 80%

  1. Осы науқастағы өкпе перфузиясы бұзылысының патогенезі қандай?

  2. ӨТС және ӨЖС төмендеуінің мүмкін болатын тетіктерін түсіндіріңіз

  3. Бронхообструкциялық синдром жайында ойлауға бола ма?

5 есеп
А) Берілген суреттегі A, B, C нұсқалары мен вентиляциялық-перфузиялық коэффициенттерінің (АВ/ҚМК) арасындағы сәйкестікті тап.

  1. АВ/ ҚМК = 1,0

  2. АВ/ ҚМК < 1,0

  3. АВ/ ҚМК > 1,0





В) Организмде вентиляциялық-перфузиялық коэффициенті төмендегенде (АВ/МОК) («көгілдір ісінушілер») және вентиляциялық-перфузиялық коэффициенті жоғарылағанда (АВ/МОК) («қызғылт ырсылдауықтар») қандай өзгерістер болуы мүмкін




ӘДЕБИЕТТЕР:


Негізгі

  1. Патофизиология: Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы: Оқулық: Алматы, «Эверо» баспасы-2007 ж. 484-495-беттер.

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С. 386 -388

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 454-457.

  4. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2т., 2009.-С 257 -260

  5. Патофизиология. Основные понятия: Учебное пособие под/ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008, С. 135 - 139

Қосымша

  1. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 169-178.

  2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.- С. 513 - 516

  3. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 229-236.

  4. В.Ю. Шанин. Патофизиология критических состояний.- СПб: ЭЛБИ-СПб, 2003.- С.77-135.

Бақылау (сынамалық тапсырмалар)
Сынамалық тапсырмалардың нұсқасы патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б 349-365 негізінде құрастырылған.
3 тақырып. Тыныс алу реттелуінің орталық тетіктерінің бұзылысы. Ентігу. Балалардағы тыныс алу бұзылыстарының ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты:

  1. Сыртқы тыныс алу реттелуі бұзылыстарының этиологиясын, патогенезін қалыптастыру



Оқыту міндеттері:
Берілген тақырыпты меңгерген студент орындай алады:

  • Сыртқы тыныс алу реттелуі бұзылыстарының патогенезін түсіндіре білуді

  • Ентігу түрін ажырату және олардың патогенезін түсіндіре білуді

  • Балалардағы тыныс алу бұзылыстарының патогенезінің ерекшеліктерін түсіндіре алуды

  • Пневмограммаларды сараптауды

  • Ситуациялық есептерге қорытынды жасауды



Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Сыртқы тыныс алудың орталық реттелуінің бұзылыстары (тыныс алу орталығының тежелуі). Пиквик синдромы, түнгі ұйқының бұзылу синдромы.

  2. Тыныс алу орталығы қызметінің мыйға бағытталған реттелуінің бұзылысы: мыйға бағытталған қозудың жеткіліксіздігі, мыйға бағытталған қозудың молдығы, мыйға бағытталған тежелудің молдығы. Тыныс алудың реттелуінің шеткері бағытталған жүйкелік бұзылысы («Ундина қарғысы» синдромы, «көлік тәрізді» тыныс).

  3. Тыныс алу тереңдігінің, жиілігінің және ырғағының бұзылысы. Гиперпноэ, брадипноэ, тахипноэ, апноэ, туралы түсінік, даму тетіктері. Үзілісті тыныс алу, түсініктеме, түрлері, даму тетіктері. Ақтық тыныстың түрлері.

  4. Ентігу, анықтамасы, даму тетіктері. Ентігу түрлері, патогенезі.

  5. Асфиксия, түсініктемесі, себептері, кезеңдері, сипаттамасы.

  6. Респираторлық дизстресс-синдромы, этиологиясы және патогенезі.

  7. Жаңа туған нәрестелердегі тыныс алу бұзылыстары синдромы туралы түсініктеме. Пневмопатиялар (біріншілік ателектаздар, гиалинді мембрана ауруы, ісінулік-геморрагиялық синдром, аспирациялық синдром)

Оқыту және сабақ беру әдісі:
Ауызша сұрау, сынамалау, шағын топтарда жұмыс жасау: тапсырманы орындау, пневмограммалармен жұмыс, ситуациялық есептерді шешу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет